121. Біліктілік тестілеуінің нәтижесі екі жылға жарамды деп есептеледі. 122. Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.
123. Бейіні бойынша 30 және одан да көп жыл педагогикалық және өндірістік өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік санатын растаған кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді қорытудан өтеді. Біліктілік санатын арттыру кезінде жалпы негізде өтеді. 124. Ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагогтер «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысқан кезде Біліктілік тестілеуін тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жалпылаудан өтеді. «Педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-шебер» біліктілік санатын алған кезде жалпы негіздерде өтеді. 125. Педагог тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты бір деңгейге төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрығымен немесе кәсіптік стандартпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді. 126. «Екінші», «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагог қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі бір деңгейге төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады.
Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрықпен немесе кәсіптік стандартпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.