5 тақырып. Мектепке денінгі бала психикасының дамуы. Жоспар Әртүрлі жас сатыларындагы психикалык және физикалык даму ерекшеліктері. Туа пайда болган рефлекстер.
Шартты рефлекстердің пайда болуы. Рецепторларды, әмоцияларды, қозгалыстарды даму.
Іс-әрекеттің әр түрлі формаларының және мектепке дейінгілердің ересектермен, құрбыларымен карым катынас формаларының даму ерекшеліктері.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір –екі айға дейін) бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шарттсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделуі біршама шағын мөлшерде болады.олар түрлі физиологиялық функцияларын туін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, бірқатар арнайы қозғалыс рефлексі, жармасу және сүйену рефлекстері, атап басу рефлекстері және т.б. жатады. Олардың бәрі баланың сезі м мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай, тиісті мөлшерде танып жетілген жұлын және ми қабығы асты нерв орталығы мен реттеліп отырады. Сыртқы әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдарымен аяқтарының жалпы, жіктелменген қимылдар мен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жоқ дерлік, өткізгіш жолдар сақтанғышмиелин қабықтарымен қапталған. Бұл қозылудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстің пайда болуының қиындығына жеткізеді. Туа біткен мінез- құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені үйренудің, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты-анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдаюйына түссе, оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде көру, есту тәрізді жоғарғы анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланстар жасала бастайды. Көпт еген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашқы екі айда барлық анализаторларда шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі .нашар ажыратылатын болса, ал туған кезең соңына қарай олар болініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда боған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуде көрінеді. Екі-үш айға қарай балалда үлкендерге көңіл аударудың еренкше түрлері көртіне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүние мен жасаудың қажетті дәнекерші қажеттерін қанағаттандыру қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамның көрінуіне юайланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қылық реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адам бетіне тесіліп қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жаңа туған кезеңнің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептеледі.