Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары



бет6/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары-melimde.com

Эссе жазу тәртібі


  • Тестілеу аяқталған соң педагог эссе жазады.

  • Берілетін уақыт – 30 минут.

  • Қолданылатын сөз саны – 250-300 сөз.

  • Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетіне жолданады.
    Жыл сайын эссе тақырыбын білім беру саласындағы уәкілетті орган анықтайды. Жазылған эссе педагогтің жеке кабинетінде ngt.testcenter.kz сілтемесі бойынша көрсетіледі.

Біліктілікті бағалауды өткізу тәртібі


Педагогтерді біліктілік бағалауды білім беру ұйымдары жүргізеді және құжаттардың осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген құжаттар тізбесіне сәйкестігін қарауды қамтиды.
Қажетті құжаттар болмаған жағдайда педагог жетіспейтін құжаттарды 3 жұмыс күні ішінде әкеледі.
Педагогтерді аттестаттау бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу
үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілген қызметті алушы) осы
Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша:
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының Білім басқармаларына, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдеріне;
немесе «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
немесе egov.kz. «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі- портал) арқылы өтініш ұсынады.
Өтiнiш №338 бұйрықпен бекітілген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес санаттың өту мерзiмдерi мен кезектiлiгiн сақтай отырып берiледi.
Көрсетілетін қызметті алушы стандартта көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Министрліктің, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Білім басқармаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің жауапты қызметкері не Мемлекеттік корпорация қызметкері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді немесе портал арқылы жолдайды.
Комиссия қызметтің нәтижелерін кешенді талдамалық қорытындылау үшін ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік санаттарын беруге (растауға) педагогтің портфолиосын қабылдау-табыстау актісі бойынша жылына екі рет (тиісінше ағымдағы жылдың 5 мамырына және 5 қарашасына дейін) Сараптама кеңесінің қарауына жібереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет