4.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар-24
5.Әдебиет: 1. Мазаев В.Т. , М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.1/ под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммунальная гигиена. Неменко Б.А. У.И. Кенесариев. Алматы.Научно изд .- Гылым, 2003. – 463с.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Общая гигиена/ под.ред. А.М. Большакова., В.Г.Маймулова В.Г.- М., 2006.-736с.
5. Шабдарбаева М.С., Омаров С.Қ.Коммуналдық гигиена Алматы: ЖШС «Эверо» -2011, 264 б. І бөлім.
6.Қорытынды сұрақтары: 1.ЕПМ жоспарлаудың және салудың гигиеналық негіздерін атаңыз.
2. ЕПМ жоспарлаудың және салудың негізгі заңды құжаттарын атаңыз.
3.Аурухананы салу жүйелерін атаңыз.
4.ЕПМ бөлмелерін әрлеуге қойылатын гигиеналық талаптарды атаңыз.
5.ЕПМ жылытуға, вентиляцияға, микроклиматына қойылатын гигиеналық талаптарды атаңыз.
6.Ауруханаларда санитариялық-эпидемияға қарсы жүргізілетін шараларды атаңыз.
№10
1.Тақырыбы. Спорт құрылымдарының, мәдени-ағарту және көрермен мекемелерінің гигиенасы. 2.Мақсаты: Студенттерді спорт құрылымдарының, мәдени-ағарту және көрермен мекемелерінің гигиеналық талаптарымен таныстыру.
3.Дәріс тезистері: Дене шынықтыру мен спортпен айналысатын орындар мен спорт құрылымдарының жобалануы мен жабдықталуының ерекшеліктері. Спорт құрылымдарының ашық және жабық түрлерін ажыратады. Бірінші түріне жеңіл атлетикамен шұғылдану орындары жатады; жүзуге арналған ашық жасанды бассейндері және табиғи су қоймаларындағы бассейндер; конькиде мәнерлеп сырғанау, конькилік жарыс жолдары; хоккейге арналған алаң; көпшілік сырғанау алаңдары және т.б; жабық түріне – гимнастикамен, күреспен, бокспен, ауыр атлетикамен, спорт ойындарымен, фехтованиямен, шұғылдануға арналған залдар; жасанды мұз катоктары; жүзуге арналған жабық бассейндер; шаңғы стансалары және тир ату орындары.
Ашық және жабық спорт құрылымдары спорт комплекісінің құрамына енетін бөлек орналасқан ғимараттарда элементтерде жеке орналастырылады.
Кешенді спорт құрылымдарына тән құрылым ол, стадион болып табылады. Стадион арнайы бөлмелерден тұрады және оқу-жаттығу орталығы және әртүрлі спорт ойындары бойынша жарыстар өткізетін орын болып саналады.
Жаттығуға арналған әрбір спорт құрылымдарында спортсмендерді және қызмет көрсетуші персоналдарға арналған қосалқы бөлме жайлар қарастырылған. Бұл, шешінетін бөлме, киім ілетін бөлме, душ бөлмесі, дәретхаланалар, дәрігер бөлмесі, массаж жасау бөлмесі, әкімшілік бөлмесі, құрал жабдықтарды сақтауға арналған бөлме және т.с.с.
Спортпен шұғылдануға жағдай жасау және жарақаттарды болдырмаудың негізгі көрсеткіші жобалауды дұрыс бекіттіреді немесе линолеуммен. Проходтарға саңырауқұлақты ауруларды тудыратыфн кілемдерді төсемей, резиналы төсеніштерді қолдануға кеңесберіледі. Душтың еденіне плиткаларды төсейді, суды алып кететін тряпкалармен жабдықтайды. Цементте едендерге рұқсат етіледі.
Душты ыстық және суық сумен қамтамасыз етеді. Спорт құрылымдарының көрермендерге арналған қосымша бөлмесі жарысты өткізуге жабдықтайды. Трибунадағы қатарлар төменнен жоғарыға қарай орналасады, жақсы көрінуі үшін.
Трибунаның ауданы 1 көременге 0,5м2 құрайды. Көрермендердің қауіпсіздігі мен ыңғайлы жағдайы үшін әрбір секциядағы саны 14 қатардан аспағанда 50 денартпауы керек, ал қатарлар саны көп болса 40 тан аспауы тиіс. Отыруға арналған орындықтардың ұзындығы 40-42 см және ені 30-354 см биіктігі 45 см болғанда. Орындықтар мен өтетін жолдадың арасындағы ара қашықтық -45 см, қатардың тереңдігі-75-80 см.
Келушілердің қозғалысын қамтамасыз ету үшін дәретханалардың кіру және шығу есіктері бөлек болуы тиіс.
Мәдени-ағарту орталықтарына мына ағарту нысандары жатады (театр, кинотеатр, цирк, концерт залы, клубтар), көрме залы, кітапхана, т.б. әрқайсысы өзінің ерекшелігіне қарамастан, ауданы шектелген бөлмеде белгілі бір уақытта адамдар контигенті келіп жатады. Мекемелердің залдаы (көрермендерге арналған, көрмеге арналған, оқу және т.б.), бір-біріне ұқсас көптеген функцияларды атқаратындықтан жобалаудың гигиеналық талаптары мен жабдықталуының орналасуына қарамастан, негізгі функционалдық ұқсастықтары көп. Ең алдымен, микроклиматтың оптимальды параметрлерімен, көру және есітуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұдан басқа бұл ғимараттарда көрме кезінде, фильм демонстрациясы болып жатқанда адамдар көп болатындықтан ауа алмастырғыш вентиляция, гардеробымен қамтамасыз етіледі. Басты назарды шылым шегуге арналған бөлмелерге аударады. Гардероб негізінен вестибюл бөлмесінен ажыратылып, кіре беріске, адамдар өтетін жерлерге жақын етіп орналастырылады.
Вентиляция мен шаңұстауды қадағалаудың эффективтілігін жеңілдету үшін гигиеналық тұрғыдан орталықтандырылған гардеробпен қамтамасыз етіледі. Шешінуге арналған бөлменің ауданы 1 келушіге шаққанда 0,08-0,1 м құрайды.
Коридорлар күту және кулуар (серуендерге арналған коридор) функцияларын атқарады. Олар мекемедегі бөлек орналасқан бөлмелерді байланыстырады, Мысалы: театрда –көрермендерге арналған зал, фойе және қосымша бөлмелер (буфет, кафе, театр музейі, дәретхана және шегуге арналған бөлмелер).
Театр негізінен халық көп шоғырланған аудандарда орналастырылады. Ол жердің сәнін келтіреді. Оның орналасуы үшін қолайлы жайлар алаңдар мен магистралдар болып табылады. Темір жол стансалары мен жолға, өндіріс орындарына, метро мен басқа да шу шығаратын орындарға театрды жақын орналастыруға рұқсат етілмейді.
Театрдың ғимараты 3 бөлмеден тұрады:
1.көрермендерге арналған; 2)демонстрациялық- сахналық; 3)администрация-шаруашылық.
Театрдың көрермендерге арналған залы жобалаудың гигиеналық талаптары мен жабдықталуы бойынша көрермендерге тамашалауға ыңғайлы болуы керек, жақсы көрінетін, тыңдалымы, микроклиматы, ауа ортасының сапасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Акустикасы реверберациясымен бағаланады )многократное отражения). Жақсыакустикамн қамтамасыз етілген реверберациясының, ұзақтығы 1,75-1,85С құрайды. Залда акустика жақсы болуы үшін көрермендерге арналған жұмсақ жиһазды қолданады. Адамдардың келу санына қарамастан жақсы акустикаен қамтамасыз етеді. Келесі орындықтардың әрқайсысының ара қашықтығы 12 см ден жақын болмаса, көрермендерге жақсы көре алады. Опера театрында соңғы қатар мен қабырғаның, ара қашықтығы 30-32 м, драма театрында 25-27 м болады.
Театрдағы көрермендерге арналған залының қабырғасының түсаімен әрленуіне әртүрлі көзқарастар бар. Көрермендер үшін әрлендірудің ең жақсысы болып жасыл, ақ-сары және көгілдір түстер таңдалған. Көрермендерге арналған залды, кулулар мен фойены көңіл-күйді түсірмейтіндей әртүрлі жағымды түстерге бояу керек.ъ
Көрермендер залының жиһаздарына қосымша талаптар қойылады. Мысалы: кресла болуы керек: 1)отыруға ыңғайлы конструкцияланған; 2)орындықтың биіктігі 46 см болып, дененің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне жауап бере алатындай болуы керек; 3)тереңдігі -40-42 см және ұзындығы-55 см; 4)шаңнан оңай тазаланатын болуы қажет, т.б.
Қабырға театр бөлмесінің негізгі демонстрациялық тобына жатады. Терең оналасқан қабырға көрермендер залымен потальді түрде байланысады, оның ұзындығы залдың пішініне, көлеміне және көрермендерге арналған орындықтың орналасқанына тәуелді болады. Заманауи театрларда портальді түрде кең болуы керек: Опера және балет театрында -12 ден 18 м дейін, драмалық театрда-10 нан 14 м дейін. Қабырға ұзындығы 31 ден 19 мдейін, тереңдігі 24-17 метр. Биіктігі 3 порталдың ұзындығына тең болуы керек. Қабырғаның пішіні тік бұрышты.
Кинотеатр макғсимальды түрде көрермендерге жақын орналастырылады. Тұрғындарға қолайсыз жағдайлар мен шуды тудырмау үшін оларды қоса салуға рұқсат естілмейді. Кинотеатрға келушілерді тек бір бағытта қозғалуға арналған системасын қолданады: вестибюль арқылы, кулулар, көрермендер залы, шығу есігі. Кинотеатрдың басты жобасының элементі көрермендер залы, айналасында қосымша бөлмелер орналасады. Ол фильмді көруді жақсы қамтамасыз етуі керек, дыбыстық және микроклиматтық жағдайларын келушілерге қолайлы етуі тиіс. Фойенің ауданы 1 адамға шаққанда 0,5м құрауы тиіс. Фойе клушілердің вестибюль және кіру бөлмелерімен байланысуына жағдай жасайды. Ұйымдастыру болып табылады. Көрсеткіші бойынша жеке спорт құрылымдары сәйкесінше жобаның шешімін талап етеді. Олардың ішінде мыналар: а) алмасуы жақсы, күн сәулесімен сәулеленетін, таза, территориясы жеткілікті болуы керек; б)территориясы қоршалуы керек; в)көрермендер мен спортсмендерге арналған орындар мен бөлмелер дұрыс орналасуы керек: г)жабық бөлмелердің оптимальді жағдайы (микроклимат, ауаның сапасы, жарықтануы, күн сәулесімен сәулеленуі, акустикасы т.б.).
Спортсмендерге қызмет көрсететін қосымша бөлмелерді жеке ғимаратта (павильондарда) немесе трубиналарда жабдықтайды. Олардың көлемі: шешіну бөлмесі-1 адамға есептегенде 0,4м ; душ- бір рожок 20 адамға; бір кақытта шұғылданатын болса; еркектерге арналған дәретхана – бір унитаз және бір писсуар 50 еркекке, әйелдер дәретханасы- бір унитаз 30 әйелге.
Егер стадионның қосалқы бөлмелерін спорттық қыстық жаттығу түрлеріне қолданатын болса, арнайы қосымша бөлмелермен толықтырылады. Мысалы: коньки тепкендердің жылынуға арналған бөлмесі (0,16м 1 адамға ) және конькилерді жалға алу бөлмесі.
Қосымша бөлмелердегі ашық жасанды бассейндердің ауданы жобаланады: шешіну бөлмесі-100 бір ауысымдағы физкультирниктерге; душ-3 адамға 1 рожок; еркектер дәретханасы -10 адамға 1 унитаз және 1 писсуар, әйелдердікі-7 әйелге бір ауысымдағы 1 унитаз.
Бірнеше қосымша бөлмелер жалпы спорт құрыымдарының түрлерін қамтиды: массажбен айналысатын дәрігер кабинеті (10-12м); инструкторларға арналған бөлме (12-15м); төрешілердің бөлмесі (15-20м); буфетпен демалыс бөлмесі (30-70м); қызмет көрсету персоналы (10м); спорт инвентариясын сақтауға арналған бөлме (15-25м) және дирекциялар (20-40м). Қосымша бөлмелердің биіктігі 2,7 ден ке болмауы керек, қойманы, дәретхана және душты қоса алғанда, 2,4 м дейін қысқартылуы мүмкін болған. Шешіну бөлмелері ен медициналық бөлмелердің қабырғаларының биіктігі 1,7 м болып ашық бояумен боялады, ал душты кафелмен жапсырып бекітеді. Шешіну бөлмесінің еденін ағаштан жасайды, бояйды.