Пән: «Қазақстан тарихы» Предмет: Мамандық



бет5/5
Дата12.05.2023
өлшемі54,21 Kb.
#92713
түріМетодическая разработка
1   2   3   4   5
Байланысты:
44.Қазақстан-түбегейлі-бетбұрыстар-кезеңінде

Ұйымдастыру кезеңі
Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі
Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Изложение нового материала

40 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту
Закрепление новой темы

10 минут

6

Баға қою
Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы
Домашнее задание

5 минут


Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия


І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу.
Организационная часть
ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – сабақтың түрін, тақырыбын, мақсатын, міндетін айтып, түсіндіру.
Целевая установка занятия
ІІІ. Білімнің негізін актуалдау (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме
А) Ауызша сұрау Білім алушыларды сабақ бойынша дайындықтарын тексеру үшін алдын ала жалпылау және жеке сұрақ жүргізу керек.
Қаралатын негізгі сұрақтар:
1. Қазақстан 1960-1980 жылдарда

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспары:
1. Қазақстан М.Горбачев реформалары кезінде
2. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің себептері және барысы
3. Желтоқсан көтерілісінің салдарлары және тарихи маңызы


1. 1980-ші жылдардың басында Кеңес Одағындағы дағдарыс пен тоқырау терендей берді. Әкімшіл-әміршіл басқару әдісі елді дағдарыстан алып шығуға дәрменсіздігін көрсетті. Халық шаруашылығындағы жоспарлы экономика жүйесі тиімсіз екені айқын көрініс берді. Бұдан кеңестік қоғамның саяси-экономикалық жүйесіне түбегейлі реформалар жасау талабы туындады.
1985 жылы наурызда КОКП OK Бас хатшысы қызметіне М.Горбачев (1985-1991) сайланды. 1985 жылы сәуірде өткізілген КОКП ОК Пленумында М.Горбачев әлеуметтік-экономикалық жүйе мен қоғамдық өмірге реформалар - қайта құрулар жүргізетінін мәлімдеді.
Қайта құру саясаты мемлекеттің қоғамдық-саяси институттарының бүкіл жүйесін демократияландыру және халықтың өзін-өзі басқаруын тереңдету деп түсіндірілді. Қайта құру саясатының негізгі бағыттары - қоғам өмірін демократияландыру және жариялылықты дамыту, әлеуметтік-экономикалык, дамуды жеделдету болды. Сонымен бірге 1985 жылы сәуір Пленумында әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету туралы қаулы қабылданды. Жеделдету саясатының мақсаты - өндірісті басқару әдістерін өзгертіп, ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу арқылы халық шаруашылығын дамыту. Іс жүзінде ол өндіріс орындарын шаруашылық есепке көшіру және жеке меншік түрлерін дамыта отырып, нарықтық экономикаға бетбұрыс жасау еді. Бұл саясатты іске асыру бағытында бүкіл елде кооперативтік қозғалыс басталды. Кооперативтік шаруашылықтардың тиімді жақтары бірден байқалды. Бірақ та жеделдету бағыты ғылыми тұрғыда негізделмей асығыс енгізілген еді. Мемлекет жетекшілері экономиканы басқаруда әлі де директивалык әдістерге сүйенді. Бұл жеделдету бағытының басты қайшылығы болатын. Бірақ бұл шаралар экономиканы дағдарыстан шығара алмады. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Күнделікті тұтынатын тауарлар тапшылығы айқын сезіле бастады. Азық-түлік түрлері азайып кетті. Қоғамның саяси жүйесін жаңартпайынша экономиканы басқарудың жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі дәлелденді.
1987 жылы қазанда КОКП ОК Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Борис Ельцин қайта құру мен реформалардың жүзеге асырылуының баяулығын қатты сынға алды.
1987 жылы қарашада Қазан төңкерісінің 70 жылдық мерекелік мәжілісі болып өтті. Онда М.Горбачев кеңестік қоғамның дамуының негізгі тарихи кезеңдеріне саяси баға берді. Бас хатшының баяндамасында сталинизм қылмысты құбылыс деп танылып, тарих «ақтандақтары» жаңа тұрғыдан қаралуы тиіс деген қорытынды жасалды.
1988 жылы маусымда КОКП XIX Бүкілодақтық конференциясы өткізілді. Конференцияда қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына жан-жақты талдау жасалды. Онда партия басшылары тарапынан саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігі мойындалды.
Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар күшейе берді. Мемлекеттік жоспарлау барысында республикалар мүддесі екінші кезекке ысырылды. Өйткені қазба байлықтан түскен табыстар республикаларға аз мөлшерде ғана беріліп, жергілікті халық оның игілігін көре алмады. Тұтыну тауарларының 60%-ы шеттен тасымалданды. Ғылым мен мәдениет, білім беру салаларын қаржыландыруда «бюджеттік қалдық» ұстанымы сақталып қалды. Рухани салада да терең қайшылықтар орын алды. Мәдениет халықтық дәстүрінен, ұлттық келбетінен айырыла бастады. Қазақ тілі қоғамдық қызметінен айырылып, тұрмыстық тіл деңгейіне түсті. Нәтижесінде 1954-1986 жылдары 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды.
Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, одақтас республикаларға оларды орындау үшін бұйрық ретінде жіберіліп отырды. Орталықтың шешімдерімен келіспеу, оған сын айту «ұлтшылдық» ретінде бағаланды. Қазақстан халқының көз алдында Арал мен Семей экологиялық қасіреті қалыптасып жатты. Кеңес қоғамында адамдардың әлеуметтік немқұрайдылығы күшейді.
1986 жылы ақпан-наурызда Қазақстан Компартиясының XVI съезі болып өтті. Съезде әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың жекеленген кемшіліктерін сынаумен ғана шектелді.
2. Республикамызды 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында ұзақ уақыт басқарып, еліміздің өсіп-өркендеуіне зор үлесін қосқан Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев (1912-1993) болды. Ол КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі әрі үш марте Социалистік Еңбек Ері атағын алды. Д.А.Қонаевтың қайраткерлігі мен адамгершілік қасиеттері де халыққа мәлім еді. Сондықтан да елімізде Д.А.Қонаевтың жеке басына табынудың өзіндік белгілері де қалыптасты. Сонымен бірге мемлекет қайраткері ретінде Д.А.Қонаев та сол әміршіл-әкімшіл жүйенің перзенті еді. Сол себепті Д.А.Қонаевтың саяси тағдырын Кремль шешті.
1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V Пленумы шақырылды. Пленумда ұйымдастыру мәселесі қаралып, ол не бары 18 минутқа созылды. Пленумның қаулысы бойынша КОКП ОК өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынды. Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Геннадий Колбин тағайындалды (1986-1989).
Орталықтың мұндай өктемдігі қазақ халқының тарапынан заңды наразылық туғызды. Өйткені қоғам өмірін қайта құрамыз, демократия мен жариялылық орнатамыз деп ұрандаған партия басшылығының бұл саяси қадамына халық бірден қарсылық білдірді. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда қазақ жастарының жаппай толқуы басталды. Мұндай наразылық шерулері республиканың басқа қалаларында да ұйымдастырылды.
Желтоқсан көтерілісінің сылтауы Г.В.Колбиннің республика басшысы болып тағайындалуы еді. Ал Желтоқсан көтерілісінің басты себептері - Мәскеудегі орталық биліктің ұлт саясатындағы әділетсіз ұстанымы мен Кеңес үкіметінің ұлттық мәдениет пен халықтың салт-дәстүрлеріне қысым жасап, ашық түрдегі орыстандыру саясатының жүргізілуі болды. Қазақ тілінде білім беретін мектептердің жаппай жабылуы мен жоғары оқу орындарында қазақ тілінде білім беретін бөлімдердің болмауы да ауылдан қалаға келген жастар үшін ауыр психологиялық қысым болатын. Қайта құру жариялаған демократиялық ұсынымдар арасындағы қарама-қайшылықтар, яғни орталық партия басшылығының сөзі мен ісіндегі сәйкессіздік те халықың ашу-ызасын туғызған еді.
Жастардың наразылығы бейбіт әрі саяси сипатта басталды. Басқа ұлт өкілдеріне қарсылық пен мемлекеттік құрылысты өзгерту туралы үндеулер көтерілген жоқ. Конституцияға қайшы келетін саяси талаптар да қойылған жоқ болатын. Алайда партия басшылығы саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Сол себепті бірден Алматы гарнизоны әскери дайындыққа келтірілді. КСРО Ішкі істер министрі А.Власов Кеңес Одағының 8 қаласынан Алматыға Ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдады. Бұл билік тарапынан жасалған Конституцияға қайшы келетін заңсыз әрекет еді. Бейбіт шеруді тарату мақсатында билік арнайы «Боран» («Метель») операциясын жасады. Бұл операцияға Г.Колбиннің өзі жетекшілік етті. Кеңес әскері халыққа қарсы сойылдар, саперлік күректер, арнайы үйретілген иттер, су шашатын машиналар сияқты қару түрлерін қолданды. Осылайша Коммунистік партия мен Кеңестік өкімет билігі адамзатқа қарсы жасалған қылмыстың басты ұйымдастырушысына айналды. Мыңдаған қазақ жігіттері мен қыздары Желтоқсан көтерілісінің құрбандары болды. Солардың бірі Алматы архитектура құрылыс институтының студенті Қайрат Рысқұлбеков еді. 1988 жылы КСРО Жоғарғы Соты оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Өкінішке орай, ол 1988 жылы мамырда белгісіз жағдайларда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтын, Жарлығымен Қ.Рысқұлбековке Халық Қаһарманы атағы берілді.
3. Желтоқсан көтерілісінің салдарлары өте ауыр болды. Соңғы деректерге қарағанда, 17-19 желтоқсанда алаңға 60 мыңдай адам шыққан. 8 мыңнан астам адамды ұстап, қаланың сыртына апарып тастаған. 103 азаматқа айып тағылып, бас бостандығынан айырылса, 2 азамат - Қайрат Рысқұлбеков пен Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасына кесілді. Жүзден астам адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. 52 адам партиядан және 787 адам комсомол қатарынан шығарылып, жоғарғы оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды. Ішкі істер министірлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды.
1987 жылы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Бұл қаулыда Желтоқсан көтерілісі «қазақ ұлтшылдыгының көрінісі» деп бағаланды. Ресми билік қазақ халқының саяси наразылығының маңызын төмендету мақсатымен оны қатардағы оқиға ретінде бағалаған болатын. Бірақ ол, шын мәнінде, қазақ халқының отарлық саясатқа ғасырлар бойы үздіксіз жүргізіп келген ұлт-азаттық күресінің заңды жалғасы еді. Сондықтан да қазақ жастарының тоталитарлық жүйеге қарсы саяси наразылығы көтеріліс деңгейіне жеткен құбылыс болды.
1989 жылы маусым - мамыр айларында КСРО Халық депутаттарының I съезінде қоғам қайраткері М.Шаханов КОКП басшылығынан «Желтоқсан көтерілісіне» әділ баға беруді талап етті. М.Шахановтың талабына алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдері қолдау білдірді. Солардың ішінде белсенді саяси қолдау білдірген академик А.Сахаров болды. Осындай талаптың нәтижесінде Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия төрағасы болып КСРО халық депутаты, ақын М.Шаханов белгіленді. Комиссияның құқықтық тұрғыдағы жан-жақты талдауларынан кейін қаулыдағы «қазақ ұлтшылдығы» деген айып қате деп мойындалды. Бұл Желтоқсан көтерілісіне қатысты тарихи шындықты қалпына келтірудің бастамасы еді.
1990 жылғы 24 қыркүйекте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт шерудің жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Бұл республика басшылығының саяси дәрменсіздігі, қиын жағдайда бейбіт жол көрсете алмауы мен партия жетекшілерінің қарулы күшке сүйенуі болған еді. Өйткені Челябинск, Новосибирск, Ташкент, Уфа, Тбилиси, т.б. қалалардан әкелінген әскери бөлімдердің жауынгерлерінің қатыгездікпен жасаған әрекеттері қазақ жастарын да жауап қайтаруға мәжбүр етті.
1991 жылы желтоқсанда 1986 жылғы 17-19 желтоқсан көтерілісіне қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Жарлық негізінде қылмыстық жауапқа тартылған жастарды ақтау және Ішкі істер бөлімінің әскери қызметкерлері мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі Жарлықтың күшін жою жүзеге асырылды. Ал 17 желтоқсан - Демократиялық жаңару күні деп жарияланды. 2006 жылы Желтоқсан көтерілісінің 20 жылдығына орай Алматыда «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші орнатылып, республика бойынша ғылыми конференциялар, еске алу кештері өткізілді.
Желтоқсан көтерілісінің саяси және тарихи маңызы өте зор болды.
Біріншіден, Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағындағы демократиялық өзгерістерге жол ашып берді; екіншіден, Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының ұлттық рухы мен саяси санасының өрлеуіне алғышарт жасады; үшіншіден, әлемдік қауымдастыққа өркениетті қазақ деген халықтың бар екенін паш етті; төртіншіден, тоталитарлық жүйенің ыдырау процесін жеделдетті; бесіншіден, қазақ халқының тәуелсіздігіне ашылған жол болды.
Желтоқсан көтерілісі халықтың тарихи санасы мен ұлттық рухының жаңғыруына күшті әсер етті. Өйткені осы Желтоқсан көтерілісінен кейін елімізде қоғамдық қозғалыстар қызметін жандандыра бастады. Халықтың жаппай қолдауына ие болған қоғамдық қозғалыстың бірі - 1989 жылы белгілі ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов ұйымдастырған «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы болды. Қозғалыстың мақсаты Семей ядролық полигоны мен басқа да сынақ полигондарын жабу еді. Балқаш және Арал мәселесі жөнінде комитет құрылып, оны ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов басқарды. 1989 жылы «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы құрылды. Бұл қоғам сталиндік репрессия құрбандарын ақтау ісі мен тарихи шындық пен әділеттілікті қалпына келтіру қызметін атқарып келеді.
Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінен кейін Кеңес Одағының басқа аймақтарында өз еркіндіктері үшін Орталықтың басқару жүйесіне қарсы жаппай наразылықтар туа бастады. Мұның бәрі Кеңес Одағының ыдырауы мен оның аумағында тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына негіз болды.


Изложение нового материала
IV. Сабақты бекіту.
1. Желтоқсан көтерілісінің негізгі қозғаушы күші (Жастар).
2. Желтоқсан көтерілісін басу үшін үкімет қандай әскери операция ұйымдастырды? («Метель»).
3. 1986 жылы Д.А.Қонаевтың орнына Қазақ КСР КП ОК-нің бірінші хатшысы болып кім тағайындалды? (Колбин).
4. М.Горбачевтың жүргізген реформалары қалай аталады? (Қайта құру).
5. КСРО-ның тұңғыш әрі соңғы президенті (Горбачев).
6. Қазақстанды 1960-1962 және 1964-1986 жылдары басқарған белгілі қоғам қайраткері, 3 мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген саясаткер (Қонаев).
7. КСРО-ның 8 қаласынан Алматыға арнайы әскери бөлімдерді жіберу туралы шешім қабылдаған КСРО Ішкі істер министрі (Власов).
8. Желтоқсан көтерілісіне қатысушы, Халық қаһарманы (Қайрат).
9. Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссияның төрағасы кім болды? (Шаханов
Объяснение новой темы
VI. Баға қою- Жауап берген білімдеріне қарай бағалау
Выставление оценок
VII. Үй тапсырмасын беру. Дәріс оқу «2» 228-232 б

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет