Педагогтар ұжым туралы



бет1/3
Дата07.01.2022
өлшемі476,15 Kb.
#19812
  1   2   3
Байланысты:
57-70 тарбие




  1. педагогтар ұжым туралы

Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.

Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ деген.

Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер жарияланды.

Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.

Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.

Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқуіпылар ұжымымен өзара тығыз өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.

Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.

Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды.

Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.

Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, квңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен.тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.

Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы — жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухомлинский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтама-сыз ететіндігін көрсетеді.

Бұл проблема соңғы кезде өкесіз отбасылар көбеюіне байланысты маңызды бола түсуде. Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігіт оке, ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтаи тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.

Педагогикалық ұжымның ұйымдық құрылымы. Ұжым психологиясы жөніндегі зерттеулер /А. И. Донцов, А. Н. Лутошкин, А. В. Петровский, А. Л. Свентицкий және т.б./ ұжымның құрылымы туралы тиянақты мағлүмат береді. Соның ішінде ұжымға әлеуметтік-психологиялық талдау жасағанда, оның ұйымдық құрылымы ресми және бейресми болып бөлшетгіндігін аңғарамыз. Бұл жағдайда құрылым ретінде ұжым мүшелерінің салыстырмалы түрде біршама тұрақты өзара қатынасын атауға болады.


  1. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.

Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Бұл жерде қозғалыстың себебін, дамудық мүмкіндігінің сырын ашып алған жөн. Мұндай психологиялық күш -болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өмірге үміт артуы, адам мен ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі.

Болашақ үміт дүниесінде адам қажеттілігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады.

Белгіленген болашаң үміт дүниесі жүйелерін жүзеге асыруда сынып жетекшісінің ұйымдастыру жұмысы қажет. Міндеттері: оның болашақ үміт дүниесін тауып қоя білуі, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру іскерлігі, балаларды еліктіру, ңиялын ояту, өз ынтасына оқушыларды сендіруі, болашаң үміт дүниесін айңын, бейнелі, әсем суреттей білуі, балалармен бірге олардың өмірін қуанышты және қызықты еткісі келетініне сендіруі, орынды талап қою, балалардың мүмкіндігіне сай жұмыстар беру, оның ұжымға және жеке тұлғаға қажеттілігін дәлелдеуі.

Бірыңғай педагогикалық талаппен қатар, балалардың тәрбие ұжымының жетекші буынға айналуы оқушылардың өзін-өзі басқару ісіне қатынасуына байланысты. Ұжым өкілдері бүкіл мектептің өзін-өзі басқару органдарының құрамына енеді. Осылайша өз ұжымының өмірін басқа бастауыш ұжымдардық өмірмен байланыстырады. Бұл байланысты жүзеге асырудың тағы бір жолы – ұжымның өз шамасына сай мектептің ішіндегі еңбек жарыстарына қатысуы. Бұл іс мектеп көлемінде есепке алынады және бағаланады. Өзіне-өзі қызмет істеуге оқушылар шамасына сай қатынасады. Мұны ұйымдастыру барысында балалардың жас ерекшелігін ескеріп, еңбектің көлемі шамадан тыс болмауын қадағалау керек.

Оқушылар іс-әрекеттері туралы біраз пікірлер айтылды.

Іс-әрекеті – бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігінен жұмыс істеуі және даму процесінің көзі, нақты мақсатқа жету. Іс-әрекеттің барысында қарым-қатынас дамиды.

Қарым-қатынас – бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Педагогикалық ұжымның міндеті – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасын оны қуанышты көңіл-күйге бөлейтіндей етіп орнату. Ұжым өмірінде гуманистік қатынас ерекше орын алады. Негізгі белгілері:

• сергектік, ширақтық, белсенділік, қайырымдылық, ұжым мүшелерінің достық бірлігі, бір-біріне ілтипатты болу, өзара жәрдем беру.

• балалар арасында баңталастық, өз қамын көздеушілік, тұйықтык, бөлектенушіліктің болмауы.

• басқа ұжымдарға жолдастық көмек беруге дайын тұру.

Гуманистік қатынас – ұжымдағы балалардың арасындағы байланыстарды дамытудық құралы.

Ужымда балалардың іс-әрекеті және қарым-қатынасы процесіндеі жеке адам аралық қатынас жүйесі, өзара жауапкершілік және тәуелділік қатынасы, гуманистік қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.




  1. Отбасы, мектеп, жұртшылық.

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.

Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы - тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір - жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы - оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі - бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасындағы басты мәселелердің бірі - баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын
талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі - ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі - өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.
Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке  мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері - еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:
•  отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

•  тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы,бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

•  отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы  мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

•  ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

•  қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.
Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.
Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі - тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:
•   отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;
•  баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;
•  отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;
•  ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;
•   ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.
Ата-ана абыройы дегеніміз - бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу - отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.
Мектеп оқу-тәрбие жұмысының мазмұнын жақсартуға қамқорлық жасап, ата-аналарды, жұртшылықты қатыстырады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен отбасы байланысының басты формасы - ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолмен қарастырылады. Сынып ата-аналары жиналысында ата-аналаар комитеті, олардың төрағасы сайланады.
Байланыс нысандарының бірі - педагогтардың оқушылар үйіне баруы.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі - педагогикалық насихат, яғни ата-аналарға педагогикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және қалық бұқара арасында психологиялық және педагогикалық білімді насихаттаудық маңызы өте зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін шешуге әсер етеді. Н.К.Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен қаруландырудық қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және педагогикалық мәдениеке байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-психологиялық "І Іім негіздерімен ата-аналарды қаруландыру мектеп алдында І үрган міндеттердің бірі.
Мектептің ата-аналар комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға комектесіп, балалардың демалысын, қиын отбасыларын қамқор-и.І ққа алып, балалардың тұрған жеріндегі жұмыстарды ұйым-дастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференция-лнрын пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған длйындық жұмыстарына қатысады.
Мектептің, отбасының, бүкіл халықтық және мемлекеттің иггізгі мақсаты - қазіргі заманның талаптарына сай балаларды және жастарды тәрбиелеу, оларды мамандық таңдауға, арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсуге халық шаруашылы-гиның салаларында еңбек етуге даярлау.
Мектептің сенімді одақтасының бірі — отбасы Мектеп - өзгеріп отыратын жағдайлар мен құбылыстарды нжырата білетін, жасампаз шығармашылық тұрғысынан өр қү-Гм.Ілысқа баға бере қарайтын, болашақ мамандық иелерін, қоғам м(чі заман талабына сай талаптарды көре біліп, іс жүзінде асы-рптын жеке тұлға әзірлейтін мемлекеттік мекеме. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда мемлекет атынан Іс-әрекет жасай отырып, Негізгі заңда (Конститутцияда) жазылған білім беру саласындағы қағидаларды, ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып іске асырады. Ынтымақтастықтың бірнеше түрі бар. Ата-аналарды педагогика-психологиялық білім негіздерімен қаруландырып отыру мектептің алдында тұрған басты міндеттерінің бірі. Ата-аналарға педагогикалық білім беру үшін ата-аналар конференциясы, әңгімелер, сұрақ-жауап, консультациялар өткізіледі.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғары түрі - халық университеті. Университет арқылы ата-ана психологиялық-педагогикалық білім алып, тәрбие мен оқыту теориясы және тәжірибе саласында білім жинаңтайды. Бұл сабақтардың тиімділігін арттыру үшін конференциялар, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, кеңестер, экскурсиялар пайдаланылады. Ата-аналар рефераттар жазып өткізеді. Университетте өтетін сабақтар бағдарламалар мен оқу жоспары, сабақ кестесі бойынша белгілі бір жүйемен жүргізіледі. Бүгінгі өзгерістерге байланысты бұлардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасуда.
Нарықтың әкономикаға өтумен байланысты бұл салада ойланып істейтін шаралар көп. Егер қоғамға пайдалы адамдар тәрбиелеп шығару қажет деп тауып, педагогикалық білімнің маңызын көтеру қажет болса, мемлекет оны шешудің экономикалық кілтін табады.
Бала тәрбиесіне байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі ата-аналарға әрбір сынып арқылы жүйеленіп берілуі тиіс.


  1. Мектеп-тәрбие жұмысының орталығы.

Мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің жпотары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөлініп, автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты. Міне, мектептің үлкен тәрбиелік қызметі осында.
Мектеп тәрбиеге байланысты қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру рөлін атқарады, Ол ішкі тәрбие процесін атқарып қана қоймайды, мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп — балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық. Мектепте іс-әрекеттің ең бастысы – тәрбие түрлерінің (дүниетіным, еңбек, мінез-құлық, әстетикалық дене тәрбиесі) мақсаттары мен міндеттері жүзеге асырылады. Мектеп басшылығымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының формалары көп. Олар: ата-аналармен жұмыс: сынып жетекшілерінің және мұғалімдердің отбасымен жұмысы; сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары. Осы жұмыстарға мектеп басшылық жасайды, көмектеседі, тиісті адамдармен, ұйымдармен бірігіп іске асыруды қамтамасыз етеді.
Тәрбие жүйесінде, әсіресе, жеке адамның жоғары моральдық қасиеттерін қалыптастыруда, адамгершілік сезімін, эстетикалық талғамын дамытуда қоғамдық тәрбие институттарының алатын орны ерекше.


  1. Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Баланы дұрыс тәрбиелеу шарттары.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларын игереді. Сондықтан отбасылық өмір – жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы ынтымаңтастыққа негізделеді.

Отбасы тәрбиесі – бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата-аналардың борышы. Үкімет отбасына үнемі қамқорлық жасауда. Қамқорлықтың түрлері: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерьлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми-техникалық және көркем шығармашылық үйірмелерінің жұмысын кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу, отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаториялардың, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, өйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру. Отбасындағы басты мәселелердің бірі – баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру: баланың төртібі, міндеттері, қойылатын

Талаптьар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу-әрекеті, бос уақытын , ұйымдастыру. Бала өмірін және іс-әрекетін ұйымдастыруда негізгі жағдайлардың бірі – ұтымды ырғақ жасау. Күн тәртібі – өмір тәртібі, еңбек пен демалыстың парасаттылықпен, кезектесіп өтуі, талаптардыр орындау, жақсы әдеттерді қалыптастыру.

Балалардың күн тәртібі жұмыс қабілетін толық сақтау үшін еңбек пен демалыстың кезектесіп өтуінің қажет екендігін көрінетін И.П.Павловтың іліміне негізделеді. Күн төртібін баланы жинақылыққа, тілалғыштыңқа, дәлдікке мұқияттылыққа үйретеді, денсаулығын нығайтады, еңбек қабілетін жақсартады. Дұрыс ұйымдастырылған күн ырғағы белгілі дағдыға үйретеді, дағды әдетке айналады. Әдет келешекке бала қажетін қанағаттандырады.Күн тәртібін жасауда ата-ана баланың жасын, үй жағдайын, денсаулығын мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің кеңесін, отбасы мен мектеп ырғағының бірлігін еске алуы тиіс.

Отбасында күн тәртібінің негізгі құрамды бөліктері – еңбек, демалыс, ойын, сабаққа дайындалу, тамақтану, үйқы, т.б. дұрыс алмасып отыруы қажет.

Отбасында балалардың тәрбие процесіне табысты ықпал жасайтын басқа жағдайлар:

• отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық емес отбасы, бір балалы, көп балалы отбасы, бір ұлттық, көп ұлттық отбасы.

• тіршілік әрекетінің жағдайлары: отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік ңүрамы,бюджеті, жалпы материалдық әл-ауқаты, ауылдық және қалалық отбасы.

• отбасының мәдени потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн ырғағы, демалыс, оның формалары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спорт-пен айналысу, отбасылық дәстүрлік мерекелер.

• ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы.

• қоғамға көзқарасы: еңбек пен қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.

• отбасының тәрбиелік мүмкіндігі: отбасылық тәрбие, әдістер, ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі. Отбасының осы ерекше белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларды тәрбие барысында ескеру қажет.

Отбасының өзіне тән ерекше қызметтері бар. Олар халықтың өсуі, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыру, қажеттілік, шаруашылық қызметі, отбасы мүшелерінің өзара және туған-туысқандарымен қатынас жасау қызметі.

Отбасындағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке үшырауының басты себебі – тәрбиені жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарастарының жеткіліксіздігі, адамның көңіл-күйі мен материалдық, өлеуметтік жағдайының нашарлығы. Отбасылық тәрбие тиімсіздігінің себептері:

• отбасындағы өктемдіктің баланы өзін-өзі басқарудан, билеуден айырып, өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігерінің төмендеуі, сезімінің мұқалуы;

• баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді;

• отбасында бірыңғай талаптың болмауы, ересектер арасындағы алауыздықты пайдаланып, баланың екі жүзді және жағымсыз нерсеге бейім болып өсуі;

• ата-ананың баланы ұжымнан аулақтатып өсіруге тырысып, баланың қалыптасуына кері әсер етуі;

• ата-ананың баласының іс-әрекетіне немқұрайды қарап, жауапсыздық танытып, баланың, кездейсоң, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алуы.

Ата-ана абыройы дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиеті, күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білу – отбасы тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.




  1. Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету

Тбасылық тәрбие жауапкершілігінің деңгейі жайында жаңашыл педагог А.С.Макаренко былай деп жазған: «Балаларды тәрбиелей отырып, қазіргі ата-аналар елдің келешек тарихын, демек – әлем тарихын тәрбиелейді».

Ата-аналар жауапкершілігі туралы мәселе көкейкесті болғандығы соншалық, ол халықаралық деңгейге көтеріліп отыр, ол туралы 1989 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылданған бала құқығы туралы Конвенция дәлелдейді.

Жақсы ата-аналар отбасылық тәрбие міндеттерін орындаудағы өздерінің жауапкершіліктерін сезінуі керек. Олардың ең бастысы:


  • Баланың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету: оның дене дамуы, зияткерлік, рухани – адамгершілік және жалпы мәдениеттік дамуына қамқорлық жасау;

  • Оның талабын, мүддесін және икемділігін дамыту;

  • Оқу үрдісі кезінде көмек көрсету;

  • Әлеуметтенуіне көмектесу – қоғамда өмір сүріп, еңбектенуіне;

  • Еңбек тәрбиесі;

  • Мамандық таңдауға көмектесу,

  • Бала тұлғасында шығармашылық потенциалды дамыту;

  • Айналасындағы адамдармен адамгершіліктік, эмоционалдық, толеранттық қарым-қатынасын орнықтыру және қолдау көрсету;

  • Жыныстық тәрбие; болашақ отбасылық өмірге дайындық;

  • Жауапкершілікті қалыптастыру, елжандылық пен ауызбіршілік құндылықтарына, отан үшін белсенді жұмысқа дайындығына бағыттау;

  • Өзін-өзі тәрбиелеу мен есейген кезінде өзін-өзі дамытуға дайындығы.

Барлық отбасылық ішкі қарым-қатынас кешені баланың жеке менін қалыптастыруға, оның денелік, рухани, әлеуметтік, психикалық және зияткерлік қасиеттерінің толыққанды дамуы үшін жақсы жағдай құруға ықпал ететіндей болуы керек. Бұл жағдайда әрбір жақсы ата-ана отбасылық тәрбиенің басты тәрбиелеуші факторлары ретінде ата-аналардың өздерінің тұлғалары, олардың өмір сүру ықпалы, еңбекке көзқарасы, олардың өмірлік басымдықтары мен құндылықтарының жүйесі, жауапкершілік, бірізділік, мақсатқа жетудегі тұрақтылық, бір-біріне, басқа ұлтқа, дінге деген сыйластығы саналатынын есте сақтау керек.

Отбасылық тәрбие проблемалары барлығымызға келешекте өмір сүретін қоғамның глобальды мәселелері болуы да мүмкін: ата-аналардың педагогикалық біліксіздігі, отбасындағы психологиялық бейжайлық пен тұрақсыз ахуал азаматтарымыздың жаңа ұрпағының бойында еліміздің өміріне теріс әсер беретін барабар емес, деструктивті өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мүмкін.

Ата-аналарға өздерінің ата-аналық қызметін орындауда көмек көрсету халықаралық терминмен «ата-ананы тәрбиелеу» деп аталады. Көмек әр түрлі үлгіде болуы мүмкін, бірақ ең бастысы, баланың қалыптасуы мен дамуына отбасының ықпалы мәселесі бойынша ата-аналарға қажетті білім беру.

Ата-аналарды тәрбиелеудің стратегиялық міндеті – әрқайсысына сауатты, өзінің құндылық бағыттарын, ұстанымдары мен күтулерін, өзінің ата-аналық сезімдерін және мақсаттарын сезінетін және балаға үйлесімді тұлға ретінде дамуына кері әсер тигізетіндерін түзете білетін ата-ана болуына көмектесу.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығындағы басты рөлді сынып жетекшілер мен мектеп психологтары атқарады. Олардың жұмысынан отбасының мектеп тарапынан бала тәрбиесі мен тұлғаның дамуына қатысты саясатты түсінетіндігі, оны жүзеге асыруда қаншалықты белсенді қатысатындығы байланысты болады. Оның үстіне отбасы балаларды тәрбиелеудегі басты тапсырыс беруші мен одақтас ретінде көрінуі керек, ал ата-аналар мен педагогтардың талпыныстарын біріктіру бала үшін қолайлы жағдайды жасау ретінде танылуы қажет.
Отбасы мен білім мекемелері мамандарының бірлесіп әрекеттесу негізінде өзара мүдделік, бір-біріне сенімділік, қолдау мен көмек көрсету, шыдамдылық пен бір-біріне төзе білу принципі болу керек. Қарым-қатынас, ынтымақтастық тепе-тең болып жүзеге асырылуы керек – педагогтар мен ата-аналардың мұндай бірлесіп қызмет атқаруында ешбір жағы басқару немесе бақылау құқығына ие бола алмайды.
Ата-аналармен конструктивті өзара әрекетте болуға педагогтардың ата-аналармен қарым-қатынасындағы келесі ережелерді сақтауы ықпалын тигізеді:


  • Ата-аналарға түсінікті тілде сөйлеу – арнайы терминологияны қолданбау арқылы;

  • Нақты болу, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беру;

  • Белсенді болу, ата-ананың бастауынсыз – ақ онымен диалогты өзі бастау: ата-аналар педагогтан интервью алмауы тиіс;

  • Ата-ананың эмоционалдық жай-күйін есепке алу;

  • Үйретуден, ақыл айтушылықтан, өр көкіректіктен бас тарту;

  • Серіктестік тұрғысында сөйлесу;

  • Ата-анамен сөйлесу мазмұнын алдын-ала дайындау;

  • Қайырымды болу;

  • Ата-анадан мүддесін қорғап, әкімшілік тарапынан ата-анаға басымдылық танытатын құралға айналмау;

  • Ата-анадан немесе басқа туыстардан алынған ақпаратты құпия түрде сақтау

Ата-аналардың мұғалімдермен қарым-қатынасы тәжірибесінде мектепке келуші ата-аналардың балаларын үлгілі деп атауға болмайтынын көрсетеді. Тіпті, қарым-қатынас сипаты қатысушылардың жеке қасиеттеріне байланысты болса да, педагогтардың жіберетін бірқатар ортақ типтік қателерін атауға болады:

  • Тиімді келіспеушіліксіз қарым-қатынас техникасын білмеу;

  • Жұмсақтықтың болмауы, ата-анаға қатысты қатал күтулер;

  • Ата-аналарды бағалау;

  • Ата-аналарға қатысты директивті ұстаным;

  • Ата-ананың сөздері мен әрекеттеріне жауабындағы әбігершілік, артық эмоционалдылық;

  • Қарым-қатынасты күрделендіретін стереотиптер мен ұстанымдарды пайдалану;

  • Ата-анаға өзінің күтетін жағдайларын жапсыру;

  • Басқыншылық, әдепсіздік;

  • Немқұрайлылық, жабырқаулылық.

Ата-анамен педагог-психологтың әңгімелесу мақсаты ортақ (бір нәрсе туралы ақпараттандыру) немесе нақты (сыныптың алдыңғы күндердегі саяхат жайында әкесін шақыру) болады. Бастысы – ата-аналармен тек қана қажет нәрсе туралы, керек уақытында сөйлесу қажет.

Әрбір білім мекемесі ата-аналармен жүргізілетін жұмысында, оның ішкі пәлсапасына, білімділік бағдарламасына қаншалықты сәйкес келетін үлгілерін таңдап пайдаланады.

Ата-аналармен жұмыстың тиімділігіне кепіл болып табылатын:


  • Ата-аналармен бірлесіп жұмыс істегенде, пікірлес адаммен жұмыс істеумен барабар болатындай ұстаным («ата-ана – жау, бәсекелес, конкурент» ұстанымының орнына);

  • Бала мен ата-анаға мейірімді қарым-қатынаста болу (педагогтың айып тағу ұстанымының орнына);

  • Баланың проблемасын шешудегі педагогтың мүдделі болуы («формалды қарым-қатынас» орнына);

  • Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жүйелілік сипаты («бір реттік» аяқ асты болатын іс-шаралар орынына)

Сонымен қатар, ата-аналармен жұмыс істеудегі дифференциалдық түрлерін де атауға болады, олар әр отбасының өмір сүру жағдайын, ата-аналар жасын, тәрбие ісінде олардың дайындық деңгейін есепке алуды қарастырады. Дифференциалдық жұмыс түрлері тиімді байланыс табуға, әрбір отбасыға жеке көзқараста болуға көмек көрсетеді. Дифференциалау оқушылардың отбасыларын зерттеудің белгілі бағдарламасы негізінде жүргізілуі тиіс, олар сауалнама алу, тестілеу, отбасыларға бару сияқты әдістерден құралады. Нәтижесінде келесі мәселелерді анықтау қажет:

  • Отбасының құрылымын (отбасы құрамына неше адам кіреді, олардың жасы, білімі, мамандығы, отбасының психологиялық жағдайы мен ахуалын (тұлға аралық қарым-қатынастар, байланыс түрлері);

  • Отбасылық өмірдің стилі мен көңіл-күй сипаты: отбасында қақтығыстардың болуы, оларды шешу себептері мен тәсілдері, ата-аналар мен балалардың жағымсыз толқуларының болуы;

  • Отбасындағы ананың, әкенің, арғы аталарының әлеуметтік мәртебесі, ата-аналардың тәрбие үрдісіне қатысу дәрежесі, оларды баланы тәрбиелеуге деген тілектерінің болуы;

  • Отбасының тәрбиелік жағдайы, үйдегі педагогикалық жүйенің болуы немесе болмауы (тәрбиенің мақсаттары, міндеттері мен әдістерін түсінуі) ана мен әкенің отбасылық педагогикалық қызметке қатысуы(конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік)

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс үлгілері үнемі өзгеріп отырады: кейбіреулері тиімділігінің болмауынан өз маңыздылығын жоғалтады, басқалары – пайда бола бастайды: кеңінен интерактивтік жұмыс әдістері пайдаланылып келеді, олар ата-аналарды оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне тиімдірек баулуға мүмкіндік туғызады.

Ата-аналарын мектепке тек баласы тәртіп бұзғанда немесе жаман оқи бастағанда ғана шақырмау керек. Кейде оқушы өзін жаман ұстамайды, жақсы оқиды, бірақ сынып жетекшісі оның сыныптан тыс оқуын ұйымдастыру, оны қандай да бір қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыстыру, оның белгілі бір саладағы дарынын дамытуға қажетті жағдайлар жасау туралы да ата-аналармен келісіп алуы керек.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Әңгімелер мен лекциялар жүйелі түрде белгілі бағдарлама бойынша өткізіліп отырса ғана көздеген мақсатына жете алады. Мысалы: «Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі туралы», «Балаларды ұқыптылыққа үйрету», «Үлкендерді сыйлауға үйрету», «Баланың мінез-құлығын тәрбиелеу туралы», «Сыныптан тыс оқуға қалай басшылық жасау керек» т.б.




  1. Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы

Тұтас жеке адамда қоғымдық тұлға ретінде, жеке адамның биологиялық белгілері мен ерекшеліктері ұштасады. Бұл белгілер бір- біріненажырағысыз және жеке адмғы пәрменді түрде ықпал етеді.Алайда жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары анықтауышқасиеттерболып табылады. Бұлардың жеке адам дене кемшіліктерін, мінез-құлық өзгешеліктерін тежеумен жою үшін, сондай-ақ оңдықасиеттерін жетілдіру үшінқажыр-қайраттабады.

Жекеадам болу үшінпсихикалық дамудыңбелгілі бірдәрежесіне жетуі және басқа адамдарға қарағандаерекшелігі бар екенінбілетіндейбіртұтастұлға болуы тиіс.Өмір бойы, сондай-ақ даму мен тәрбиеніңнәтижесіндежеке адамның орнығып жетілуінқалыптасу деп атайды.

Жеке адамның қалыптасуы – күрделі, қарама-қайшы процесс. Ол өзінеорганизмніңөсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиды.

Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірімшақта айрықша интенсивтіжүреді де, ересек болған кезде өзінің біршамааяқталу кезеңіне жетеді.

Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық.

Даму ұғымына организмнің өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпалжасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілепбере алмайды.

Жеке адамның дамуы бұл оның рухани өсуінің жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлықсфераларды ә-іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарғадеген қарым – қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.

Жеке адамның, әсіресебалалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдыментәрбиеніңықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі менсипатыкөп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланысты болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн.

Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика т.б. қоғамдықғылымдардыңкөптен айналысыпжүрген көкейтестімәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Пидкасистыйдың, М.Ф. Харламовтың «Педагогика» (М.1996-1997) В.М. Гинецинскийдің «Тәрбие теориясына кіріспе» (М. 1994), Б.С. Гершунскийдің «XXI ғасырда білім берудің философиясы» (1993), Г.К. Нұрғалиеваның«Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудың методологиясы, практикасы» (А.1995) секілді ондаған монографиялық еңбектер жарық көрді.

Адам баласы материалдықжәне рухани өмірдіңортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырғанқоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тәнақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады.Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез- құлықтң қасиеттіңболуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.

Жеке тұлғаныңерекшелігі дегеніміз- ол оның өзіне тән мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағыерекшелігімен дараланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет