6-сынып Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1



бет1/2
Дата02.10.2024
өлшемі21,65 Kb.
#146567
  1   2
Байланысты:
ББЖБ №1 математика 6-сынып


6-сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау №1



Бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Қатынастар және пропорциялар»
«6» сынып

Тақырып

Екі санның қатынасы. Екі санның пайыздық қатынасы Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару Масштаб Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера

Оқу мақсаты

6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру
6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;
6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен байланысты есептерді ажырату және шығару
6.1.2.6 шамаларды берілген қатынаста бөлу
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында масштабты қолдану
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4 дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;

Бағалау критерийі

  • Берілген сандардан пропорция құрастырады

  • Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады

  • Тура және кері пропорционалдылық тәуелділігін ажыратып, есептер шығаруда қолданады

  • Есепті шығаруда шамаларды берілген қатынаста бөлуді қолданады

  • Масштабты қолданып есептер шығарады

  • Шеңбер ұзындығының және дөңгелектің ауданының формуласын қолданады

Ойлау дағдысының деңгейлері

Білу және Түсіну. Қолдану.

Орындау уақыты



25 минут

Тапсырмалар
1-нұсқа

  1. 9;28; 4; 63 сандарынан пропорция құрастырыңдар [2 балл]

  2. 16 кг қоспада 6,4 кг темір бар. Осындай неше килограмм қоспада 2,4 кг темір бар?

[2 балл]

  1. Үш санның қатынасы 2:5:7 қатынасындай. Ең кіші санмен ең үлкен санның қосындысы 63-ке тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар [4 балл]

  2. Шымкент пен Тараз қалаларының картадағы арақашықтығы 15 см, ал картаның масштабы 1:1200000 болса, онда екі каланың арақашықтығы қандай? [ 3 балл ]

  3. Гүл егілген гүлзардың дөңгелек жиегінің ұзындығы 18,84 м. Гүлзардың ауданын табыңдар [ 4 балл ]

Тапсырмалар
2-нұсқа

  1. 7;24;21;8 сандарынан пропорция құрастырыңдар [2]

  2. 9 кг қоспада 1,5 кг мыс бар. Осындай неше 1,8 кг қоспада қанша мыс бар?

[2 балл]

  1. Үш санның қатынасы 2:3:7 қатынасындай. Ең кіші санмен ең үлкен санның айырмасы 30-ға тең. Осы сандардың қосындысын табыңдар [4 балл]

  2. Нұрсұлтан мен Алматы қалаларының картадағы арақашықтығы 8,5 см, картаның масштабы 1:13000000 болса, онда екі қаланың арақашықтығын табыңдар? [ 3 балл ]

  3. Киіз үйдің табанының ауданы . Киіз үйдің табанының ұзындығын табыңдар ( ). [ 4 балл ]






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет