114. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:
114. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар адамдар;