Педогогика теориялық СҰРАҚтар 26 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі


) Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие



бет7/7
Дата11.06.2022
өлшемі35,8 Kb.
#36685
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
пед.экзамен сұрақтары 26-38

36 ) Әлемдік тәжірибедегі мектепке дейінгі тәрбие.Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде. Оның басты себептері: мектепке дейінгі тәрбие мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшеліктеріне де байланысты. Педагогика көп жағдайда сол елдегі қолданыстағы заңнамаға немесе жетекші идеологияға тәуелді дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдар елдің әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау ұйым¬дарына немесе білім беру жүйесіне қарайтын болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс ба¬ғыттары, педагогикалық дайындық деңгейлері өзгереді.
Тәрбие сапасы педагогтардың кәсіби біліктілігіне байланысты. Педагог – жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан аулақтатушы адам. Көптеген дамыған елдерде педагогтардың дайындығы жеткілікті жоғары деңгейде болып, олар әр түрлі бағыттарда (музыкалық, дене тәрбиесі, ақыл ой тәрбиесі, эстетикалық) жұмыс жүргізе алады және балалардың дамуының өсуін бақылай алады. Бұған физиологияны, балалар психологиясын, әлеуметтануды терең меңгеру ықпал етеді. Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие жұмыстарын салыстыра келе, түрлі қоғамдық жағдайларға қызмет еткеннің өзінде қоғамда бала тұлғасының дамуын көздейтін, олардың ғылыми не¬гізделген заңдылықтарда көрініс табатын ортақ белгілері, ұстанымдары байқалады.
Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда белгілі бір жүйесі қалыптасқан Батыс Еуропа мен Америка елдерінде қа¬зіргі бар модельдерді үш түрге топтастыру байқалады.
* Латын-еуропалық (Франция, Бель¬гия, Италия)
* Скандинавиялық (Финляндия, Швеция)
* Англо-саксондық (АҚШ, Канада)
* Латын-еуропалық модель өздерін «отбасынан тыс тәрбие» деп атайды. Франциядағы осындай «мектеп-ана» моделі 4 жә¬не 5 жастағы балалардың бәрін міндетті қамтуды көздейді.
Cкандинавиялық модельдің шведтік үлгісі мейлінше жалпы талаптарға жақын келеді. Олар 7 жасқа дейінгі барлық балаларды міндетті қамтыған және ата-аналары жұмыста болатын 1-сынып оқушыларын да қамқор¬лыққа алған. Oлардың сапалылығына ықпал ету үшін арнаулы бақылау ұйымдары құрылған және ондағы оқу-тәрбие жұмысы ғылыми негізделген жағдайда ғана жүргізіледі.
Англо-саксон үлгісіндегі мектепке дейінгі тәрбие мемлекет құзырында болмағандықтан, оның балабақшадан тыс әрі қамқорлық көрсететін, әрі оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын көптеген түрлері бар:
* «Үйдегі қамқорлық»- бала тәрбиеші мен күтуші тәрбиесінде болады, бірақ тәрбие өз үйінде жүргізіледі;
* «Күндізгі отбасы қамқорлығы»- бірнеше отбасы бірлесіп, бір үйде балаларды күндіз қамқорлыққа алады.
* «Күндізгі қамқорлық орталығы»- отбасынан тыс арнаулы орында ұйымдастырылған жекеменшіктегі балабақша;
* «Балалар мектебі»- бастауыш мектепке дайындау мектебі.
Англо-саксон моделі мынандай сипаттармен ерекшеленеді: баланы өз тағдырын өзі анықтауға құқы бар тәуелсіз тұлға деп түсіну, мектепке дейінгі білім беруде мемлекет үлесін шектеу.
Әр түрлі елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардың ұйымдастырылуына олардың типтері, қамтылатын балалардың жас мөлшері, мақсат-міндеттері, бағдарламалары, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшеліктері бола тұра, көздейтін нәтижелерінің бағыттастығы мен үндестігін көруге болады.
Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады. Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Бала 5 жастан бастап міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін бала ана тәрбиесінде болғаны дұрыс деп есептеледі. Англия бағдарламаларында әлеуметтік тәрбиеге жоғары мән беріледі. Ол бала бойына қарым-қатынас дағдыларын, ұжымда жүріп-тұруды үйретуге бағытталған. Ағылшын педагогтары баланың сөзбен айта алмаған сезімдерін сурет салу арқылы жеткізуге үйрету керек деп санайды. Мүсіндеуге көбіне пластилинді қолданады. Адамгершілік тәрбиесі жалпы адамгершілік құндылықтармен бірге, экологиялық, діни және жыныстық тәрбие элементтерін сіңіруді қарастырады. Мұнда қоршаған орта, радио, теледидар, көркем әдебиет, музыка кең қолданылады.
Германияда мектепке дейінгі ұйымдар үшін бірыңғай ұлттық бағдарлама жоқ. Әр балабақша өз бағдарламасын жасайды. Алайда балабақша тәрбиешілерінің дайындық деңгейлеріне ерекше көңіл бөлініп, аса жоғары талаптар қойылады. Оқу тәрбиеде күштеу қолданылмайды. Ол балалардың шығармашылығын қолдай отырып, ойнауға, өзара қатынасқа көбірек көңіл бөлінеді. Жекелей оқу, еркін ойнау бәрі де бала тарапынан қалауы бойынша әрі өз бетінше жүзеге асады. Педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді түсіндіру, баланың мінез-құлқын бақылаумен ғана шектеледі. Бұлайша оқу күнделікті жүргізілетін тесттілік зерттеулерге негізделеді. Дей тұрғанмен, бала тәрбиесін бұлайша ұйымдастыру да сындарлы мәселе де жоқ емес. Мысалы: біріншіден, баланың өз қалауымен ғана жүзеге асырылатын тәжірибе сабақтары өзінің дамытушылық мүмкіндігі жағынан баланың дамуын қамтамасыз ететін деңгейде болады деуге сену қиын; екіншіден, тәрбиешінің рөлі тым тарылған, шектелген; үшіншіден, баланың даму деңгейінің қажетті мүмкіндіктерін анықтауда бір тестілік ақпарлардан қорытынды шығару жеткіліксіз, мұнда тәрбиешінің бақылаулары мен ата-ана мүдделерін де ескеру керек.
Францияда мектепке дейінгі тәрбие ұйымдары мектептің бір бөлшегі ретінде Ұлттық білім беру министірлігіне қарайды. Олар негізінен мектеп-ана типінде өмір сүреді. Сондай-ақ, жекеленген сыныптар түрінде, мектепалды дайындық ретінде мектеп жанында жұмыс істейді. Егер ата-ана баласын мектепке дейінгі тәрбие ұйымына бергісі келмесе, онда себептері негізделген өтініш жазып, балаларын мемлекеттік ұйымдар тарапынан ұйымдастырылатын тиісті тестіден жыл сайын өткізіп отырады. Францияда бала 6 жасында оқуды, жазуды, санауды білетін, қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгерген болуы міндетті деп есептеледі. Францияда мектепке дейінгі ұйым мақсаты бөлекше жүйеленеді: баланы зерігуден сақтау, белсенді әрекет, қуаныш сезімдерін сіңіру. Ал міндеттерінде дене тәрбиесі, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесі алдыңғы орында, одан кейін өз қатарларымен қарым-қатынас дағдылары, одан соң барып жазу, оқу дағдыларын меңгеру жүзеге асырылады. Тәрбиешілерге оқу құралдарын өз еркінше таңдауға, әдіс-тәсілдерді қалауынша қолдануға ерік берген. Сондықтан тәрбиеші бар оқу құралдарын пайдаланбай, басқа ізденістер жасауға құқылы. Олар қалай оқытқысы келсе де, өз қалауымен жасайды, балалармен табиғи тең құрметтеу қатынасы орнатылады. Оқу пәндері негізгі және дамытушы болып жіктеледі. Барлығы бір аптада жүргізіледі. Әдістемеде М.Ментессори идеялары қолданылады: сөз алдында сурет жүреді, оқудан бұрын жазуға үйрету көзделеді.
Қорыта айтқанда, әлем елдерінде мектепке дейінгі білім беру ісінде балаларды жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеуді ұйымдастыруда едәуір бай тәжірибелер жинақталған. Баланың өмір дағдыларын қалыптастыра отырып, шығармашылық қуат мүмкіндіктерін ізгілік тұрғыдан ашуға, дамытуға. Алдағы уақыттарда өзін-өзі танытуына негіз қалыптастыруға басымдық беріледі. Тәрбиешілер баланың қоршаған ортамен қуанышты және алаңсыз айналысуын, мейлінше дербестігін, білуге құмарлығын, ынталандыратын орта, жағдай жасайды. Оқыту мен тәрбиелеу күштеусіз, ынта-ықыласқа негізделіп, жоғары деңгейдегі кәсіптік сапада атқарылады. Ол отбасы махаббаты, жүрек жылуы, сүйіспеншілігі, баланың жеке басына құрметі, ойын, қамқорлыққа негізделеді. Сол елдегі заңнамалар олардың ұйымдастырылу тәртібіне, тәсілдеріне, сапасына ықпал етеді.

37 ) Таңертеңгілік қабылдау кезіндегі балалар іс-әрекетінің мазмұны, оларға басшылық жасау әдістемесі.

38 ) Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбиенің қазіргі кезеңдегі дамуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет