Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша



бет5/17
Дата01.11.2022
өлшемі73,69 Kb.
#46698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары-melimde.com

1) тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспеймін;

  • дұрыс жауап жоқ;

  • барлық ұсынылған нұсқалардан бір дұрыс жауапты таңдаумен тест тапсырмаларында біреуден артық дұрыс жауап бар (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);

  • тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған.
    2) техникалық себептер бойынша:

  • тест тапсырмаларында фрагменттің немесе мәтіннің болмауы.

Апелляция мынадай жағдайларда қаралады:
Апелляция
Қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезінде педагогке біліктілік санатын беру (растау) үшін оны кезекті аттестаттау кезінде өтініш берілген санат бойынша балдар саны жеткіліксіз болса, біліктілік санаты мерзімі аяқталғанға дейін сақталады, одан әрі біліктілік санаты бір деңгейге төмендейді. Бұл біліктілік санаты аттестаттаудың келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог Біліктілік тестілеуінен өткеннен кейін бастапқыда өтініш берілген біліктілік санаты бойынша аттестаттаудан өтеді.
Педагог тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңінде біліктілік санаттарын алуға (растауға) кезекті аттестаттау үшін өтінішті уақытылы бермеген жағдайда, біліктілік санаты «педагог» біліктілік санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.
«Екінші», «бірінші», «жоғары» санаттары бар педагог қаңтар-мамыр (тамыз-желтоқсан) аттестаттау кезеңінде өтініш берілген санатқа балдар саны жеткіліксіз болған жағдайда, біліктілік санаты оның мерзімі өткенге дейін сақталады, бұдан әрі – «педагог» санатына дейін төмендетіледі. Осы біліктілік санаты келесі тамыз-желтоқсан (қаңтар-мамыр) аттестаттау кезеңіне дейін сақталады. Келесі аттестаттау кезеңінде педагог № 338 бұйрықпен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес біліктілік санатына аттестаттаудан өтеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет