7. Гистаминнің физиологиялық әсері:
а) қан тамырларын кеңейтеді, өткізгіштігін арттырады, НСI секрециясын күшейтеді в) қан тамырларын тарылтады, тамырлардың өткізгіштігін төмендетеді с) тұз қышқылының секрециясын төмендетеді д) қозу процессін тежейді е) мида қан айналымын жақсартады, қан тамырларын кеңейтеді
8. Нерв жүйесінің селбестіргіштері (медиаторы):
а) норадреналин в) тироксин с) кортикостерон д) соматотропин е) инсулин
9. Барлық аминқышқылдардың дезаминденуінің жалпы өнімі болып табылады:
а) май қышқылдары
в) гидрокси қышқылдар
с) кетоқышқылдар
д) қанықпаған қышқылдар
е) аммиак
10. Серотониннің алғы заты болып ... табылады.
а) 5-гидрокситриптофан в) тирозин с) глутамат д) гистидин е) глутамин
№6 сабақ
1. Тақырыбы: Нуклеопротеиндер алмасуы туралы түсінік. Нуклеопротеиндердің қорытылуы. Несеп қышқылының түзілуі. Нуклеопротеиндер алмасуының бұзылуы.
2. Мақсаты: 1. Нуклеопротеиндердің химиялық құрылысы мен биологиялық міндеттері туралы түсінік алу.
2. Нуклеопротеиндердің қорытылуы мен сіңірілуі туралы білімді қалыптастыру.
3. Несеп қышқылының түзілуі және оның биологиялық маңызы туралы білімді меңгеру.
4. Нуклеопротеиндер алмасуының бұзылуында болатын патологиялар туралы түсінік алу.
3. Тапсырма: 1. Нуклеопротеидтердің және нуклейн қышқылдарының құрамы, құрылысы, биологиялық міндеттерін түсіндір. 2. Нуклеопротеидтердің қорытылуы мен сіңірілуін түсіндір. 3. Пуринді негіздердің биосинтезі мен ыдырауы кестеден түсіндір. 4. Пуринді негіздердің алмасуының бұзылуы туралы баяндаңыз. 5. Несеп қышқылының түзілуі. Гиперурикемия, подаграны түсіндіріп, реакциясын жаз. 6. Пиримидинді негіздердің биосинтезі мен ыдырауы реакцияларын жаз. Оротацидурия. 7. Ағзадағы азотты алмасудың реттелуін баянда.
4. Орындау түрі:реферат презентация, органикалық қосылыстар құрылысының формуласы, биохимиялық процесстер реакциялары, теттік есептер, жағдайлық есептер, кроссвордтар, тақырып бойынша эссе, мылқау карталармен жұмыс, тақырыптық альбом.