Пән атауы: Философия
Тақырып: №3
Практикалық сабақ: Сана, жан және тіл
Тапсырмалар:.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:
Адам санасының негізгі қасиеттері
Сана - психика дамуының жоғары сатысы ретінде, ең алдымен, жалпыны және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді емес, өзін білуді қамтамасыз етеді, яғни өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс береді. Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады.
Адамның санасының негізгі қасиеттері: идеалдық; интенционалдық; идеаторлық болып жіктеледі.Идеалдық —сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана: материалдық дүниеге қарама қарсы ; материядан тәуелсіз; материалдық құралдармен танылмайды; Интенционалдық - обьектіге деген бағыт. Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес. Идеаторлық сана — идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті — қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті — адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.
Қорыта айтсақ, сана психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әркетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық тарихи шарттарға сай қалыптасуының нәтижесі.
Сананың детерминанттылығы: саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы.
Сана - бұл мидың ең жоғары функциясы, адамдарға ғана тән және шындықты көрсете отырып, онымен ақыл-ойдың психикалық құрылысы арқылы өзара әрекеттесу, нәтижелерді алдын ала есептеу және сыртқы әлемде жүзеге асыру. Әрбір адамның психикасында санасыздық та ,ақылсыздық та әрекеттер бар. Адам әр ісін, әр қадамын ойлап, сана елегінен өткізіп жатпайды. Көп нәрсені адам дағдылы әдіспен, ойламай-ақ, дәлме-дәл жүзеге асырады. Мұндайда кейде ойлап жатудың өзі де кедергі жасайды. Мәселен, жүрісі көп көшедегі автомабиль жүргізушінің іс-қимылы сондай. Сондықтан ұдайы, үздіксіз ойланбай, миға демалыс беріп, кейбір іс-әрекетті адам қашаннан үйреншікті дағдымен атқарып үйренген. Бұл — санасыздық болып табылады. Философияда саналық пен санасыздық арақатынасы жайлы мәселе қашанда идеологиялық күрес объектісі болып келеді.
Бірақ адам өмірінде инстинкті психикалық санасыздық не ақылсыздық әрекеттері де, сайып келгенде, сана билейді. Сонымен инстинкті ақылсыздық дегеніміз – дәл осы сәтте санамен басқарылмайтын, бірақ түптен келгенде адам миынан онша алық кетпейтін, әсіресе мидың естілік қабілеті, қасиетімен бақаланатын психикалық процесс.
Ұлттық сана туралы жеке пікіріңіз..
Менің ойымша, Ұлттық өзіндік сана дегеніміз — этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы. Ұлттық өзіндік сананы ұлттың өзінің әлеуметтік-этностық мәнін танып білуі, дүниежүзілік қауымдастық жүйедегі өзінің орнын және қандай орын ала алатынын, адамзат тарихындағы атқарып жүрген әрекеттік рөлін және оның қандайын атқара алатынын, адамзат жасап жатқан өркениетке қосқан және қоса алатын үлесін сезіп тұшынуы, сонымен қоса өзге халықтармен тең, еркін және тәуелсіз өмір сүрудің табиғи-тарихи құқығын түсінуі деп ұғуға болады
Ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы бала дүниеге келгеннен бастап отбасындағы ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты. Егер отбасында ұлттық тәрбие болмаса, балалардың ұлттық тұлға болып қалыптасуы сондай теріс тәрбиеге лайықтанып қалыптасады. Ұлттық сананың ең негізгі белгісі - әр ұлттың өзін-өзі танып білуі, өзін өзге ұлттардан айыра білуі, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді іске асыру үшін күресу, ұлттық мақсаттар мен мүдделерді бүкіл адамзаттың мақсаттары мен мүдделеріне ұштастыра білу.
Өз ойымды түйіндей келе, Ұлттық тәрбиеге негізделген ұлттық сана – біздің ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін асыл қазынамыз. Басында ми бар болса, бетінде ары, - деп Шәкәрім ақын жырлағандай, біздің жастарымыздың өз өмірлерін бос өткізбей, білімге жұмсауды, артында өшпейтін із қалдырып, ұлттық болмысымызды, мүддемізді, намысымызды сақтап қалуға ұмтылуына көмектесуіміз керек деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |