Пән атауы: Инклюзивті білім беру Орындаған: Турланова Жадыра ҚТӘ-202



Дата03.11.2023
өлшемі19,39 Kb.
#121590
Байланысты:
1срсп инклюз турланова 2


Пән атауы:Инклюзивті білім беру
Орындаған:Турланова Жадыра ҚТӘ-202
№1 СРС-СРСП
Тақырыбы:Қазақстан Республикасында және шетелде білім берудің даму тарихы.Инклюзивті білім берудің құндылықтары,қағидалары.
Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұрaтын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім aлу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өмiріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс - әрекетіне қaтысуға мүмкіндік береді.Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дaмытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі қағидалары:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір - біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, пcихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кeмтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті oқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед мамандары жұмыс жасайды. Егер бала көмекші бaғдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектeп- интернaтқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті.Қазіргі таңда дүниежүзінің назарын аударып отырған мәселе ол — балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның және отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру болып табылады.Яғни, инклюзивті білім беру-ол баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Н. В. Борисова, С. А. Прушинский және М. Перфильева инклюзивті білім берудің негізгі ұғым түсініктерін қарастырушы ғалымдар болып табылады. Осы ғалымдадың редакциялауымен жарық көрген «Инклюзивное образование: ключевые понятие» оқу құралында ең негізгі ғылыми аппаратқа тоқтала отырып, ұғым түсініктердің мәнін ашты.
Инклюзивті білім беруді дамыту ең алғаш АҚШ, Ұлыбритания, Дания, Испания, Финляндия, Германия, Италия және Австралия елдерінде білім беру саясатының жетекші бағдарына айналды. Жоғарыда аталған елдерде балалардың дамуы мен әлеуметтік бейімделуі үшін тиісті психологиялық-педагогикалық жағдай жасалған жалпы білім беру ұйымдарында психикалық және дене бұзылыстары бар, дамуында артта қалушылығы бар балалар қалыпты дамыған құрдастарымен бірге табысты білім алуда.Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесін қарастырсақ, 1991 жылдан бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Жобаның нәтижесінде он бір аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Бұл елде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар, коррекциялық мектептер, интернат-үйлер, үйден оқыту және қашықтықтан оқыту. Швецияда ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және юалалар онда қажетті қолдау алуда. Әр сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану арқылы білім беріледі.
Америка Құрама Штаттарын қарастырсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді.
Біздің елімізде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Халықаралық тәжірибелерді жан жақты қарастыра отырып,оларды толық зерттеп, еліміздің даму стратегиясын, экономикасын, білім беру жүйесін, әлеуметтік саясатын, қоғам қажеттілігін, тіпті еліміздің менталитетін ескере отырып, тәжірибелерді осы ескерулерге сай өзгертулер мен толықтырулар енгіп жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр. Ал, біздің ойымызша, қазіргі таңда инклюзияны жүзеге асыру табыстылығы тікелей болашақ мамандардың даярлығына байланысты болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет