Байланысты: 1849390223999 Силлабус Өндірістік оқыту әдістемесі 3
Тақырып 6.Кәсіптік оқытудың ұйымдастыру формалары
Дәріс тезисі
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды:
тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;
Бұл кұрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады: логикалық - психологиялық; мотивациялық; әдістемелік.
Логикалық-психологиялық: бөлімде негізінен сабақта таным процесін қалыптастыратын психологиялық әрекеттерден тұрады - Олар: бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғырту; білім мен әрекет тәсілдерін қабылдау; материалдарды ой елегінен өткізіп, есте сақтау; білім негіздері мен әрекет тәсілдерін жалпылау; білім мен жаңа әрекет тәсілдерін түрлі жағдаяттарға байланысты практикада қолдана білу.
Сабақтың мотивациялық құрылымы:оқушының зейінін жинақтау және бағыттай білу; сабақтағы негізгі қимыл - әрекет мәнін түсіндіру; оқушылар қызметіне түрткі жасау; оқушылар мен бірлесе отырып сабақ мақсатын айқындау; түпкі мақсатқа жетуде жағдаяттармен қамтамасыз ету; оқушылар қимылындағы сенімділік әрекетін қуаттау нәтижесі мен іс - әрекетті бағалау.
Әдебиеттер: Қаржаубаева С., Амандықова Д. Бейнелеу сауаттылығының негіздері (станокты кескіндеме техникасы және технологиясы) : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-272 бет.-5 экз
Жұмабекова Ф. Н. Әдістемелік басқару : 0107000 - Технология : оқу құралы / Ф. Н. Жұмабекова, Н. М. Нұрғазиева. - Астана : Фолиант, 2015. - 168 бет.-6 экз
Дүйсембінова Р. Қ. Кәсіби педагогика : оқулық / Р. Қ. Дүйсембінова. - Алматы : Полиграфкомбинат, 2016. - 348 бет.- 100 экз.
Саденова А. К.Кәсіптік оқыту әдістемесі пәнінен курстық жұмысты орындау : әдістемелік нұсқау / А. К. Саденова, К. М. Камалитдинова. - Өскемен : С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2012. - 19 бет. – 24 экз.
Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі : оқулық.- Алматы : Радиал, 2016.-240 бет.-12 экз
Қозыбай А., Жексенбиева Н. Кәсіптік білім беру жүйесіндегі қазіргі оқыту технологиялары : оқулық.- Астана : Фолиант, 2015.-152 бет.-5 экз