Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттаутәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттауға қатысатын педагог;
аттестаттау – нәтижесі бойынша біліктілік санаты берілетін (расталатын), педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатындажүргізілетін біліктілік санатын беру (растау) рәсімі; педагогтің атқаратын лауазымына сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім;
аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізетін уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);
аттестаттау кезеңі –педагогтің аттестаттау рәсімінен өтетін уақыт аралығы;
апелляция – осы Қағидаларға сәйкес электрондық жүйе арқылы педагогтің өтініші бойынша жүзеге асырылатын педагогтерді компьютерлік тестілеу нәтижелерін қайта қарау рәсімі;
Республикалық апелляциялық комиссия (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) – педагогтердің білімін бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда даулы мәселелер бойынша шешім қабылдайтын білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия;
компьютерлік тестілеу жүйесі – педагогтердің білімін бағалау, апелляцияға педагогтердің өтініштерін қабылдау рәсімін жүргізугеарналған бағдарламалық қамтамасыз ету;
біліктілік санаты – «Педагогтердің лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен (бұдан әрі – біліктілік сипаттамалары) бекітілген біліктілік талаптарына немесе кәсіптік стандартқа («Педагог» кәсіби стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы № 500 бұйрығы(бұдан әрі – кәсіби стандарт))сәйкес келетін педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейі;
қызмет нәтижелерін кешенді талдамалық жинақтау (негізгі көрсеткіштердің орындалуын талдамалық жинақтау) – педагог жетістіктерінің біліктілік талаптарының деңгейлеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен немесе өтініш жасамай жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, оның ішінде процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес өзге де мәліметтер;
педагог – тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және педагогтің білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, әдістемелік сүйемелдеу немесе білім беру қызметін ұйымдастыру жөніндегі кәсіби қызметін жүзеге асыратын тұлға;
педагогтердің білімін бағалау (бұдан әрі – ПББ) –білім беру саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тест бойынша педагогтіңбілімін деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
педагогтің үздіксіз кәсіби дамуының ұлттық платформасы (бұдан әрі – Платформа) – педагог пен білім алушылардың жетістіктерін растайтын педагогтің жеке кабинетінің деректері және оның кәсіби қызметінің құжаттары, тәжірибені жинақтау (трансляциялау), біліктілікті арттыру туралы мәліметтер бар ақпараттық жүйе;
білім алушылардың немесе педагогтің жетістіктері-білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) немесе педагогтің конкурстарға (олимпиадаларға, жарыстарға және т. б.) қатысу нәтижелері;
тілді меңгерудің халықаралық сертификаты – «Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттері» (Common European Framework of Reference (CEFR) шкаласы бойынша шет тілі ретінде тілді меңгеру деңгейін растайтын ресми құжат;
Педагогтерді аттестаттау «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен сиретпей өткізіледі.
Білім беру ұйымдарының басшылары, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 44-бабының 5-тармағына және осы Қағидаларға сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Білім беру ұйымдары басшысының орынбасарлары, әдістемелік кабинет (орталық) басшысының орынбасарлары, әдіскерлері, бөлімнің, әдістемелік кабинет (орталық) басшылары (меңгерушілері) осы Қағидаларға сәйкес үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттау білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде өткізіледі.
Білім беру саласының уәкілетті органдарында, басқару органдарында және білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - аттестаттаушы орган) педагогтерді аттестаттау үшін бірінші басшының бұйрығымен мынадай біліктілік санаттары үшін Комиссиялар құрылады:
білім беру ұйымдарында:
«педагог-модератор» (салалық мемлекеттік орган ұйымдары үшін);
ауданның (қаланың), облыстық маңызы бар қаланың білім беру басқармасы органдарында:
педагог-модератор, «педагог-сарапшы» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагогтері үшін);
«үшінші біліктілік санатындағы әдіскер» (ведомстволық бағыныстағы әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) бөлім басшылары (меңгерушілері) мен әдіскерлері үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер»(ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін);
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың білім беру басқармасы органдарында:
«педагог-сарапшы» (педагогтер үшін);
«педагог-зерттеуші»;
«екінші біліктілік санатының әдіскері», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» (ведомстволық бағыныстағы бөлімдердің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін);
«үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшы орынбасарлары үшін);
«бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары»(білім беру ұйымдарының басшы орынбасарлары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың)басшы орынбасарлары үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары үшін);
«басшы-көшбасшы» (білім беру ұйымдарының басшылары және әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың ) басшылары үшін;
білім беру саласындағы уәкілетті органның жанында:
«педагог-сарапшы» және «педагог-зерттеуші», (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары үшін, салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін);
«педагог-шебер» (педагогтер үшін);
«үшінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшы орынбасары», «бірінші біліктілік санатты басшы орынбасары» (ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін, салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін);
«басшы-ұйымдастырушы», «басшы-менеджер», «басшы-көшбасшы»(ведомстволық бағыныстағы білім беру ұйымдары, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) үшін, салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін);
Егер әдістемелік кабинет (орталық) заңды тұлға құрмай мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болып табылса, онда әдістемелік кабинеттің (орталықтың) басшысы, басшы орынбасары әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскері ретінде «үшінші біліктілік санатының әдіскері», «екінші біліктілік санатының әдіскері», «бірінші біліктілік санатының әдіскері» біліктілік санатын бере отырып (растай отырып) аттестаттаудан өтеді.
"Педагог-тағылымдамашы" санаты жұмысқа қабылдау кезінде білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бір жылға белгіленеді. Бір жыл өткеннен кейін білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен тағылымдамашы педагогке "педагог"санаты беріледі.
Педагогтерді аттестаттау жөніндегі комиссияның құрамына кемінде 10 жыл жұмыс өтілі және «педагог-сарапшы» немесе «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер»біліктілік санаттары бар педагогтер, оқу-әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру ұйымдарының әдіскерлері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім беру органдарының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандары,(салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін) салалық мемлекеттік органның өкілдері кіреді.
Білім беру ұйымдарының басшысын және басшы орынбасарларын, бөлім басшысын (меңгерушісін) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерін аттестаттау үшін Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың, оның ішінде жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақ ұйымдарының, білім беру ұйымдарының алқалы органдарының өкілдері, білім беруді басқару органдарының, қоғамдық кеңестердің мамандары, бөлімнің басшылары (меңгерушілері) және әдістемелік кабинеттің (орталықтың) әдіскерлері, (салалық мемлекеттік органның ұйымдары үшін) салалық мемлекеттік органның өкілдері кіреді.
Комиссия мүшелердің тақ санынан және кемінде жеті мүшеден тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан сайланады.
Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады. Комиссия хатшысы Комиссия отырысына қажетті материалдар мен құжаттарды дайындайды, хаттаманы ресімдейді және қол қояды, комиссия мүшесі болып табылмайды.
Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
Дауыс беру нәтижелері Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссия отырыстарында аудио немесе бейнежазба жүргізіледі. Жазба аттестаттау органында кемінде үш жыл сақталады.
Тиісті деңгейдегі Комиссия аттестатталушы педагогтің құжаттарын білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде қарайды.