Педагогтің Т. А.Ә



Дата02.05.2023
өлшемі17,63 Kb.
#88919

Педагогтің Т.А.Ә.

Рустемова Л.К.

Күні:

17.04.2023

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Д.Қонаев ғасыр адамы»

Мақсаттары

Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д.А.Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.





Сабақтың барысы:



Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қызметінен түскенде басқалар оның атын өшіруге тырысқан болатын, ал, қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Д.А.Қонаев 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қарапайым жұмысшы отбасында дүниеге келген. Алматыдағы №14 мектепті үздік аяқтаған соң, Мәскеудегі түсті металдар институтын 1936 жылы тау-кен инженері мамандығы бойынша аяқтап, Балқаш, Риддер «Алтай полиметал» кәсіпорындарында қарапайым инженерден бастап барлық еңбек баспалдақтарынан өте отырып, кәсіпорын басшылығы қызметтерін атқарған. 1960-1962,1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан коммунистік партиясы Орталық комитетінің І хатшысы қызметін атқарды. Ол басшылық жасаған жылдары Қазақстанда Ақтау, Текелі, Шардара, Арқалық т.б. жетпістен астам үлкенді-кішілі қала салынып, Балқаш пен Жезқазған тау-кен комбинаты, Ақтөбе химия комбинаты, Қаратау фосфор зауыты, Соколов-Сарыбай тау-кен комбинаты т.б. көптеген алып индустриялық құрылыстар жүзеге асырылды. Д.А.Қонаев 20 жыл бойы Орталық Комитеттің саяси бюросының толық мүшесі болды. Ел алдындағы оның еңбегі ерекше бағаланып, Еңбек Ері атағымен, көптеген мемлекеттік наградалармен марапатталған. Сонымен қатар, Д.А.Қонаев ғылымға да үлкен еңбек етіп, жүзден аса ғылыми еңбектері жарық көрген.



Димаш ата туралы жазушы журналист Серік Әбдіраймов: «Ар ойлап, дүниеге бой алдырмаған екі адам болса, соның бірі елі еркелетіп Димаш атаған- Д.А.Қонаев. Шүкір, шыққан тауы биік болды. Бір кісідей биліктің шыңына көтерілді. Кісілігін ұлықтыққа жеңдірмеген кім десеңіз, онда да осынау абзал жанның есімі еріксіз еске түседі.Димекең қанағатшыл жан еді. Газет-журналда жарияланған мақалаларын есептемегенде, қай баспадан қанша кітап шығармасын соның барлық қаламақысын жетім балалар үйіне аударып отырған», -деген болатын.






презентация

Сабақтың ортасы

Д. А. Қонаевтың нақылға айналған сөздері.

  1. Жалада шындық болмайды.




  1. Өмірдің екі тірегі: үйренуден жылықпау, үйретуден аянбау


  1. Ақиқатты аттап кету-арға сын

  2. Адам айнасы-адам

  3. Бітімі қисық ағаштың көлеңкесі де өзіндей болады.




Оқушылар ойларын жеткізеді




Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Елу жыл елге аға болды. Қасиетті Балқаш мекенінің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өнуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бізді бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының алдында Димш атамыз елінің ардақты да, қадірлі перзенті болып қала береді.



Қонаев туралы жыр шумақтарын айтады




презентация


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет