Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1.Скиннердің ерте өмірі туралы не білетіндіктеріңе сүйеніп, оның адам мінез-құлқы теориясын дамытуға итермелеген негізгі себепті анықтау аласыздар ма? Теорияны құрастыратын скиннерлік жеке мінез-құлық бекіту терминімен түсіндіріледі ме? Қалайша?
2.Респондентті және оперантты мінез-құлықтың негізгі айырмашылықтарын келтір. Үйретуді қараған кезде Скиннер оперант терминімен нені түсіндіруге тырысты?
3.Бекітудің режимімен танысқаннан кейін осы режимдердің қайсысы сіздің өмір стиліңізге сәйкес келетіндігін айтыңыз. Бекіту режимінің әрқайсысына мысал келтіріңіз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. К.Холл Г.Линдсей Теории личности М 2000 г.
2.Л.Хьелл, Д.Зиглер Теории личности СПб 2005 г.
3.Б.В.Зейгарник Психология личности: норма и патология М.2003
№ 13 Дәріс
Тақырып: Альберт Бандураның әлеуметтік-когнитивті тұлға теориясы.
Мазмұны:
1. Альберт Бандураның өмірбаяны
2. А.Бандураның әлеуметтік-когнитивті тұлға теориясы.
Дәріс мақсаты: әлеуметтік-когнитивті теорияның негізгі қағиадаларын сипаттау, Бандураның концепцися мен принциптерін талдау.
Негізгі ұғымдар: модельдеу арқылы үйрену, бекіту, өзара детерминизм, бақылау арқылы үйрету.
Альберт Бандура 1925 жылы Канаданың Альберта деген жерінде дүниеге келген. Поляк фермерінің баласы 20 оқушысы және 2 мұғалімі бар бастауыш және орта мектепте білім алады. Мектепті аяқтағаннан кейін Ванкувер Университетіне түсіп, 1949 жылы гуманитарлық ғылым бакалавры дәрежесін алып шығады. Содан кейін ол оқуын Айова Университетінде жалғастырады. 1951 жылы гуманитарлық ғылымның магистры, 1952 жылы философия докторы дәрежесін алып шығады. Уичиты консультациялық орталығында жылдық клиникалық интернатурада болып, Стэнфорд Университетінің психология факультетінде сабақ береді. Бандура өз қызметінде жеке тұлғаны зерттеудің әлеуметтік когнитивтік теориясын дамытумен айналысты. Оның « Подростковая агрессия (1959) және Социольное научение и развитие личности» (1963) еңбектерін Ричард Уолтермен бірігіп жазды. Бандураның психология саласын дамытуда алатын үлесі зор. Ол 1973 жылы Американдық психологиялық ассоциацияның президенті болып тағайындалды. 1980 жылы Американ психологиялық ассоцияциясы ғылыми жетістігі үшін марапатталады. Өзінің мұғалімдік және зерттеушілік қызметінің 40 жылынан кейін Стенфорд Университетіне арнайы тағайындалған болатын. Ол әйелі Вирджения екеуі опера және симфониялық музыкадан лэззат алып, жұма күндері Сан-Францисконың әдемі ресторандарының бірінен тамақтанады. Қазірде Бандура элеуметтік-когнитивтік теорияның негізін салушы, модификациялық іс-әрекет пен агрессияға және жыныстық рольдік даму саласының бірлігі. Бандура 1969 жылы Стэннонд Университетінде мінез-құлықты терең зерттеу орталығының мүшесі болады. Бандураның психология дамуына қосқан үлестері жоғары бағаланады.
Бандура атап өткендей қазіргі уақытқа дейін түрлі психодинамикалық докториналар адамның мінез-құлығы ішкі процестерге тәуелді және сана табалдырығының төмен деңгейінде жүзеге асады деген тұжырымды ұстанып келді. Бандура осындай теориялардың концептуалды шектеулерін былайша сипаттаған. Адамның қазіргі уақыттағы мінез - құлығының көрінісіне қарап ішкі детерминанталарды анықтап отырған. Мысалы: өшпенділік сезіміне қарап, араздастық импульсының басым екені айқындалады. Дәл осылай жетістіктер түрткісін жетістікке бағытталған мінез - құлығынан деп қорытынды шығарылған. Бандураның көзқарасы бойынша қызығушылық пен түрткіден тұратын ішкі шынайылық мінез-құлықтың түрлі жағдайдағы түрлі адамдардың түрлі әлеуметтік рольдердегі күші мен жиілісін түсіндіре алмайды. Ішкі бихеовиоризм.Бандура үшін индивид айналадағы әсерді жандандыратын автономиялық жүйе де қарапайым механикалық өткізгіштер де емес. Олар, өзерінің күнделікті өміріне әсер ететін оқиғаны алдын-ала болжап, соны реттей алатын жоғарғы қабілеттерге ие.Бандураның көзқарасынша адамдар интрапсихикалық күшпен басқарылмайды және қоршаған ортаға жауап қайтармайды. Адамның функционалдануын мінез-құлық, танымдық сфера және ортаның үздіксіз әрекеттестігі термині арқылы түсінуге болады. Мұндай мінез-құлық анализін Бандура өзара детерминизм деп атаған және орналасу мен жағдаяттың факторлар, мінез-құлықтың бір-біріне тәуелді себептері болып келеді деген. Нақтырақ айтқанда, сенім және күту сияқты мінез-құлықтың ішкі детерминаттары мен мадақтау және жазалау сияқты сыртқы детерминанттар өзара әрекеттестік жүйесінің бөлігі болып табылады және тек мінез-құлыққа ғана әсер етіп қоймай, жүйенің әр түрлі бөлшегіне әсер етеді.Бандура өңдеп шығарған өзара детерминизмнің триада-моделі көрсеткендей, мінез - кұлыққа орта әсер еткенімен, ол адамның іс-әрекет жемісі де болып келеді, яғни адамдар өз мінез-құлығына әсер ете алады. Модельдеу арқылы үйрену.Модельге сәйкес бақылау мен ақпаратты вербальды түрде беру адамның күрделі мінез - құлық фориаларының қалыптасуының негізі болып саналады. Бандураның тұжырымынша, тікелей тәжірибе нәтижесінде қалыптасып үйренудің барлық феномені дерлік басқа адамның мінез-құлығын бақылау арқылы жанама түрде қалыптасуы мүмкін. Есте сақтау процесстері: модельді есте сақтау Бандура екі негізгі ішкі репрезентативті жүйе ұсынған. Олардың көмегімен модель мінез-құлығы есте сақталып, кейін әрекетке айналады.Олардың біріншісі-образдық кодтау. Адам қаншалықты модельдік стимулдарды бақыласа,сенсорлық үйрену процесінде көрген нәрселердің тұрақты және оңай шығарылатын бейнелер пайда болады.Екінші репрезентативті жүйенің мәні бұрын бақыланған жағдайлардың вербальды кодталуында.Модельді бақылай отырып, адам іштей оның не істеп жатқанын қайталай алады. Моторлы - репродуктивті процесстер:естің мінез-құлыққа ауыстыруы. Бақылау арқылы үйренудің үшінші компоненті-әрекетке сәйкес есте символикалық кодталған ақпарат аламасуы.Адам модель мінез-құлығының ойша образдарын сақтап, қалыптастырып, ойында сол мінез-құлықты қайталаса да,соны іс жүзінде дұрыс орындай алмауы мүмкін.Бұл әсіресе шеберлік орындауды қажет ететін іс-әрекеттерден көрінеді. (мысалы: гимнастикалық жаттығулар, саз аспаптарында ойлау, ұшақ жүргізу).
Достарыңызбен бөлісу: |