Пән : «Коммуналды гигиенасы»


Иллюстрациялы материалдар



бет44/49
Дата02.05.2023
өлшемі226,41 Kb.
#88966
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49
Байланысты:
лек-КГ-ОЗ-каз

4.Иллюстрациялы материалдар: слайдтар - 46
5.Әдебиет:
1. Мазаев В.Т. , М.М. Гимадеев., А.А. Королев., Т.Г. Шлепнина. Коммунальная гигиена . Ч.2/ под. ред. В.Т. Мазаева – 2-е изд. испр. и доп. М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. – 304 с.
2. Коммунальная гигиена. Неменко Б.А. У.И. Кенесариев. Алматы.Научно изд .- Гылым, 2003. – 463с.
3. Коммунальная гигиена. Акулов К.И., Буштуева К.А. –М:. Медицина, 1986. – 608с.
4. Общая гигиена/ под.ред. А.М. Большакова., В.Г.Маймулова В.Г.- М., 2006.-736с.
6. Қорытынды сұрақтары:
1.Спорт құрылымдарының бөлмелер жиынтығын атап беріңіз.
2. Спорт құрылымдарының микроклиматына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
3. Театр микроклиматына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
4. Театрдағы көрермен залының жабдықталуына және жоспарлануына қандай гигиеналық талаптар қойылады?
5. Кинотеатрдың орналасуына қандай гигиеналық талаптар қойылады?


11
1.Тақырыбы. Аудандық жоспарлаудың гигиеналық негіздері. Елді мекендердің аумағын функционалдық аймақтарға бөлу. Қалақұраушы факторлар.
2.Мақсаты: студенттерді аудандық жоспарлаудың гигиеналық принциптерімен, жобалаушы құжаттармен, территорияны функционалдық аймақтарға бөлу принциптерімен, сондай-ақ қалақұраушы факторлармен таныстыру.
3.Дәріс тезистері:
Алғашқы уақытта елді-мекендер құрудың гигиеналық принциптеріне көңіл бөлінген жоқ. Бірақ, сол кезеңде антикалық қалалар Греция және Римде тұрғындардың денсаулығына қолайлы елді мекендер саласына бастады. Аристотель қаланың жақсы орналасуына, ал Гиппократ бастапқы мекендердің зиянды әсерлеріне үлкен мән берген. Антикалық қалаларда жоспарлау жүргізіле бастады, су құбырлары мен кәріздер (канализация) салына бастады.
Адам денсаулығын және табиғи ресурстарды қорғауда қазіргі қала құраушы сұрақтар бірінші орында тұруы керек және ол көп факторлармен кешенді түрде шешілуі керек, соның ішінде аудандық жоспарлаудан бастаған дұрыс. Көп жағдайда аудандық қоршаған территорияларсыз елді мекендерде құрылыс жұмыстарын жүргізу қиынға соғады.
Гигиеналық тұрғыдан аудандық жоспарлау мүмкіндік береді: халықтың жағдайын жақсарту мақсатында (су, жасыл желекті массивтер және т.б.) үлкен масштабты территорияларды қолайлы факторлармен мақсатты түрде жасау; қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауылшаруашылық аймақтарын құру; өндірістік нысандарға байланысты елді мекендерді ұтымды орналастыру; сумен қамтамасыз ету көздерін оптимальді таңдау; аудан территориясына арнайы ауруханалар, шипа-жайлар, демалу үйлерін орналастыру.
Аудандық жоспарлаудың жобасын қарастырғанда, ауданның табиғи-климаттық жағдайын бағалауға міндетті түрде көңіл бөлген жөн. Олардан бірінші кезекте есепке алынуы тиіс: климат, рельеф, топырақ, жер асты және жер үсті сулары, өсімдік, сейсматикалық, селолық, мұзды және басқа да факторлар.
Климат – белгілі бір жердегі көп жылдық,тұрақты ауа-райы режимі, түрлері:
А) макроклимат – географиялық енділіктен тыс үлкен территориялық климат;
Б) мезоклимат – ұсақ масштабты (елді мекен, қала) жергілікті климат.
В) микроклимат – өте ұсақ көлемді, атмосфераның жердегі көлемі.
Аудандық доспарлаудың жобасында – макроклимат, елді мекендерде – мезоклимат, тұғын аудандарды – микроклимат болып саналады. Бірақ практикада 2 анықтама қолданылады: климат (макроклимат) және микроклимат (мезо және микроклимат).
Климат параметрлерінің негізгі көрсеткіштерінде гидромет қызметінің материалы және СНмЕ 2.04-11.2001 «Құрылыстық климатология» болады. Жобаны жоспарлау мен елді мекендердің құрылысында климаттық паспорт болуы тиіс.
Елді мекеннің климатын бағалауда желдің бағыты мен жылдамдығы үлкен мағынаға ие. Желдің жылдамдығы мен ауа температурасының үйлесімді болғаны жөн.
Елді мекендердің рельефі жоспарлауда маңызы жоғарыжәне елді мекендердің территориясын, өндірістік объектісін, аграрлық кешенді, демалыс аймағын, санаториялармен демалыс үйлерін, транспорт пен инженерлік желіні таңдауға септігін тигізеді. Рельеф жағдайы сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйесінің экономикалық сұрақтарын шешуге, климаттық параметрлердің объективті бағалауда қажет. Жалпақ рельеф елді мекен территориясын су басуға алып келетін атмосфералық сулардың ағысын қиындатады. Жергілікті рельефтің ерекшелігі елді мекендердің жақсы инсоляциясына әсер етеді.
Инсоляция – күн сәулесінің тікелей әсері. Ғимараттың орналасуы мен ориентациясы инсоляция жағдайына, жасанды жарықтандыру деңгейіне және климатқа әсер етеді. Ориентацияның бірнеше түрін ажыратады.
Меридиональді – ғимараттың ұзын осі меридиан бойынша және оған параллель орналастырылады. Бұл ориентацияның 1 фасады – батысқа, 2-сі шығысқа қаратылады. Бұл ІІ климаттық белдеуге ұсынылады. Жылы және ыстық климаттық белдеулерде (ІІІ-ІV) фасад бөлмелері батысқа қарап орналасады, жылытады, бұл жатын бөлмеге қолайсыз болып табылады.
Экваториальді немесе енді – ғимараттың ұзын осі экватор бойынша және оған параллель орналасады. Мұнда 1 фасад – солтүстікке қарай, 2 фасад – оңтүстікке қарай орналасады. Солтүстікке (600С), оңтүстікке (450С) қолданылады. Оңтүстік фасадтар күн сәулесін максималды түрде алады, ал жазда солтүстік фасадтар солтүстік батыстан, солтүстік-шығыстан сәулелер бойынша жарықтандырылады. Жазда оңтүстікте күн сәулесі тікелей жарықтандырылмайды. Солтүстік фасадтар қажетті ылғалдылықпен қамтамасыз етіледі. Қыста төмен тұрған күн оңтүстік ғимараттың фасадын жақсы жылытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет