Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары


Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі



бет9/46
Дата26.12.2023
өлшемі422,43 Kb.
#143936
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46
Байланысты:
Жалпы ережелер

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі
«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау»



«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізімі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігі, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың бөлімдері, білім беру ұйымдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе ұлттық білім беру дерекқорының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі-ақпараттық жүйе);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы " коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
3) "электрондық үкіметтің" egov.kz веб-порталы арқылы (бұдан әрі-портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүгінген кезде – 20 минут, ақпараттық жүйе арқылы – 1 (бір) жұмыс күні;
2) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға - 3 (үш) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша емес Мемлекеттік корпорацияға - 7 (жеті) жұмыс күні;
4) портал арқылы-1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут;
2) көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-20 (жиырма) минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (автоматтандырылған) (қағаз)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы қолхат беру не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.
Ақпараттық жүйе арқылы жүгінген кезде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтерге біліктілік санатын беру (растау) үшін өтінішті қабылдау туралы хабарлама беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту педагог бейінінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілін) ұсынған кезде тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтініші болмағандықтан мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай бойы Мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті берушіге талап етілмеген ретінде ҚАЙТАРЫЛАДЫ. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Портал арқылы жүгінген кезде құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту өтініш берушінің Жеке кабинетінде көрсетіледі.

6

ҚР заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және оны алу тәсілдері

Жеке тұлғаларға тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушіде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
ақпараттық жүйе-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) Мемлекеттік корпорация және ақпарат объектісі - дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
3) портал-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі

1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) (иесіне қайтарылады)не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) Білім туралы диплом;
4)қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (бар болса);
5) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат;
6) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;
7) ПББ өткендігі туралы сертификат;
8)берілген біліктілік санаты туралы куәлік және бұйрық (бұрын біліктілік санаты бар адамдар үшін);
9) кәсіби жетістіктерді және тәжірибені жинақтауды (таратуды) растайтын құжаттар;
10) білім алушылардың жетістіктерін растайтын құжаттар.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Дене функциялары тұрақты бұзылған, оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді 1414; 808 800 080 7777.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: www.edu.gov.kz;
2) Мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында: www.gov4c.kz.
Көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77777 болған жағдайда порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтерінің байланыс телефондары Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған: www.edu.gov.kz.

Мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі нұсқаулық

1. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы аттестаттауға өтініш береді egov.kz. (бұдан әрі – портал).


2. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Мемлекеттік корпорация қызметкері "электрондық үкімет"шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Көрсетілетін қызметті алушы негізгі талаптардың немесе қолданылу мерзімі өткен құжаттардың тізімінде көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі немесе портал арқылы жіберіледі.

Нысан
Аттестаттаудан өту үшін білім беру ұйымдарында лауазымдарды атқаратын педагогтердің құжаттарын қабылдаудан бас тарту туралы қолхат


_________________________________________________________________________________________________ (Мемлекеттік корпорацияның немесе порталдың атауы)
_________________________________________________________________________________________________


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет