Педогогика теориялық СҰРАҚтар 26 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі



бет6/7
Дата11.06.2022
өлшемі35,8 Kb.
#36685
1   2   3   4   5   6   7
33 ) Мектепке дейінгі тәрбие туралы Ян Амос Каменскийдің еңбектері. «Ұлы дидактика», Ж.Жак Руссо, И.Г. Пестолоцидің, Р. Оуэн, Ф. Фребельдің көзқарастары мен педагогикалық қызметі.

34 ) Баланың дамуы мен қалыптасуына тұқым қуалаудың, ортаның және тәрбиенің ықпалы.

35 ) Мектепке дейінгі ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты, міндеті. 5.1. АҚЬІЛ-ОЙ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ

Ақыл-ой дамуы. Баланың жасына, тәжірибесіне, тәрбие әсеріне байланысты пайда болатык сандық және сапалық өзгерістер жиынтығы ақыл-ой дамуы (15-сызба) деп аталады. Баладағы білім қоры мектепке дөйінгі шақта шапшаң қарқанмен жинақталып, қалыптасады, танымдық үдерістер жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым әдістерін меңгереді.

Әлеуметтік орта әсерімен балада ақыл-ой дамуы жүзеге асады. Бала теңірегіндегі басқа адамдармен араласу арқылы тілді, ұғымдарды меңгереді де, тіл қарым-қатынас құралына айналады.

Баланың ақыл-ойының дамуы: 1) қарым-қатынаста, заттық

Әрекеттерде, ойындарда, 2) оқу, еңбек, енімді жұмыстар: сурет салу, мүсін жасау, жапсыру, құрастыру әрекеттерінде жүзеге асырылады.

Ақыл-ой дамуының негізгі керсеткіштері мынадай:

- білімдер жүйесін игеру;

- олардьің қорьж жинау;

- шығармашылық ойды дамыту;

- жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет әдістерін меңгеру.

Ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкүндіктерін білу балалардың

Ақыл-ойын тәрбиелеуді дұрыс ұйыидастыруға мүмкіндік береді. Ақыл-ой дамуының заңдылыіиары мен мүмкүндіктеріне қарай ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді.

Баланың мүмкіндігін барынша пайдалану ағзаны жалпы қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау үшін ақыл-ой дамуының мүмкіндіісгері мен заңдылықтарын зерттеу психология мен педагогиканың міндеті.

Балалар мектептегі оқуға айналадағылар женінде қарапайым білімнің жеткілікті қорымен, оқудың салыстыру, жалпылау сияқты негізгі ойлау операцияларымен келеді. Олар заттар мен құбылыстардың елеулі және елеусіз белгілерін айырады, кейбір байланыстардың себептерін анықтай алады, оларда оқу өрекетінің бастамасы қалыптасады. Дұрыс үйымдастырылған іс-әрекет нәтижесінде ақыл-ой дамуы толыса түсетіндіктен педагогтардың міндеті жағдай туғызу, балаға мақсатты тәрбиелік ықпал жасау.

Балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы ақыл-ой тәрбиесі деп аталады. Ақыл-ой тәрбиесі – қоршаған орта туралы білімдерді хабарлау, оларды жүйелеу, танымдық мүдделерді, интеллектуалдық дағдылар мен іскерлікті қалыптастыру, танымдық қабілеттерді дамыту.

Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды ролі балаларды мектепке дайындау. Балалардың мектептегі оқудың нәтижелі болуы және алдағы еңбек қызметіне дайын болуы үшін білім қорын игерту, ақыл-ой белсенділігі мен дербестігін дамыту, интеллёктуалдық іскерлік пен дағдылар қалыптастыру маңызды шарт.


15 – сызба

Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері, Мектепке дейінгі балаларды ақыл-ой жағынан тәрбиелеудің міндеттері (16-сызба) мынадай:

- қоршаған өмір жайлы ұгымдарды қалыптастыру;

- танымдық психикалық үдөрістерді дамыту;

- білуге қуштарлық пен ақыл-ой қабілетін дамыту;

- интеллектуальды іскерлік пен дагдылардьі дамыту.

Бала күнделікті емірде жаңа заттармен, құбылыстармен кездесіп, қоршаған өмір жайлы ұғымдар қалыптастырады. Л.Н.Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық, қалған бүкіл өмірімде мен соның жұзден біріне де ие болмағаи шығармын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адам ғана. Ал жаңа туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашыктық» деп жазды.

Білім мен ұғым жинақтау жүйелі жүру үшін дүрыс басшылық болуы керек. Бала бұлтты мақтаға, жұлдыздарды электр шамдарына ұқсатады.

Тәрбиешінің міндеті балалардың білім қорын кеңейту, оларды реттеу, нақтылау, жүйелеу. Балаларға айналасындағы заттардың түрі, көлемі, формасы сияқгы сапапары, соғылу, сынау, үзілу, төгілу сияқты қасиеттері, олардың қолданылуы, оның қандай материалдан жасалғаны жайлы түсіндіреді. Балалар табиғат құбылыстары, олардың жыл мезгілдеріне сай байланыстары, заңцылықтары және хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері, өмір салты, т.б. танысып, олардың дамуын бақылау арқылы дүние жайлы ұғымдар қалыптастырады.

Балалар түсіне алатын қоғамдық құбылыстармен және оқиғалармен: Қазақстан Республикасы адамдарының еңбегімен, мерекелерімен, Қазақстан Республикасының астанасымен, біздің елімізде емір сүретін кейбір халыкгармен таныстырылады. Бұл балалардың бойында еліміздің қоғамдық өміріне деген қызығушылық тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

Танымдық психикалық удерістерді дамыту – ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті: түйсіну, қабылдау, есте сақтау, қиялдау, ойлау, сөйлеу үдерістерін дамыту. Айналаны танып-білу түйсіну мен қабылдаудан басталады. Түйсіну мен қабылдау деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын болмысты танып-білу мүмкіндігі мол болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымда сенсорлық тәрбиеге көп кәңіл бөлінеді.

Балалар өмірінде тіл дамытудың ролі ерекше. Тіл адамның өз ойын айтуға, өзгенің айтқанын түсінуге пайдаланылады. Сөйлеу балаға әңгіме, керкем шығарма, тәрбиешінің түсіндіруі арқылы болмысты түсініп, білуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі ұйымда балалардың сөздік қорын молайту, грамматикалық құрылым қалыптастыру, байланыстыра сөйлеуді дамыту міндеттері шешіледі.

Балалардың шығармашылығы үшін қиялды дамытуға кеп көңіл белінеді. Балаларға тән көрнекі-қимылды және бейнелі-образды ойлау негізінде сөздік-логикалық, ұғымдық ойлау дамиды. Тәрбиешінің балалардың аналитикалық-синтетикалық ойлау қызметін қалыптастыруы олардың құбылысты тереңірек түсінуіне, оның нақты және нақты емес жағын ажыратуына мүмкіндік береді.

Ақыл-ой тәрбиесінің міндетінің бірі – білуге құштарлықты жәнө ақыл- ой қабілетін дамыту. Ол – балаға тән қасиет. Ол баланың қоршаған дүниеге белсенді қызығуынан, олардың бәрін қарап көруге, ұстауға, қозғалысқа келтіруге ұмтылуынан көрінеді. Білуге құштарлықты балалардың көптеген сұрақ қоюынан байқауға болады. Балалардың сұрақтарына жауап беруге тырыса отырып тәрбиеші, балаларды жауапты өз бетінше іздестіруге багыттайды, балалардың білімге қүмарлығын қолдайды,

Меетепке дейінгі ұйым міндеті – баланың ақыл-ой қабілетін дамыту. Жеке адамның қасиеттері психологияда қабілеттілік деп аталады. Қабілет қызмет барысында пайда болып, дамиды. Адамның ақыл-ойы мыналар арқылы сипатталады:

- саналылық (ақыл-ой реакциясының жылдамдығы);

- сыншылдық (фактіні, құбылысты, еңбекті бағалауға және талдауға, қателерін байқауға және т.б. қабілеттілік);

- талаптанғыштық (ақыл-ой міндетін шешуді табандылықпен іздестіруге қабілеттілік, дұрыс жауап іздеп табу үшін түрлі әдістерді пайдалану);

- ойлампаздық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет