§ Материалды түсінікті жеткізе білу.
2. Сабақты өткізу әдістемесі.
§ Балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;
§ Тәжірибелік білім-білік дағдыларды қалыптастыра білуі.
Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті:
§ Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
§ Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білу;
§ Ата-аналармен тіл табыса білу;
§ Сөйлеу мәдениеттілігі.
3. Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:
§ Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы;
§ Байланыстырып сөйлеуге үйрете алу;
§ Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы;
§ Педогоикалық терминдерді дұрыс , тиімді пайдалана білу дағдысы.
4. Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:
§ Балалардың басым көпшілігінің қызығушылығын туғыза білу ;
§ Балалардың өздігінен дербес әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
§ Жеке-дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы.
5. Жаңа технологиялады пайдалана білу:
§ Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
§ Білім беруді дамыту бағыттарын айқындау білуі.
Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:
1. Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттармен қамтамасыз етуі
2. Сыртқы кескін-келбеті.
3. Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері.
4. Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу.
5. Педогоикалық талаптарды орындай білу.
6. Әзіл-қалжыңға мән бере білу.
7. Балалардың жеткен жетістігін мақұлдай , қолдай білуі.
8. Балалармен қарым-қатынас мәдениетінің болуы.
9. Шыдамдылық және төзімділік.
10. Басқалардың пікірін сыйлай білу.
11. Балалардың құпия сырын сақтай білу.
12. Басқа адамдарды түсіну және сөзіне білу қабілеттілігі.
13. Еркіндік, икемділік .
14. Табан астындағы тосын іс-әрекетке әдіс-тәсіл қолдана білуі.
15. Байқампаздығы, бақылампаздығы.
16. Кез келген жағдайда қарым-қатынас жасай алуы.
17. Балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайрымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншілігі,тәртіптілігі,шығармашылық қабілеттілігі, белсенділігі, жан жақты қызығушылығы , ұйымдастырушылық қабілеті, бір нәрсемен шұғылдану, зиялылығы, әзіл-қалжынға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі, мейрімділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
4. Тәрбиешінің педогоикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы , анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педогоикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педогоикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік
үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.
Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеру, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педогогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру, т.б.