ПЕДОГОГИКА ТЕОРИЯЛЫҚ СҰРАҚТАР
26 ) Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі.
27 ) Мектепке жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері және шарттары.
Қазақстан Республикасының 1999 ж. 2 желтоқсанда қабылданған « Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының бірінші бабының жетінші тармақшасында «Дене тәрбиесі дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін артыруға, шығармашылық ғұмырлығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс» делінген.
Дене тәрбиесі адам қалыптасуының негізі болып табылады. Дене тәрбиесі адам дамуының андық жіне сапалық өзгерістеріне бағытталды:
Дене дамуы адамның толыққанды ақыл ой әрекетіне мүмкіндік жасайлы, сондықтан да мәдениет және ғылым қайраткерлері ақыл ой әрекеттеріне дене жаттығуларымен, еңбекпен және спортпен ұштастыруға тырысқан;
Дені сау адам өзін өндірістік еңбекте жақсы көрсете алады, неғұрлым жоғары ақыл ой салмағын көтере алады, аз шаршайды, ширақ көңіл күйде болады;
Дене тәрбиесі, спорттық бұқаралық іс шаралар адамгершілік мәдениетін, жолдастықты, өзіне талап қоюшылықты, ерік жігердің мықтылығын қалыптастырады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдер балалар ағзасы қарқынды дамиды. Оның жүйке, сүйек, бұлшық ет жүйелері белсенді түрде қалыптасады, тыныс алу аппараттары жетіледі, денсаулық пен дене бітімінің дұрым дамуының негізі қаланды.
Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі сәбилердің ақыл ойы дамуына, қоршаған заттар мен қүбылыстар жөніндегі білімдер толысуына, кеңістік пен уақытты бағдарлауының жетілуіне, жағымды мінез құлық белгілері қалыптасуына ықпал етеді. Ұжымда әрекеттенуді үйренеді: оларда шыдамдылық, дербестік, белсенділік, бастамашылдық, жолдастық, өзара көмек сезімі және т.б. қасиеттері қалыптасады.
Лене тәрбиесі туралы ғылым педагогиканың құрамдас бөлігі. Педагогика ғылымының бұл саласына мынадай негізгі түсініктер жатады: «дене мәдениет», «дене жетәлуә», «дене тәрбиесі», «дене дамуы».
Дене мәдениетінің мазмұнына мыналар жатады:
Жеке гигиена және тәртіпке дағдылану
Табиға жағдайдағы ағзаның шынығуы
Дене жаттығулары
Дене жетілуі дене дамуының, денсаулықтың, адамның дене дайындығының, қоғамдық талапқа сәйкестігінің тарихи үйлесімді деңгейі.
Дене дамуы бұл адам денесінің қалыптасуы мен өзгеруін сипаттайтын биологиялық үдеріс және адам ағзасының қызметі
Дене тәрбиесі өоғам талабына сай ағза қызметі жетілуіне бағытталған пелагогикалық үдеріс:
Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері
Балалардың денсаулығын сақтау
Дене бітімін дұрыс дамыту
Ағзаны шынықтыру
Қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыу
Мәдени гигиеналық дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру.
Сәби өмірге келген соң жақсы күтім, ана сүтін керек етеді, оның өмірі қамқорлық жасайтын үлкен адамға байланысты.
Күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, гигиена ережелерін орындау, қимыл белсендіігі баланың көңіл күйінің көтеріңкі болуына әсерін тигізеді. Денсаулығы жақсы баланың ұйқысы тыныш, тамаққа деген тәбеті де жақсы болады.
Дене тәрбиесіндегі мақсат бала ағзасын шынықтыру. Ол салқын тиюден сақтайды, жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілетін күшейтеді. Шынықтыру температураның ауытқуына, желді жауын шашынды ауат райына ағзаның бейімделу қабілетін қалыртастырады.
Балалардың қимыл дағдыларын, іскерлігін, дене күші салаларын қалыптастыру дене тәрбиесінің елеулі міндеттерінің бірі.
Бала ағзасының жетілуіне қимылдық әсері зор. Сүйек бұлшық ет жүйесінің дамуына, ағзаның дамуына түрлі белсенді қимылдар тиімді ықпал етеді, сыртқы ортаның түрлң жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
Ерте бастан қалыптасатын негізгі қимылдар жүрудің, жүгірудің, секірудің, өрмелеудің, лақтырудың дамуы үшін тәрбиелеу ісі дұрыс ұйымдастырылуы қажет.
Балалар қолдың, аяқтың, кеуденің бұлшық еттерін нығайтуға бағытталған даттығулар орындайды, дене жаттығуларының спорттық түрлері: шаңғы, коньки тебу, жүщу, велосипед тебу, т.б. бала дамуы үшін қызмет етеді.
Ағзаға белсенді әсер ететін дене жаттығулары дене тәрбиесі сабақтарында, қимылды ойындарда, таңертеңгілік сергіту жаттығуларында пайдаланады.
Дене тәрбиесінің міндеттерінің бірі мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу. Ол маңызды адамгершілік міндеті мінез құлық мәдениетін тәрбиелеуді қамтиды.
Балалар денсаулығы мен олардың өсуі туралы қамқорлық тазалық сақтауға, таза киінуге, тәртіпке баулудан басталады. Мәдени гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу үлкендердің басшлығымен жүзеге асырылады: балалар қолын жууға, тамақты төкпей ішуге, тазалық сақтауға заттарға ұқыпты қарауға дағдыланады. Балалардың бойында жинақылық, ұқыптылық, сияқты қасиеттер қалыптасады.
Дене тәрбиесі бойынша барлық міндеттер балалардың бірқалыпты нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесінің шарттары баланың жүйке жүйесін сақтау – дене және психикалық дамытудың негізгі шартының бірі. Күн тәртібінің тұрақтылығын талап ететін дене тәрбиесінің бұл шарты бала өмірінің ырғағын тәртіпке келтіреді, бала іс – әрекетінің кезектесіп отыруын анықтайды. Күндізгі және түнгі ұйқы жоғары жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Жүйке жүйесінің бір қалыпталығы үшін балалардың мектепке дейінгі ұйымдағы қарым – қатынасының да мәні ерекше. Жағымды эмоция бас миының жұмысын жақсартады.
Эмоцияның өзгеруі бала ағзасының жұмысын өзгертеді. Жағымды эмоция физиологиялық жүйені белсенді етеді ал жағымсыз эмоция төмендетеді.
Жағымды эмоция жағдайында бала жақсы тамақтанады ұйықтайды жанындағы балаларға үлкендерге мейірімділік көрсетеді аз ауырад қалыпты дамиды сенімділік үйіірсектік, оптимистік көз қарас қалыптасады.
Мектепке дейінгі ұйымды дұрыс тамақтанудың болуы бала ағзасының қалыпты өсіп – дамуына жағымды ықпал етеді. Тамақтың аз болуы да, шамадан тыс көп болуы да бала ағзасына бірдей зиянды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы дене тәрбиесінің келесі шарты материялдық жағдайдың жақсы болуы: бақша үй – жайының және ауласының, жиҺаздардың, дене шынықтыру құралдарының балалардың жас ерекшелктеріне сәкестігі.
Зал және аула бала қозғалысы кезінде толық қанағаттандыратындай болуы керек. Бұл үшін залда кемінде төрт бөліктен тұратын гинастикалық қабырғалар , төрт гимнастикалық ұзын орындақтар, маттар, қақпашалар, тақтайшалар, көздеу нысанасы және бала санына лайықты майда құралдар болы керек.
Аулада дене шынықтыру құралдары қойылған спорт алаңы, секіретін шұңқырлары бар жүгіретін жол, спорттық элементтері бар ойындар ойнауға арналған әр түрлі құралдар қойылуы қажет.
Қыста спорт алаңын сырғанақ тебуге, ал жүгіретін жолды шаңғы тебуге пайдаланады.
Белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес санитарлық – гигиеналық жағдай дене тәрбиесінің шарты ретінде маңызды. Бұл жағдай үй жай ішінде және аулада тазалық сақтауды, жарықтың,ауа мен температуараның қалыпты жағдайда болуын, сондай – ақ балалар мен үлкендер киімінің гигиенасын қамтамасыз етеді.
Мектеп жасына дейнінгі балалар дене тәрбиесінің келесі шарты медициналық бақылаудың болуы. Үнемі қажетті профилактиалық және емдеу жұмыстары, мақсат тәрбие жұмысы жүргізілуі тиіс.
Күн тәртібінің тұрақтылығы мектеп жасына дейінгі бала дене тәрбиесінің табысты болуын қамьамасыз етеді.
Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасындағы тағыз байланыс, қойылатын талаптың бірлігіі де дене тәрбиесінің маңызды шарттарының бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |