Байланысты: 1849390223999 Силлабус Өндірістік оқыту әдістемесі 3
Тақырып 5.Кәсіптік оқыту жүйесінде негізге алынатын және жалпы дидактикалық қағидалар
Дәріс тезисі
Кәсіптік - техникалық мектептерде оқытудың мынадай формалары қолданылады: 1. Теориялық оқыту: түрлі типтегі сабақтар, дәрістер, зертханалық-сарамандық жұмыстар, теориялық және практикалык, семинарлар, саяхаттар, оқу конференциялары, үй тапсырмалары.
2. Өндірістік оқыту: оқу шеберханасындағы сабақ, кәсіпорынның өндірістік цехында оқыту, қызмет көрсетудегі еңбек, өндірістік практика, жұмыс орны т.б.
Сыныптан тыс жұмыстар мен косымша сабақтар:Факультативті сабақтар, консультациялар, үлгермеушілермен қосымша сабақтар, үйірме жұмыстары т.б.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру: коллоквиумдер, сынақтар, емтихандар, қорытынды конференция-біліктілік байқау жүмыстары.
Сабақ - оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі. Сабақ – оқу - тәрбие барысының нақты түрі. Мұның, нәтижесінде оқушы тұлғасын тәрбиелеу, дамыту, білім беру міндеттері арнайы дайындығы бар маман басшылығымен жүзеге асады. Сабақ беру — білім беру және тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған мұғалім ұйымдастыратын оқушылар іс - әрекетінің күйі.
Әдебиеттер: Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері
(станокты кескіндеме техникасы және технологиясы) : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-272 бет.-5 экз
Жұмабекова Ф. Н. Әдістемелік басқару : 0107000 - Технология : оқу құралы
/ Ф. Н. Жұмабекова, Н. М. Нұрғазиева. - Астана : Фолиант, 2015. - 168 бет.-6 экз
Дүйсембінова Р. Қ. Кәсіби педагогика : оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова. –
Алматы : Полиграфкомбинат, 2016. - 348 бет.- 100 экз.
Саденова А. К.Кәсіптік оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты орындау :
әдістемелік нұсқау / А. К. Саденова, К. М. Камалитдинова. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 19 бет. – 24 экз.
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі : оқулық.- Алматы : Радиал, 2016.-
240 бет.-12 экз
Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту
технологиялары : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-152 бет.-5 экз