Пән: Басқару психологиясы Орындаған: Ақжанова А



бет13/17
Дата22.11.2022
өлшемі111,2 Kb.
#51662
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
БП МӨЖ МОӨЖ

Пайдаланылған әдебиет:

  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы. – Алматы, 2002.

  2. Базаров Т.Ю. Психология управления персоналом: учебник и практикум для академического бакалавриата / Базаров Т.Ю. – Люберцы: Юрайт,2016.

9-апта МОӨЖ


Орындаған: А.Ақжанова
Тобы: М-Ист-11
Пән: Басқару психологиясы
Тақырып: Жетекші және оның қызметтеріне жалпы сипаттама


Жетекшілік теорияларының ерекшеліктері жеке қасиеттер тұлғалық ерекшеліктерді, сондай-ақ жетекшілік көрінісі мен жетекшілік тиімділігі секілді екі көрсеткішті басшылыққа алады. Соңғы зерттеу материалдарына сүйене отырып, жеке қасиеттер мен жетекшілік туралы екі тұжырымды ұсына аламыз: біріншісі жетекшілікті анықтауға көмектесетін қасиеттерді көрсетеді, екіншісі жеке қасиеттер арқылы жетекшілерді тиімді, тиімсіз деп ажыратуға қарағанда, жетекшілерді тану анағұрлым тиімді екенін меңзейді. Жағымды қасиеттерге ие адамды айналасындағылар көшбасшы деп қабылдаса, ол міндетті түрде тиімді де сәтті жұмыс істеп, топты мақсатқа жетуге бастайды деген сөз емес. Дегенмен жеке қасиеттер мен жетекшілік арасында күшті байланыстар бар екені анық, енді соған тоқталайық.
Жеке қасиеттер және жетекшілік. Ұлы жетекші дегеніміз кім? Жалпы жетекшілікке келгенде адамдармен араласқанды ұнататын, өзін көрсете алатын (экстраверт), тәртіпсүйгіш әрі мойнына алған міндеттемелерін орындай алатын (адал), креатив әрі икемді (ашық) жеке тұлғалардың бәсі анық жоғары. Осыны аздап тарқатайық.
Жағымсыз ерекшеліктері. Макиавеллизм, нарциссизм және психопатия секілді ұнамсыз қасиеттер туралы не айтуға болады? Зерттеулерге сүйенсек, бұл ұнамсыз қасиеттер жетекшілік үшін қажет. Еуропа мен АҚШ-тағы зерттеулер ұнамсыз қасиеттер бойынша қалыпты (орташа деңгейлі) көрсеткіштерді оңтайлы, ал төмен (және жоғары) көрсеткіштер тиімсіз жетекшілікпен байланысты болғанын анықтады. Сондай-ақ зерттеу барысында жоғары эмоциялық тұрақтылық тиімсіз мінез-құлықты аңғартуы мүмкін екені белгілі болды. Дегенмен ұнамсыз қасиеттер мен эмоциялық тұрақтылық бойынша жоғары көрсеткіштер жетекшіліктің пайда болуына септесе алады. Қорыта келгенде, осы және басқа да халықаралық зерттеулер өзін-өзі тану мен өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру жетекшілерге ұнамсыз қасиеттерінің кері әсерін бақылауға алуға көмектесетінін анықтады.
Тиімді жетекшілікті көрсететін қасиеттердің бірі – эмоциялық интеллектінің басты құрамдас бөлігі – эмпатия. Жанашыр жетекшілер қарамағындағылардың қажеттіктерін сезініп, айтатынын (айтпайтынын) тыңдап және реакцияларын оқи алады. Эмоциясын ұтымды шығарып, басқара алатын жетекшілер қарамағындағылардың сезіміне оң ықпал етіп, жұмысына шынайы сүйіспеншілік танытып, жұмысқа құлшынысын арттыра алады, сондай-ақ қызметкерлер өнімді жұмыс істеуде сәтсіздікке ұшырағанда қынжылысын да жасырып қалмайды. Эмоциялық интеллект пен жетекшілік тиімділігі арасындағы байланыс әлі де тыңғылықты зерттеу жүргізуді қажет етеді. Сондай-ақ зерттеулер эмоциялық интеллекті жоғары адамдар тіпті танымдық қабілеті мен тұлғалық ерекшелігін есепке алғанның өзінде тиімді жетекшіге айналуға бейім екенін көрсетті.
Жеке қасиеттер теориялар жетекшілікті анықтауға көмектеседі, алайда олар жетекшілікті толық түсіндіруге септеспейді. Табысты жетекшілерді тиімді қылатын не? Жетекшіге тән мінез-құлық түрлерінің бәрі бірдей тиімді ме? Алда талқыланатын мінез-құлық теориялары бізге жетекшілік параметрлерін айқындауға көмектеседі. Мұны саралаудың басқы жолы – осы теориялар қаншалықты пайдалы екенін тексеру. Жеке қасиеттерді зерттеу басшылыққа дұрыс адамдарды таңдауға оң ықпал етеді. Ал жетекшіліктің мінез-құлық теориялары, керісінше, адамдарды жетекшілікке баулуға болады деп тұжырымдайды.
Жетекшіліктің кешенді мінез-құлық теориялары жетекші мінез-құлқының тәуелсіз өлшемдерін анықтауға бағытталған Огайо штатындағы зерттеулер нәтижесінде белгілі болды. Зерттеулер мыңнан астам өлшем арасынан қызметкерлер сипаттаған жетекшілік мінез-құлқының екеуін – құрылымды ұсыну мен салмақтауды іріктеп алды.
Бастамашылық қабілет – жетекшінің мақсатқа жетудегі ізденіс жолында өзінің және қызметкерлерінің рөлін анықтап және құрылымдай алатын деңгей. Бұған жұмысты, жұмыстағы қарым-қатынастарды және мақсаттарды ұйымдастыруға бағытталған мінез-құлық жатады. Бастамашылық қабілеті жоғары жетекші –қарамағындағыларға тапсырмалар беретін, өнімділіктің белгілі стандарттарын белгілейтін және кесімді мерзімдерді қадағалайтын адам. Жетекшілік туралы материалдарға жасалған шолуға сәйкес, бастамашылық қабілет топтық және ұйымдық өнімділіктің жоғары деңгейлерімен және өнімділікті жағымды бағалаумен тығыз байланысты.
Жетекші ұйым үшін де, қызметкерлер үшін де маңызды. Жетекшілікті түсіну – тұрақты дамып келе жатқан ғылым саласы. Қазіргі заманғы теориялар жетекшілердің пайда болуы, ықпал етуі және олардың қызметкерлері мен ұйымдарын басқаруының бірегей жолдарын анықтау негізінде құрылған. Заманауи озық тұжырымдардың кейбірін зерделеп, осыған дейін талқылаған теориялардың аспектілерін қарастырып көрелік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет