Педогогика теориялық СҰРАҚтар 26 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі


) Балалар бақшасындағы күннің екінші жартысы



бет3/7
Дата11.06.2022
өлшемі35,8 Kb.
#36685
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
пед.экзамен сұрақтары 26-38

30 ) Балалар бақшасындағы күннің екінші жартысы.
КҮННІҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ

Балалар түскі үйқыдан тұрғаннан кейін жуынады, бесін тамақ ішеді, серуенге шығадьі. Серуен барысында балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларын дамыту, дербестігін тәрбиелеу, олардың жеке басының морәльдық сапаларын қалыптастыру жұмыстары жалғасын табады. Күннің екінші жартысында (14-сызба) күн тәртібіндегі ойынға, ал ересектер топтарында балаларды еңбекке араластыруға біраз уақыт белінеді.

Мектепке дейінгі ұйымда кешке қарай ата-аналармен жұмыстар: әңгімелер, жеке және топтық кеңестер, жиналыстар, семинарлар мен практикумдар еткізіледі.

Күннің екінші жартысындағы негізгі іс-әрекет – ойын. Балалар жеке де, шағын топ болып та, бүкіл топ болып та ойнауы мүмкін. Ересек топ балаларымен дидактикалық, драмалық, мазмүнды-рольді ойындар, қүрылыс материалдарымен ойындар ұйымдастырылады. Мұндай ойындар күрделі болғандықган оларды балалардың ұйымдастыруы қиынға соғады, оған тәрбиеші кеңес беріп, ойынға араласып кемек көрсетеді.

Қимылды ойындар да пайдаланылады, олар серуен кезінде аулада немесе топ бөлмесінде өткізілуі мүмкін.

Күннің екінші жартысында еңбек әрекеті ұйымдастырылады – аптасына бір рет бүкіл топ болып топ бөлмесін жинайды: балалар ойын бүрышындағы ойыншыідарды, құрылыс материалын шкафқа жинап, қуыршақ киімдерін жуады. Сәби топта балалар тәрбиешіге кемектеседі, ал ересектер тәрбиешінің басшылығымен еңбек әрекетін өздері орындайды.

Ересектер және мектепке даярлық топтарда шаруашылық-түрмыстық және қол еңбегі үйымдастырылады. Балалар бірлесіп ауладағы ойынға арналған ойыншыетар: зырылдауықтар, қайықтар, сөмкелер жасайды. Сәби балалар: қағазды әперу, кітапты ұстай тұру сияқты жұмыстармен тәрбиешіге көмектеседі. Ал ересектер мен мектепке даярлық топтардағы балалар ездері жасайды: жыртылған кітаптарды түптейді, сынған ойыншықтарды жөндейді, сәби топтағы балаларға сыйлау үшін ойыншықтар жасайды, тәрбиеші басшылық етеді.

Сондай-ақ мектепке даярлық топ балаларымен кесте тігу, түйме қадау жұмыстары кешкі сағаттарда ұйымдастырлады. Құрал-саймандарды пайдалану ережелерінің сақталуын қадағалай отырып тәрбиеші балаларға қайшымен, пышақпен, арамен, балғамен, бізбен істелетін жұмыстарды ұйымдастырады.

Еңбек тапсырмалары барлықтоп балаларына беріледі.

Балалар бақшасында айына 2-3 рет демалые кештері мен ойын- сауықтар өткізіледі. Балалар қуыршақ театрын ұнатады. Мектепке даярлық топ балалары қуыршақпен қойылым жүргізуге үйретіліп, педагог оларға сәбилер тобының балаларына көрсетуге арнап шағын қойылымдар жасауына көмектеседі.


14- сызба

Балалар көлеңке немесе үстел үсті театрын көреді, сүйікті әндер, музыкалық шығармалар тыңдайды. Сәби топтағы балаларға арнап ересек балалар концерт ұйымдастырады: өлеңдер оқиды, билейді, сүйікті әндер орындайды.

Кешкі сағаттарда тәрбиеші балаларға ертегілер айтып, әңгімелер оқи отырып, кейіпкерлерді матамен қапталған жапсырмалы тақтада қоса көрсетуге болады. Келемі үлкен шығарма бірнеше күн бойы бөліктерге бөлініп оқылады.

Кешкі сағаттарда іс-әрекеттің түрлері ауыстырылып отырады, мысалы, музыка тыңдау, суреттер керу. Тәрбиеші сондай-ақ қимыл-қозғалыс дамыту, сурет салу, ою ою, құрастыру, сейлеу кемшіліктерін түзеу, сүйікті өлеңдер оқу, әндер қайталау сияқты жеке жұмыстар жүргізеді.

ІҮ бөлім бойынша бекіту сұрақтары:




  1. Дене тәрбиесінің бала дамуындағы маңызы неде?



  1. Дене тәрбиесі қандай міндеттер шешуді көздейді?

3 Бала денесінің дүрью дамуы үшін қандай шарттарды жүзеге асыру керек?




  1. Мектепке дейінгі балалардың мәдение-гигиеналық дағдыларьіның қандай түрлері бар?



  1. Мәдени-гигиналықдағдылар қалыптастырудың қандай шарттары мен тәсілдері бар?




  1. Балалар өмірінің күн тәртібі деген не және ол қанша уақытқа жасалады?



  1. Күн тәртібінің мазмұны мен оған қойылатын талаптар қандай?




  1. Таңертеңгілік балалар қабылдауды дұрыс үйымдастырудың маңызы неде?



  1. Күннің бірінші жартысындағы орындалатын күн тәртібіндегі сәттер қандай?




  1. Балалардыңтамағы қалай ұйымдастырылады?



  1. Мектепке дейінгі ұйымда сөруен қанша рет үйымдастырылады?




  1. Күннің бірінші жартысындағы серуен мен екінші жартысындағы серуеннің айырмашылығы неде?



  1. Мақсатты серуеннің маңызы неде және қалай ұйымдастырылады?




  1. Балалар ұйқысы қалай ұйымдастырылады?



  1. Күннің екінші жартысы қалай ұйымдастырылады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет