Педагогтардың жұмысында эмоционалды интеллектің рөлі
Эмоционалды интеллект дегеніміз – адамның өз эмоциясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді шешу үшін эмоциясын игеру қабілеті. Эмоция – энергияның көрінісі. Сондықтан барынша эмоциялық ойлауды дамыту керек.
90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоционалды интеллект: IQ-дан да маңызды» психологиялық бестселлері жарық көрді. Белгілі журналистің зерттеу еңбегі көпшілікке ой салды. Кітабында ересектер мен балаларды бірге зерттеген. Қорытынды шығарғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, университетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсеткен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмоцияны игере алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ықпалы зор. Қарым-қатынас орнату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен байланысты екен.
Бірқатар ғалым эмоция әлемін зерттеуге бел буған. 1870 жылы Чарльз Дарвин сыртқы көрініс арқылы адам эмоциясын зерттеуге талпыныс жасады. 1920 жылы америкалық психолог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеуметтік ақыл-ой ұғымын ғылымға енгізді. Ол мұны «Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынаста ақылға қонымды әрекет ету қабілеті» деп түсіндірді.1983 жылы Говард Гарднер интеллектін Ішкі және тұлғааралық деп бөліп, интеллект теориясын ұсынды. Дегенмен Гоулман еңбегі бәрінен асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңінен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті. Эмоциялық интеллект сонымен қатар адамның эмоцияларын түсіну және тұлғааралық байланыс жүйесінде оларды басқару қабілетіне негізделген эмоционалды тәжірибенің бір түрі ретінде түсіндіріледі. Дамыған эмоционалды интеллекттің болуы жеке адамға басқа адамдарды неғұрлым тұтас және объективті қабылдауға және тұлғаның толық сипаттамасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің эмоционалдық құзыреттілігі үшін келесі бағыттар ең өзекті болып табылады:
- мұғалімнің өзін-өзі анықтау және өзін-өзі басқару қабілеті;
-мұғалімнің басқалармен қарым-қатынасын басқару қабілеті.
Эмоциялық интеллекттің көрінісі мұғалімнің жағдайларға адекватты әрекет ету қабілетінде жатыр, оған эмоциялар мен сезімдерді түсіну арқылы ғана емес, сонымен қатар психиканың негізгі қасиеттерін басқару және бақылау қабілеті арқылы қол жеткізіледі. Эмоционалды интеллект дамуының жоғары деңгейі мұғалімнің нақты жағдайда және белгілі бір сәтте өз эмоцияларын анықтау және басқару қабілетінде көрінеді. Педагогтың кәсіби және жеке өміріндегі эмоционалдық құзіреттіліктің нақты мәні осында.