Пайдаланылған әдебиеттер: https://www.yaneuch.ru/cat_18/arymatynas-turaly-tsnk/586011.3502706.page15.html
Қарым-қатынас туралы түсінік
https://stud.baribar.kz/17984/ortaqtasudynh-pertseptsiyalyq-zhaghynynh-sipattamasy-ortaqtasu-adamdardynh-oezara-tanuy-men-tusinui-retinde/
Ортақтасудың перцепциялық жағының сипаттамасы (Ортақтасу адамдардың өзара тануы мен түсінуі ретінде)
11-апта МОӨЖ
Орындаған: А.Ақжанова
Тобы: М-Ист-11
Пән: Басқару психологиясы
Практикалық ойлаудың жетекші іс-әрекетіндегі негізгі қасиеттері
Жетекші іс-әрекетіндегі ойлау ерекшелігі. Басқару іс-әрекетіндегі бұл процестің өзіндік ерекшелігін түсіну үшін жетекші іс-әрекетіндегі ойлау проблемасының қазіргі күйінің төмендегідей сипаттық ерекшеліктерін ескеру қажет:
1. Ойлау процестерінің тиімді басқару іс-әрекетін қамтамасыз етудегі рөлінің айырмашылығы. Білімді жетекші – бұл ақылды жетекші, демек ойлаудың жетекші табыстылығымен байланысының ешқандай ерекше өзгешелігі жоқ. Бұл байланыс тура және айқындаушы. Мұндай қарапайым түсіндірме басқа процесс – ес үшін келтірілген. Ойлау психологиясының барлық заңдылықтарын жетекші ойлауының сипатына тікелей ауыстыруға болады және солай істеу қажет. Ойлау проблемасының өзі шектелмеген.
2. Жетекшінің ойлауы, әдетте, түрдің бірі – практикалық ойлау ретінде қарастырылады. Бұл түр көбінесе бүкіл әлеуетке және когнитивтік процестердің барлық ерекшеліктеріне сүйенетін басқару іс-әрекетіне тән, бірақ ол өзі үшін өзіндік ерекше түрлердің болуын қарастырады.
3. Психологиядағы ойлау туралы мәліметтердің көпшілігі, сонымен бірге ойлаудың теориялық түрде қарастыру кезінде алынды. Олардың практикалық ойлау үшін әділеттілігі және бұл түрге қандай ерекшеліктер тән екендігі «практикалық ойлау психологиясы» ретінде белгіленетін арнайы бағытта қарастырылады. Оның дамуына С.Л. Рубинштейннің жалпы теориялық еңбегі мен Б.М. Тепловтың «Ум полководца» деген классикалық еңбегінің ықпалдары болды.
Практикалық ойлау тұтасымен, ал жетекшілікті айрықша түрде, іс-әрекетпен теориялыққа қарағанда басқаша байланысқан, өйткені ойлаудың бүкіл процесі практикалық мәселелерді шешу үшін жүзеге асырылады және жетекшінің басқа функцияларды орындауымен қатар жүргізіледі. Сондықтан да практикалық ойлауға арналған іс-әрекетті өзі қояды. Практикалық ойлаудың ерекшелігі – мәселелерді дұрыс қою және тұжырымдау шеберлігі.
Теориялық ақыл-ой проблемадан оның шынайы, бір ғана шешімін іздейді, ал практикалық ойлауда іс мүлде басқаша: жетекші барынша тиімді шешімге емес, қанағаттанарлыққа жиі ұмтылады («Satіsfacіng», Г. Сайман пікірінше) [50]. Қол астындағыларға қатысты олардың шешімдерінің дұрыстығын «бағаланушының» өзіндік рөлін атқара отырып, жетекшіде жетік шешетін дайын көрсеткіштері болуы керек. Жетекшінің практикалық ойлауы үшін мәселелер шешіміне тек нәтижеге ғана емес, сондай-ақ осыны шешу процесінің өзіне деген жауапкершілік формасы да тән.
Субъектінің ойлауға деген ұстанымы танымдық, ал практикалық ойлау үшін бастапқы түрлендіруші болып табылады. Проблема жайлы ақпараты бар практикалық ойлау жұмысының өз сипатында теориялық айырмашылықтар бар. Бірінші жағдайда басты, жалпы сипаттары, ал екіншісінде көбінесе бүкіл проблеманы шешу жолын көрсететін тетіктер, бөлшектер айқын көрінеді. Практикада тетіктерді жіберіп алудың қайтымсыз салдары болуы мүмкін. Практикалық ойлау психологиясында осыған байланысты проблеманың әрбір элементінің «әлеуетті мәнділік принципі» ұғымы енгізілген. Ол «айрықша байқампаздықтың» – әлеуетті түрде мәнді бола алатын тетіктерді байқауға мүмкіндік беретін өзіндік ерекшеліктің болуын білдіреді.
Жетекшінің практикалық ойлауының келесі өзіндік ерекшелігі басқару іс-әрекетінің мазмұнына және шарттарына байланысты. Мазмұны бойынша басқару күрделіліктің үлкен дәрежесімен және тікелей сезінуден жасырындылығымен, сондықтан да шешімін табу қиындығымен және интерпретацияның бірмәнділігімен сипатталатын адамдар «әлеуметтік нысандар» туралы ақпаратты ойша атқаруды талап етеді. Жетекшінің ойлау үрдісіндегі айқынсыздығы бірқатар психологиялық себептердің, яғни ақпарат тапшылығының немесе тым артық болуының, оның күрделілік дәрежесінің жоғары болуына байланысты туындауы мүмкін. Кез келген басқару міндеті жетекші ойлауының пәні ретінде ақпарат кешенділігі қасиетіне ие, өйткені ұйым – бұл әлеуметтік-техникалық жүйе (адамдар және өндіріс). Жүйелік ойлаудың жоғары деңгейін оның аналитикалық жақтарын жеткілікті дамытумен сабақтастыру жетекшіге қойылатын аса маңызды кәсіби талап болып табылады.
Басқарулық жағдайлар айнымалық-динамикалық қасиетпен сипатталады. Жағдайлар вариативтілігі белсенді ойлау жұмысын талап етеді, ал олардың өзгеру жылдамдығы басқару ісәрекетіне басқа бір өзгеше ерекшелік – «цейтнот» режимін (үнемі уақыт тапшылығын) береді. Бұл практикалық ойлаудан жағдайға қосылудың жоғары жылдамдығын, жеделділігін, ісқимылдан саналауға жедел ауысуды талап етеді. Басқарулық шешім басты екі көрсеткішпен, баламамен (сапамен) және дәл уақытылығымен бағаланады. Ойлау жылдамдығы еске және кәсіби тәжірибені ұйымдастыру ерекшеліктеріне тәуелді болады. Ойлаудың серпінділігі естегі ақпаратты өзектілендіру жылдамдығына және білім жүйесін пайдалануға дайын болуына байланысты.
Жетекшінің шешімдері нақты болуға тиіс, сонда ғана олар басқаларға түсініктірек болады. Қарапайым жоспарларды құру шеберлігі – зерделік қуаттың нәтижесі. Жетекшінің бір мезгілде соған қоятын маңызды кәсіби талабы болып табылатын осы бір ойлау ерекшелігі «нақтылау синтезінің» психологиялық механизміне орнығады. Бұл жалпыдан жекеге жай ғана өту емес, жекені, нақтыны бастапқы сілтемелердің – жалпылардың, нақтылардың алдын ала қорытуға (синтезге) ұшыраған көпшілігінен алып шығу.
Қарапайым және нақты жоспарларды жасауға деген қабілеттілік психологиялық әртүрлі механизмдерге негізделген: барынша алуан түрлі және ерекше жоспарлардың көп мөлшерін генерациялау қабілеті, жоспарларды құру жылдамдығы және жеңілдігі, бір мезгілде бірнеше жоспарлардың болуы және оларға жағдайдың өзгеруіне байланысты түзетулер енгізу, өз жоспарын өткізудегі қатаңдық, ерік-жігер. Бұл қасиеттер жетекшінің оны «жоспар жасаушы» (faeseurde plan) ретінде анықтайтын өзіндік қасиетін құрайды.
Тиімді басшылықтың аса маңызды шарты – ақыл-ой мен ерік-жігердің пропорционал сабақтасуы, бұл атақты «шаршы (квадрат) формуласында» көрсетілген. Оның негізгісі – ерікжігер, биіктігі – ақыл-ой, алаңы – іс-әрекет табыстылығы. Толық тепе-теңдік (баланс) сирек кездеседі. Жетекші іс-әрекетіндегі ерік-жігер оның өзіндік қасиеттерін, яғни шешімділікті, құлшынысты, жауапкершілікті өзіне алу шеберлігін, «аңғарымды батырлықты» қалыптастырады. Осының барлығы айрықша қорытушы қасиет – «ұмтылысты сана» ретінде белгіленеді.
Жетекшінің практикалық ойлауының маңызды сипаты – стреске (күйзеліске) тұрақтылық. Әдетте, кері эмоциялар ойлау процестерін басып тастайды, бірақ үлкен жеке айырмашылықтар бар. Тұлғаның қолайсыз жағдайлар ойлау іс-әрекетін ынталандыруы мүмкін дейтін қасиеті байқалды. Басқару іс-әрекетінің жоғары кернеулілік факторы – оның өзіне тән ең бір полипроблемалық сипаты. Ойлау міндеттерінің интерференциясы – олардың бір-біріне кері ықпалы жүреді. Бұл жерде жетекшінің практикалық ойлау процесінің өзі көп фокустылықты – бір мезгілде бірнеше бағытта жайылуды қабылдайды. Бұл бір мәселенің екіншісіне өте жылдам әрі жиі ауысуы. Жетекшінің практикалық ойлауының тағы да бір өзіне тән ерекшелігі бар – ол болжамдық ойлау қасиеті, көкейкесті ақпаратты да, көре білу ақпаратын да ескеру қабілеті. Бұл – басқарылатын жүйенің болашақ күйін алдын ала көрсету өнімі.
Басқарудағы болжанатын мәселелерді шешудегі басты қиындық олардың басқа адамдардың мінез-құлқын жиі ескеруді талап етуінде тұр. Сондықтан жетекші ойлауының болжамдылығы ойлаудың шарттылық (басқаның орнына өзін қою және соның негізінде оның мінез-құлқын көре білу қабілеті) секілді маңызды сапасынан ажырамайды. Шарттылық (рефлексивтілік) механизмдердің кикілжіңді жағдайлар мен бәсекелестік жағдайлардағы рөлі аса маңызды.
Ойлаудың жетекші іс-әрекетіндегі негізгі қасиеттерінің ішінде мыналар басты болып табылады: