«Математика»
«Физика»
«Химия»
«Информатика»
«Мектепке дейінгі білім беру» және «Қосымша білім беру» бағыттары
Өзге педагогтер
240 минут 120 минут 210 минут
Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін (басшы – «білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.
Біліктілік тестілеуін өткізу кезінде тыйым салынған зат немесе ереже бұзушылық анықталған жағдайда педагогке бес жыл (білім беру ұйымдарының басшылары – үш жыл) мерзімге аттестаттаудан өтуге рұқсат берілмейді. Педагогтің біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін (басшы – «білім беру ұйымының басшысы» біліктілік санатына дейін) төмендетіледі.
Педагог тестілеу өткізу пунктінің ғимаратына кірген кезде оның жеке басын тану технологиясын пайдалана отырып сәйкестендіру немесе жеке басын куәландыратын құжаттың және рұқсаттаманың негізінде сәйкестендіру жүргізіледі.
Тест тапсырмаларының жауаптарын бағалау келесі түрде жүзеге асырылады:
1) ұсынылған бес жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін бір балл, қалған жағдайларда нөл балл беріледі;
2) ұсынылған нұсқадан бірнеше дұрыс жауапты таңдайтын тапсырмалар үшін:
барлық дұрыс жауаптар үшін – екі балл; жіберілген бір қате үшін – бір балл; екі және одан да көп қателіктер үшін – нөл балл.
Тестілеу аяқталғаннан кейін педагог компьютер экранында көрсетілетін тестілеу нәтижелерімен танысады.
Біліктілік тестілеуінің нәтижесі – осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификат педагогтің жеке кабинетіне жолданады. Апелляция өткізілген жағдайда Біліктілік тестілеуінен өткені туралы сертификат апелляцияны ескере отырып, педагогтің жеке кабинетіне жіберіледі.
ҰТО Біліктілік тестілеуінен өткен тестіленушілердің электрондық деректер базасын бес жыл бойы сақтауды қамтамасыз етеді.
ҰТО өңірлік білім басқармаларына және білім беру саласындағы уәкілетті органға тестілеу нәтижелері бар электрондық сертификаттарды және эсселердің болуын тексеру үшін қолжетімділік береді.
Біліктілік тестілеуі аяқталғаннан кейін педагог нәтижелермен (дұрыс және дұрыс емес жауаптармен) танысады және келіспеген жағдайда тестілеу залынан шықпай-ақ ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы апелляциялық комиссияға негіздемелермен апелляция береді. Педагог тестілеу залынан шыққаннан кейін берілген апелляцияға өтініштер қабылданбайды.