1. Тақырыбы: Қазақстанда су нысандарын қорғау мәселелері. Су қоймаларын ластаушы көздер. 2. Мақсаты: Қазақстандағы су нысандарын қорғау мәселелерін анықтау және су айдындарын ластаушы көздерді дұрыс жіктеу.
3. Дәріс тезистері: Жер бетіндегі суларды ластайтын пайдаланылған сулар- адамның күнделікті қолданылған суы, өндірісте пайдаланылған сулар.
Іркінді су адам күнделікті өмірде және өндірісте пайдаланылатын суы. Бұл су қосымша қоспалармен ластанған, олар судың құрамын нашарлатады.
Іркінді су судың пайда болуына байланысты бөлінеді:
Тұрмыстық, шаруашылық-фекалды, бұлар тұрмыста және қоғамдық
орындарда болады.
Өндірістік, өндірістік мекемелерде, технологиялық өндірістік
процестерде пайда болады.
Жауынды (нөсерлі, атмосфералық) жауыннан кейінгі асфальтпен,
топырақпен, қар еру нәтижесінде пайда болады. Олар су айдынға халық тұратын жерлерден, ауыл шаруашылық егістік жерлерден ағып келеді.
Қалалық, тұрмыстық және өндірістік ағын сулардың қоспасымен
тұрғылықты жерлерден тазартылмай немесе жартылай тазаланып жалпы қалалық канализацияға құйылады.
Егістік жерлердегі сіңірілген су.
Мал шаруашылығы кешенінің ағынды сулары.
Көктемгі су тасу кезеңіндегі су айдынына жиналатын ағынды сулар.
Теңіз және өзен адам тасымалдайтын көліктердің , жүк тасымалдайтын,
мұнай терминалдары ағынды сулары жатады.
Мұнан басқа су айдындары өзен арнасын құмнан тазалау кезінде ластанады. Кенеп шөп зығыр өсімдіктерін суға бұқтырып қойғанда су ластанады. Су айдынында ағызуда су ластанады. Су айдынының беті атмосфералық ауаның ластануынан ластанады. Су айдынында суда тіршілік ететін ағзалардың, жануарлардың, өсімдіктердің жойылуынан, әсіресе күз мезгілінде су түбіндегі заттардың қозғалуы. Су айдынына түскен тазартылмаған және толық тазармаған ағынды сулар әр түрлі бөлшектермен ластанады, органикалық заттармен, патогенді және патогенді бактериялармен, вирустармен, гелминтер жұмыртқасымен ластанады. Өндірістік ағынды сулармен су айдынына көп мөлшерде токсикалық химиялық заттар келеді.
Ластанған су айдындары халықтың денсаулығын сақтау қабілетін жояды. Ластанған су айдындарын пайдалану су эпидемиясына, бүкіл халықтық токсикалық улануға, концерогенді, радиоктивті, аллергенді, мутагенді заттармен жағымсыз әсер пайда болады. Ластанған су айдындары балық және тері өндірісіне зиян келтіреді.