Пән атауы: Инклюзивті білім беру Орындаған: Сериккалиева Қарақат ҚТӘ-202



бет1/2
Дата02.12.2023
өлшемі28,03 Kb.
#132098
  1   2
Байланысты:
срсп инклюзив Сериккалиева (копия)


Пән атауы:Инклюзивті білім беру
Орындаған:Сериккалиева Қарақат ҚТӘ-202
№1 СРС-СРСП
Тақырыбы:Қазақстан Республикасында және шетелде білім берудің даму тарихы.Инклюзивті білім берудің құндылықтары,қағидалары.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұрaтын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім aлу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өмiріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қaтысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дaмытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, пcихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кeмтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті oқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бaғдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектeп- интернaтқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, 1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту. Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі.
Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Ал, біздің ойымызша, қазіргі таңда инклюзияны жүзеге асыру табыстылығы тікелей болашақ мамандардың даярлығына байланысты болып табылады.

№2 СРС-СРСП


Тақырыбы: Инклюзивті білім беру субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау шарттары және оны ұйымдастыру. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі. ПМПК қызметінің міндеттері мен негізгі бағыттары. Ерекше білім қажеттіліктері бар оқушылар үшін арнайы білім беру жағдайын ұйымдастыру.
Тәрбиелеу мен білім берудің адамгершілік бағытының қалыптасуымен қатар, балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау идеясы дами бастады. Ол балалар мен жасөспірімдерге білікті психологиялық көмек көрсету проблемасының аясында пайда болды. «Қолдау» түсінігінің мазмұнын талдап көрейік. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес бұл термин қандай да бір құбылыспен бірге жүретін әрекетті білдіреді.Зерттеуші Ю. Слюсарев «қолдау» түсінігін адамның өзіндік ресурстарын белсендіретін және өзін өзі дамыту механизмдерін іске қосатын тұлғаның өзіндік санасының дамуы мен өзін өзі дамытуына бағытталған психологиялық көмек көрсету ретінде қолданған. М.Р. Битянова қолдауды «баланың эмоционалдық қолайлылығы, оның табысты дамуы мен оқуына бағытталған психологтың білім беру ортасындағы кәсіби әрекеттерінің жүйесі» ретінде анықтайды.«Әлеуметтік-педагогикалық қолдау» терминінің талдауына көшпес бұрын «әлеуметтік» және «педагогикалық» қолдау түсініктеріне анықтама беруді жөн деп санаймыз.
И. А. Липский «тұлға дамуын педагогикалық қолдау кешенді сипатта болады: әлеуметтік саладағы адамдардың өзара әрекеттестігінің механизмдерін көрсетеді, бір мезетте уақыттық, кеңістіктік және институционалды формаларда болады, жүйелі-құрылымдық, процессуалдық және әрекеттік сипаттамалар арқылы көрініс табады» деп есептейді.Педагогикалық қолдаудың мақсаты сүйемелденетін адам тұлғасын институционалды рәсімдеудегі арнайы педагогикалық жүйелер арқылы жүзеге асырылатын мақсатқа бағыттап дамыту болып табылады. Педагогикалық қолдау тұжырымдамасы мүдделі бақылау, кеңес беру, жеке өзінің қатысуы,баланың белсенділігінде көрінетін оның барынша дербестігін мадақтау процесі ретінде қарастырылады.
Н.Б. Крылова педагогикалық қолдауды оқушының жанында бола алу,соңынан еру, оның жеке білім беру маршрутында, оқудағы жеке қозғалыстарында бірге жүру деп түсінеді. Е. И. Казакова психологиялық-педагогикалық қолдау «балаға, оның отбасына және педагогтарға көмек көрсету, оның негізінде өзекті проблеманың шешу жолын таңдауда дамыту субъктінің барынша бостандығы мен жауапкершілігін сақтау; педагогтар, психологтар, әлеуметтік және медициналық қызметкерлердің күшін біріктірумен қамтамасыз етілетін мультипәндік әдіс; проблеманың диагностикасы мен оны шешудің субъектілік әлеуеті, мүмкін болатын шешу жолдарын ақпараттық іздеу, әрекеттер жоспарын құру мен оны іске асырудағы алғашқы көмек арасындағы үйлесімді 15 бірлік; даму субъектінің өзі әрекеттері үшін жауапты болатын бағдарлық аумақты құруда көмек көрсету» деп түсінеді. Э. М. Александровская психологиялық-педагогикалық қолдау – бұл білім беру процесінің жағдайында туындаған проблемаларды шешуде белгілі бір даму кезеңінде көмек көрсетуге бағытталған технология, балаға көек берудің ерекше түрі деп атады.
Инклюзивті тәжірибе жағдайындағы білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау оның әрекетін үйлестірусіз жүзеге асырылмайды. Қызмет әрекетін үйлестіруші осындай орган Психологиялықмедициналық-педагогикалық (ПМП) консилиум болып табылады. ПМП консилиум – негізгі идеясы балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне, өзекті даму деңгейіне, соматикалық және жүйке-психикалық денсаулық жағдайына сәйкес балалар өмірінің тиімді жағдайларын қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық қолдаудың тұтас жүйесін құру болып табылатын тұрақты әрекет ететін, үйлестірілген, ортақ мақсатпен біріктірілген, қолдау стратегиясын жүзеге асыратын мамандардың ұжымы. Консилиум әрекеті белгілі бір алгоритм бойынша іске асырылады және үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі, талқылау кезеңі және жүзеге асыру кезеңі. Дайындық кезеңі диагностикалық мәліметтерді жинақтауды, ақпаратты жалпылауды және оқушыларды дамыту міндеттерін қоюды қарастырады. Талқылау кезеңі – түзете-дамыту жұмысының міндеттерін нақтылау, педагогикалық міндеттерді қою, мамандар командасы әрекетінің мазмұнын анықтау. Жүзеге асыру кезеңі – өзінің кәсіби әрекетіне міндеттерді қою және жүзеге асыру, қойылған міндеттерді шешу үшін формалар мен әдістерді таңдау. Осылайша, білім беру процесінің субъектілерін психологиялықпедагогикалық қолдау – бұл бейімдік мектеп әрекетінің өте маңызды және өзекті бағыты. Оны дұрыс ұйымдастыру – мектептің білім беру кеңістігіне қосылған кез келген баланы нәтижелі оқыту мен дамытудың кепілі бола алады. Білім беру бағдарламасы ПМПК меңгерушілерінің консультациялар қызметін негізгі бағыттар бойынша ұйымдастырудағы кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған: әлеуметтік-педагогикалық модель негізінде балаларды тексеру, консультация беру, білім алуда ерекше қажеттіліктерін анықтау (бағалау).
№3 СРС-СРСП
Тақырыбы: Есту,көру қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.Нашар еститін және сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балаларды оқытуды ұйымдастыру.
Есту қабілетінің бұзылу себеептеріне медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соқырлар, тұқымқуалаушылық аурулар,туа пайда болған жағымсыз әсерлер құрайды. Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен анықталса, сөз арқылы тексеруестудің жағдайын анықтауда қолданылады. Есту қабілеті ерте бұзылса және ауыр болса баланың сөйлеу тілінің мүкістігі жәнеде психткалық тежелуі айқын. Сөйлеу тілінің дамымауы есту қабілеті нашар балалардың психологиялық процестерінің дамуына теріс әсер етеді, олардың танымдық қызметінің өзгеруіне алып келеді Тілдің лексикалық қорын, оның грамматикалық заңдылықтарын меңгеру, қарым-қатынас құралы ретінде тілді меңгеру естімейтін әлемдегі өмірдің әлеуметтік проблемаларын кеңінен шешуге мүмкіндік береді. Оқытудың әрбір кезеңіндегі нақты психологиялық-педагогикалық міндеттерді нақты шешуге мүмкіндік беретін жағдайлар естімейтіндерді бейімдеуге және әлеуметтік оңалтуға мүмкiндiк туғызады. Нашар еститін балалар Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеуді қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған. Бала қоршаған ортадағы бірқатар ұғымдарды біріңғай біріктіре қабылдай алмайды. Танымдық іс-әрекеттерде көрініс табады:салыстыру, талдау, жинақтау әрекеттерінде ерекшеленіп тұрады. Нашар еститін балалар 75 дБ аспайтын сөйлеу жиілігінің аймағында (500 ден 2000 Гц) есту қабілетінің төмендеу дәрежесінің тәуелділігіне қарай дыбысты ажыратады. Арнайы оқыту нәтижесінде оларда ойлау, сөзд i есте сақтау қабілеті, сөйлеу тілі дамиды, компенсаторлық және потенциалдық мүмкiндiктері кеңейетін қажетті жағдай жасалады. Нашар еститін және кейіннен естіми қалған балаларды оқыту ұзақтығы: - Бастауыш деңгейі – 0-4 сынып, - Негізгі деңгей – 5-10 сынып Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту ұзақтығы бастауыш және негізгі мектепте – 11 жыл : «0»- дайындық сыныбы; бастауыш деңгей (1-4 сынып) 1-ші негізгі деңгей- (5-7 сынып) 2- ші негізгі деңгей (8-10 сынып ) Бастауыш мектепте оқытудың мазмұны қалдық есту қабілетін дамытуға, сөйлеу тілін қалыптастыруға, сөздік қорын байытуға және оқушылардың танымдық қызметін дамытуға бағытталған. Естімейтін және нашар еститіндер оқушылар оқуын жалпы білім беретін мектептің 10-11-сыныптарында немесе кәсіптік колледждерде, жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім беруді арнайы мектептің кешкі бөлімде 11-12 сыныптарында жалғастыра алады. Сөйлеу тіл бұзылыстарының жіктелуі қазіргі уақытта Клиникалық-педагогикалық Психологиялық-педагогикалық жіктеу сөйлеу қабілеті бұзылыстарының барынша дифференциялайтын белгелеріне негізделіп жасалған жіктеу сөйлеу қабілеті кемшілігінің біліну орталығына негізделген. Ауызша сөйлеуді дамыту жұмысы кешенді зерттеу негізінде анықталған мүмкіндіктер мен есту-көру резервтерін дамыту, ауызша сөйлеуді естіп қабылдау, оқушылардың жеке психофизикалық ерекшеліктерін, сөйлеуді дамыту деңгейін ескере отырып айтылу дағдыларына саралап құрылады Сөйлеу тілінің жалпы дамымауы бар оқушылар үшін зейіннің тұрақты болмауы, алаңдаушылық, тілдік құбылыстарға байланысты байқағыштықтың жеткіліксіз болуы тән. Олар ауызша материалды есте сақтау барысында қиындық көреді, өз бетінше орындаған оқу тапсырмаларында көптеген қателер жібереді. «Ым-ишараттық сөйлеу тілі» оқу курсы тек құлағы естімейтін балалар үшін, оның қалауы бойынша естімейтіндердің шағын әлеуметтік ортасына кіруіне негізделіп 4-11-сыныпқа енгізілген және оқушы үшін сол ортадағы коммуникативтік қызметті атқарады. Қазақстан Республикасында естімейтіндерді оқыту үдерісі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, ал білім беру үдерісінде ым-ишараттық сөйлеу тілі көмекші тәсіл ретінде қолданылады. Ым-ишараттық сөйлеу тілін сауатты меңгерудің нәтижесінде оқушылар бағдарлама материалын сапалы игереді.

№4 СРС-СРСП


Тақырыбы: Сөйлеу қабілеті бұзылған және зияты зақымдалған балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
Физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар арнаулы мектептерге жіберіледі. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:

  1. Тұқым қуалаушылық;

  2. Жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан химиялық механикалық, температуралық әсерлердің ықпале туі;

  3. Тамақтанудың нашарлығы;

  4. Организмгесуықтиюдіңәсері.

Жүре пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар. Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір- бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады. Тілдің бұзылуы түрлі жаста, әсіресе жас балаларда көп кездеседі. Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет