Орындалған жұмыс есебінде жұмыс мақсаты, приборлар мен ббұйымдар тізбегін көрсету қажет; люксметр жарық қабылдағыш және өлшегіш эскизін орындау, табиғи және жасанды жарықпен қамтамасыз ету коэффицентінің есебін келтіру; зерттеу хаттамасын кесте түрінде келтіру. Жұмыс орнында жарықпен қамтамасыз етілудің санитарлық нормаларының сақталуы жайлы қорытынды беру.
3-тапсырма Өртті сөндірудің алғашқы құралдарын оқу
Жұмыс мақсаты: қол отсөндіргіштерін қолдану және конструкцияларымен, мектеп пен басқа мекемелерге олардың қорының нормаларымен таныстыру.
Жұмыстың орындалу реті
1 Отсөндіргіш заттардың қасиеті мен олардың қолдану облыстарын оқу (кесте толтыру).
2 ОХП-10, ОУ-2, ОП-1 қол отсөндіргіштерінің іске қосылу принципі мен конструкцияларын оқу.
3.ОХП-10 отсөндіргішінің іске қосылуын көрсету.
4.Оқытушы тапсырған объект үшін «Құрылыс-монтаждық жұмыстар өндірісінде өрт қауіпсіздігін сақтау ережесін» қолдана отырып орт сөндірудің басқа құралдары мен отсөндіргіштер санын анықтау.
1.Су
2.Құм
3.Киіз, брезент, асбест және т.б. жабындылар
4.Химиялық көпірік (ОХП-10 отсөндіргіші)
5.Көмірқышқыл (ОУ-2 отсөндіргіші)
6.Галондирленген көмірсутек
7.Жаңғыш емес газдар (азот, көмірқышқыл газ және т.б.)
8.Ұнтақ (ОП-1 отсөндіргіші)
Ескерту.Өртсөндіргіш заттардың қолдану облысы:
А) ағаш, ағаштан жасалған заттар, маталар және т.б.;
Ә) жаңғыш сұйықтықтар (мазут, бояу, май);
Б) кернеу жағдайындағы немесе кернеу жағдайында болуы мүмкін электр құрылғылары;
В) құнды заттар (картиналар, құжаттар, оқулықтар т.б.);
Г) жаңғыш металлдар (а, К);
Ғ) адам киімдері;
Д) кино пленкалары;
Ж) тез жаңғыш сұйықтықтар (бензин, керосин т.б.).