«Пән бойынша оқудан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістемесі» СӨж топ



бет1/3
Дата21.05.2022
өлшемі375,8 Kb.
#35220
  1   2   3
Байланысты:
sro(20200906-72209) 2


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының ШӘКӘРІМ атындағы КеАҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстару-Математика факультеті
«Физика-математика ғылымдары және информатика оқу» кафедрасы
«
Пән бойынша оқудан тыс жұмысты ұйымдастыру әдістемесі»




СӨЖ

Топ: ИР-001
Тақырыбы: Білім алушының өздік жұмысының сұрақтарына байланысты тапсырманы орындау.
Орындаған: Мұратбеков Мейрамбек
Тексерген: Сыздыкова Айжан Тлеужановна.

Семей
2022ж.
Мектеп оқушыларының арасында болсын, студенттер арасында болсын әр түрлі тақырыптарға байланысты ғылыми жоба қорғау сайыстары болып тұрады. Яғни ғылыми жарыс. Одан кез келген пәнге байланысты жаңа идеялар күтiледi. Университетте экология, педагогика секілді кез келген пәндерден ғылыми жоба жазу тапсырмалары жиі беріледі. Соған байланысты интернетте жиi iздестiрiп жатады. Сонымен қатар студенттердің дипломдық жұмысы да ғылыми жоба болып есептеледі .
Ғылыми жобаның өзіне тән жеке ережелері мен талаптары болады .
Ғылыми жарыстардың негiзгi мақсаты мен мiндеттерi :

  • Оқушылардың ғылыми - зерттеу және оқу - танымдық жұмыстарын ынталандыру;

  • Қазақстан Республикасының интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға үлес қосу.

«Ғылыми жоба деген не?» – деген сұраққа жауап беріп өтетін болсам,
1. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жарыстарын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі атынан өткізеді.
2. Жарыстардың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынталандыру;
2) ой еңбегінің беделін арттыру;
3) ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және оларға қолдау көрсету;
4) Қазақстан Республикасының интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.
3. Ғылыми жарыстары төрт кезеңде өтеді:
1) бірінші кезең - мектептік;
2) екінші кезең - облыстық (Алматы және Астана қалаларының
мектептері мен республикалық мектептер жарыстары мәртебесі
жағынан облыстық жарыстармен теңестіріледі);
3) үшінші кезең - іріктеу кезеңі екі турда өтеді:
бірінші тур - бейінді пән бойынша тестілеу;
екінші тур - жобаны алдын ала сараптау;
4) төртінші (қорытынды) кезең - республикалық.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет