Аурухананы салу жүйесі.
Қазірде аурухананы салу жүйесінде 3 негізгі шарт қарастырылады: тағайындалуына, күшіне, тұрғын халық санына қарай. Сонымен қатар, орталықтандырылған (централизацияланған), орталықтандырылмаған (децентрализацияланған), аралас.
Орталықтандырылған жүйе. Ауруханадағы емдеу, диагностикалау және көмекші бөлімдер бір ғимаратта біріктірілген немесе корпустары бөгеттелген. Мұндай жүйе бөлімшелердің бір-бірімен байланысын оңайлатып, персоналдар мен науқастардың қозғалыс графигын қысқартып, емдеу-диагностикалау бөлімдерінің орталықтануына ыыыңғай жасайды. (ота жасау, рентген кабинеті, зертхана, функционалды диагностикалау кабинеті және т.б.), Сонымен қатар палаталарға тамақ тасымалдауды жақсартады.
Орталықтандырылмаған жүйе аурухана бөлімшелері жеке корпустарда орналастырылады. Жағымды жағы бөлімнің жақсы оқшаулануы, ауруханалық инфекциядан қорғауға науқастың таза ауамен тынығуына жағдай жасауы.
Аралас жүйе бас дәрәгер корпусынан басқа паталог- анатомиялық және шаруашылық бөлімдерінен басқа, аурухана учаскесінде босану. Үйі, балалар ауруханасы, поликлиникалық бөлім аралас орналасады.
Жер учаскесінің ауданы ҚНжЕ 3.01-01-2002 «Қала құрылысы. Қала және елді мекендерді жоспарлау және салу» құжаттамасына сүйеніп қарастырылады, сонымен қатар төсек санына қарай: 50 төсекке дейін-300м2/, 100ден 200төсекке -200-140м2/ , 1000 төсекке -60м2/. Балалар стационарында 1,5 коэффициенттен есептеледі.
Аурухананың шаруашылық алаңында кустарниктер (қоршау) мен жасыл желектерді отырғызу екі қатардан 15м-ден кем емес ауданды құрап отыруы керек. Бұл территорияда шу деңгейін төмендетеді. Көгалдандыру алаңы 60% кем емес, бау-бақша алаңы-25м2 тан бір койкаға шаққанда. Аурухана ішілік өту жолдарымен, қамтылуы керек. Көліктерге арналған автотұрақ аурухана территориясынан 40м қашықтықта орналастырылады. Аурухана учаскесінде мынадай зоналар ажыратылады: инфекциялық бөлімше, инфекциялық емес бөлімше, босану және акушерлік бөлімше, педиатриялық бөлімше, тері-венерологиялық бөлімше, паталогоанатомиялық бөлімше, поликлиникалар, бақ-саябақ, шаруашылық алаңдары орналасады. ЕПМ аумағында өзге құрылыс нысандары орналастырылуына жол берілмейді.
Архитекторлы-жобалау шарттарына қойылатын талаптар. Науқастардың келуі мен санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы тәртіптермен дұрыс қамтамасыз етілуі тиіс. ЕПМ құрылысы мен жобалануында «таза» және «таза емес» ағындардың байланысын ескеруі керек. ЕПМ-де оқу- әдістемелік базасы, студенттерге арналған ғимарат, оқытушылар мен медициналық оқу орындарының жұмысшыларына жеке дара ғимарат қарастырылады. Палаталар астында травматологиялық пункт, қабылдау бокстарын, автокөліктердің жүру жолдарын орналастырмайды. Жертөлесінде қоймаларды, гардеробты, душ, буфет және персоналдарға арналған асхана, дезинфекциялау бөлімі орналастыруға болады.
Қабылдау бөлімшесі. Негізгі қызметтері: қабылдау, тіркеу, науқастарды орналастыру; диагноз қою; алғашқы медициналық көмек көрсету; науқастарға санитарлық өңдеу жүргізу, инфекциялық (жұқпалы) бөлімге госпитализациялау; жұқпалы аурулардың таралу қауіптілігін ескерту. Балалар бөлімшесіне, акушерлік, жұқпалы, тері-венерологиялық, туберкулез, психиатриялық бөлімдердің қабылдау бөлімшесі жеке орналастырылады.
Науқастардың ауруханаға тәулік бойына түсуі аурухананың төсек санына, бөлімшелердің санына тәуелді болады. Балалар ауруханасы мен жұқпалы және акушерлік ауруханадан басқа ауруханалардың құрамында 1 бақылау және 1 санөткізгіш болуы тиіс. Балалар ауруханасы мен жұқпалы ауруханаларда қабылдау –бақылау боксы қарастырылады.
Қабылдау-бақылау боксы- балалар мен жұқпалы ауруханалардың негізгі бөлімі болып табылады. Тамбур мен шлюздан тұрады (сыртқы тамбур-науқастар үшін және ішкі тамбур –персоналдарға арналған), бақылау бөлімшесі мен сан. торап.
Санитарлық өткел госпитализацияланған науқастарды гигиеналық тұрғыдан өңдеу үшін қызмет етеді, науқастың өз киімін қабылдап, ауруханалық киімді беру қызметін жасайды.
Палаталық бөлімше стационар құрылысында негізгі элемент болып, екі палаталық секциядан және жалпы бөлімнен тұрады (емдеу, диагностикалау, қызмет көрсету, асхана, буфет). Жұқпалы емес бөлім (офтальмологиялық, психиатриялық, тері-венерологиялық, және т.б.) ажыратылады. Мамандандырылған бөлімшеге ерекше талаптар қойылады. Терапиялық бөлімнің палаталық секциясына қосымша жүктемелер берілмейді, ал хирургиялық бөлімшеде таңуға арналған қосымша бөлме қарастырылады.
Хирургиялық бөлімшенің негізгі бөлігі Операциялық блок. Оны вертикальды коммуникациядан алшақ (лифт, қоқыс алаңынан, техникалық шахтадан), оқшауланған секцияларда орналастыру керек.
Операциялық блоктың ағындары қатаң түрде ажыратылуы тиіс:
а) залалсыздандырылмаған-хирург пен операциялық медбикенің өту жолы;
б)таза-науқасты жеткізу, анестезиологтардың өту жолы, кіші және техникалық персонал;
в)таза емес-қалдықтарды шығару, қолданылған киімдер.
Жұқпалы ауруханаларды жоспарлау және эксплуатациялау.
Жұқпалы ауруханаларда кіру, шығу ғимараттары негізгі талаптарға жауап беруі керек; «таза» және «таза емес» маршруттардың қозғалысы (науқастардың, персонал, киімдері, материалдар).
Жұқпалы аурухананың комплексті ғимараты оқшауланған территорияда орналасады. Көпқұрамды ауруханалардағы жұқпалы бөлімі бөлек орналасқан корпуста орналастырылады. Жұқпалы аурухананың көгалдандыру алаңы 15м құрауы тиіс.
«Кір» аймағынан «таза» аймаққа өту санитарлық өткізгіш арқылы іске асырылады. Санитарлық өңдеуден өткізілгеннен кейін ғана «таза» аймаққа жіберіледі.
Жұқпалы стационардың негізгі элементтері бокстар, жартылай бокстар, боксталған палаталар болып табылады. Бұл бөлімдерді соматикалық емдеу мекемелерінде науқастардың бір тобын оқшаулау үшін қолданады. Бокс шлюздан, палаталар мен санитарлық өткізгіштерден, сыртқы тамбурдан тұрады. Палаталар 1-2 төсек бойынша қарастырылады. Жартылай бокс (1-2 төсек) бокстардан сыртқы тамбурдың болмауымен ерекшеленеді. Боксталған палаталардың жартылай бокстардан айырмашылығы онда ванна болмайды, шлюз арқылы шаруашылық бөліміне кіреді, умывальниктің 1 болуы.
ЕПМ әрленуіне қойылатын талаптар. Ғимараттың ішкі бөлігі ылғалды жұмыстар мен залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін тегіс және ыңғайлы болуы керек. Ғимараттың әрленуі үшін қолданылатын материалдар, ауа өткізгіші, вентиляциялық системасы, фильтр санитарлық –эпидемиологиялық қызметтің рұқсатымен пайдаланылады. Палаталардың кабинеттер мен емдеу–диагностикалау бөлімдерінің қабырғаларын силикатты бояулармен бояу керек. Төбелерін эмульсиялық бояумен, ал едендерін жылу ұстайтын материалдармен жабдықтау керек. Ылғал жинау жұмыстары жүргізілетін бөлмелерде (операциялық, таңу бөлмесі, процедуралық, ванны, сан. торап) ылғалға төзімді материалдармен жабдықталуы тиіс. Едені су өткізбейтін материалдармен бекітіледі, төбесі суға төзімді бояумен боялады.
Жылытылуы, вентиляциясы, микроклиматына қойылатын талаптар. ЕПМ орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Бумен жылыту балалар ассханасына рұқсат етіледі.
ЕПМ ғимаратындағы температура: дәрігерлер кабинеті, персоналдарға-20 0С, операциядан кейінгі палаталар мен балаларға арналған палаталарда, босанудан кейінгі палаталарда-220С, мүгедектерге арналған палаталарда250С, санитарлық тазарту бөлмесі мен манипуляцияда -250С, зертхана мен ЛФК залында-180С.
Емдеу стационары мен босану ғимараттары жергілікті сорғышты вентиляциямен жабдықталуы тиіс. Операциялық бөлімнен басқа бөлімдерде ауаның алмасуы форточка, фрамуга, вентиляциялық каналдар арқылы жүргізіледі.
Операциялық, наркоздық, операциядан кейінгі, жансақтау бөлімі мен палаталардағы ылғалдың көрсеткіші 55-60%, басқа палаталарда -30-50%, жылдың жылы мезгілінде -30-60%, суық-30-45% құрайды. Ауа қозғалысы 0,2 м/сек болуы тиіс.
Ауа қозғалысын операциялық бөлімнен одан дәлізге қарай қамтамасыз ету керек. Жұтылған ауа фильтрде тазартылады, ал операциялық наркоз беру, жансақтау палаталарында, босанар алдынғы босану палаталарында –қосымша бактерицидтік фильтрмен ауа тазартылады.
Аурухана бөлімдері, босану бөлімі және т.б. емдеу стационарларында табиғи жарықтандырумен қамтамасыз етіледі. Екіншілік жарықтандыру жасанды түрде қоймаларда, санитарлық өткізгіштер палаталардағы, жеке бас гигиенасына арналған бөлме, діш, операциялық бөлім, наркоз және т.б. қолданылады.
Жалпы жарықтандыру люминесценттік шамдармен жүргізіледі. Палаталарды жергілікті жарықтандыруға (балалар мен психиатриялық бөлімдерден басқа) қабырғалық және қосарланағн светильниктер қолданылады. Дәрігер кабинетінде науқастарды қарауға арналған стол үстілік светильниктер қолданылады.
ЕПМ Санитарлық-техникалық жабдықталуына қойылатын талаптар. Аурухана су құбырымен, канализациямен, ыстық сумен қамтамасыз етілуі керек. Жаңадан соғылып жатқан ауруханаларда міндетті түрде авариялық жылы су қарастырылады, үзіліссіз істейтін электрлі су жылытқыштардың есебінен істейтін санитарлық-техникалық құралдар (крандар, раковина, ванны, унитаз) дұрыс, талаптарға сай болу керек.
ЕПМ жұмысын қадағалауды санитарлық бақылау нысаны комплексты және жоспарлы түрде жүргізеді. Кешенді бақылау жылына 1 рет коммуналдық гигиена дәрігерімен эпидемиолог, бактериолог, дезинфекционист, т.б. мамандардың қатысуымен жүргізіледі.
Жоспарлы қадағалау көрсеткіштер бойынша жылына кемінде 1 рет жүргізіледі. Кіші объектілер 1 рет тексеріледі. Қадағалауды білікті сандәрігерімен қатар медперсонал жүргізеді.
Санитарлық қадағалауды коммуналдық гигиена дәрігері жүргізеді: ересектер мен балалар соматикалық емдеу стационарына, мамандандырылған ауруханаларға, жұқпалы емес диспансерлерге, босану мекемелеріне, амбулаторлық-поликлиникалық мекемеге, аптека. Дәрігер мынаны қарастырады: ғимараттың архитекторлы –жобалы нормативін, санитарлық-техникалық жағдайы мен инженерлік жабдықталуын, жылу және вентиляциясының жағдайын, канализациясы, микроклиматы, жарықтандыру, санитарлық гигиеналық режим, шуға қарсы шараларын, төсек әбзелдерімен , жиһазбен, жуу заттарымен жабдықталуын қадағалайды.
Ауруханалардағы санитарлық эпидемияға қарсы шаралар мына талаптарға сәйкес жүргізіледі:
Инфекцияға қарсы шараларды қарастыру қиын сұрақ болып табылады. Өкінішке орай медицина ғылымының жағдайы ВБИ туындауын тоқтатуға мүмкіншілігі аз. Қазіргі таңда балаларауруханасында экологиялық белгілері бойынша балаларды төсекпен қамтамасыз ету жеткіліксіз болып отыр. Мысалы: іштің өтуі ағзаға түскен шигел (40 түрден аса) және сальмонелла (100 деген нұсқалары) нәтижесінде туындауы мүмкін. Бұдан басқа балаларда іштің өтуі патогенді ішек таяқшаларының түсуімен, стафилакокк әсермен туындауы мүмкін.
Осы қоздырғыштарды тасымалдаушылармен күресуде қиындықтар туып отыр.
Жұмыс істейтін дәрігерлермен медбикелердің (тұмау, ангина, тері аурулары күйінде өтіп, іш өту) жұмыс істеуді жалғастыруы ауруды таратушы көз болып табылдаы.
Медицина қызметкерлердің арасында ауру қоздырғыштарын тасымалдауға байланысты мына құжаттама бойынша медициналық тексерілу орындалды (м3 №23.07.2002ж).
Дезинфекция жүргізіледі: бөлім (палаталар, дәліздер, егу бөлмесі және т.б.); инвентарь қолданылған таңу материалдарын сақтайтын кездер, резеңке кілемшелер т.б. құрал-жабдықтар), санитарлық-техникалық жабдықтар (раковина, ванналар, унитаздар); науқастан шыққан қалдықтар (мәжіс, үлкен дәрет, қақырық).
Достарыңызбен бөлісу: |