Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Тақырыбы:Ыстық сумен қамтамасыз ету гигиенасы



бет12/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
лек-КГ-ОЗ-каз

1.Тақырыбы:Ыстық сумен қамтамасыз ету гигиенасы.
2.Мақсаты: студенттерді ыстық сумен қамтамасыз етуге қойылатын гигиеналық талаптармен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
"Су көздеріне, шаруашылық-ауыз су мақсаты үшін су жинау орындарына, шаруашылық-ауыз сумен жабдықтауға, суды мәдени-тұрмыстық пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 104 Қаулысы
Ыстық сумен жабдықтау жүйесі – бұл мынадай жабдықтардың кешені:
жылу көзі, су дайындағыш аппаратура, суысытқыштар, су тасымалдайтын cуқұбырлар, су температурасын реттеуге, бақылауға арналған құрылғылар
Жеке ыстық сумен жабдықтау желілері бар жылумен жабдықтау жүйесі – жылу жүйесі мен ыстық сумен жабдықтау арасында байланыс болмаған жағдайда, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының тікелей қыздырылуымен сипатталады;
Ыстық сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесі –бұл жылу электр станциясындағы тұтынушыларға құбыр бойымен таратылатын суды жылыту жүйесі;
Ыстық сумен жабдықтау жүйесіне арналған бастапқы су және тұтынушыға берілетін ыстық судың сапасы қолдану жүйесіне және өндеу тәсіліне қарамастан, орталықтандырылған ауыз сумен жабдықтау жүйесі суының сапасына қойылатын талаптарға сай келуі тиіс
Ыстық суды дайындаудың және халыққа жеткізудің барлық кезеңдерінде судың сапасын зертханалық-өндірістік бақылау жүргізіледі.
Ыстық судың сапасын зертханалық өндірістік бақылау:
1) жылумен жабдықтаудың жабық жүйелерінде – бастапқы судың түсу (су құбыры) орындарында және суытқыштардан кейін
2) жылумен жабдықтаудың ашық жүйелерінде – бастапқы судың түсу (су құбыры немесе су көзі) орындарында, суды дайындаудан кейін (ішуге жарамды су) ыстық сумен жабдықтау желісіне келіп түсу алдында;
3) жеке ыстық сумен жабдықтау желілері бар жылумен жабдықтау жүйелерінде – бастапқы судың түсу (су құбыры) орындарында және суысытқыштардан кейін жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет