Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі



бет2/13
Дата06.02.2023
өлшемі317,95 Kb.
#65648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Правила 83 каз

2-тарау. Аттестаттауды өткізу тәртібі

15. Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды:


педагогтер үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) ПББ және эссе жазу (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер бойынша оқытушыларын қоспағанда);
әдістемелік кабинеттің (орталық) әдіскерлері үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарларының «үшінші біліктілік санатты басшының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатындағы басшының орынбасары» біліктілік санаты үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшы орынбасарлары мен әдіскерлерінің «бірінші біліктілік санатты басшының орынбасары» біліктілік санаты үшін:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау;
3) аттестаттау комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;
білім беру ұйымы мен әдістемелік кабинет (орталық) басшылары үшін:
кезекті аттестаттау:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) аттестаттау кезеңіндегі талдамалық жинақтау қызметінің негізгі көрсеткіштерінің орындалуының динамикасы;
3) ПББ және эссе жазу;
4) аттестация Комиссиясының отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу;
мерзімінен бұрын біліктілік санатын беру:
1) біліктілік бағалау (рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады);
2) осы Қағидаларға сәйкес қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық қорыту;
3) Комиссия отырысында қызмет нәтижелерін көрсете отырып сұхбат жүргізу.
Ескертпе: білім беру саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің әдістемелік кабинетінің (орталығы) басшылары / басшыларының орынбасарлары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлері ретінде аттестаттау рәсімінен өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет