білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары немесе жүлдегерлері болып табылатын тұлғалар;
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаларды әзірлеген адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының «Сарапшылардың электрондық базасына» сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде бес жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
Қазақстан Республикасының «Үздік педагог»атағына ие болған адамдар;
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар.
Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде Комиссия «өтініш берілген біліктілік санатына сәйкес келмейді» деген шешім қабылдаған жағдайда, қолданыстағы біліктілік санаты оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.