Этнотілдік құрамы және антропологиялық түрі. Шығыс славян тіл топтары: орыс, белорус, украин. Шығыс славян тілдері грамматикасының ерекшеліктері мен қиыншылықтары. Үлкен еуропоидтық нәсілдің үстемдігі. Шығыс славяндар арасында атлант-черномор, шығыс еуропалық, беломор-балтық түрлерінің таралуы. Шығыс облыстарда орналасқан орыс халқында оралдық антропологиялық түрлерінің араласуы және монғолоидтық белгілердің болуы.
Субэтникалық топтар. Субэтникалық топтардың пайда болуына табиғи-географиялық, тарихи, әлеуметтік-экономикалық, этномәдени факторлардың әсері. Ресей аймағындағы орыс халқының субэтностары (мещерлар, полехтар, позерлер, пошехондар, поморлар, старообряцтар, казактар және т.б.), украиндердің (гуцулдар, бойкалар, лемкалар), белорустардың (линчуктер, полщеуктар). Аталған субэтностардың қазіргі кездегі этникалық дамуы.
Айналысатын шаруашылығы. Шығыс славяндарында шаруашылық-мәдени түрі бойынша дәнді дақылдар өсіру арқылы егін шаруашылығының басым болуы. Үй мал шаруашылығының, ара өсірудің, балық аулаушылықтың, аңшылық пен сауданың көмекшілік түрлері. ХХ ғ. басына дейінгі шаруа қожалығының жартылай табиғи түрі. XIX-XX ғғ. ауыл шаруашылығы өнеркәсібінің аймақтық шектері. Революциядан кейінгі кезеңдегі дәстүрлі шаруашылықтағы өзгерістер.
Қоғамдық тұрмысы. Шығыс славяндарының түрлі тарихи дәуірлерге әлеуметтік бөлінуі. Сословиелік бөліну және қоғамның таптық құрамы. Көршілес шаруашылықтардың жер бойынша қауымдастығы. Революциядан кейінгі кезеңдегі дәстүрі қоғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер.
Отбасылық қарым-қатынастар мен рәсімдер құрылымындағы ортақ және спецификалық ерекшеліктер. «Үлкен» отбасылардың күйреп, «шағын» (нуклеарные) отбасылардың кеңінен таралуы. Отбасы ішіндегі қарым-қатынастар.
Материалдық мәдениеті. Түрлі тарихи кезеңдердегі елді мекендері мен үйлері, оларға табиғат жағдайларының және басқа да факторлардың әсері. Қалалық және ауылдық елді мекендер. Ресейдің оңтүстік облыстары мен Украинадағы көп аулалы үйлердің басымдылығы. Солтүстік орыстардың көп аулалы емес үйлер. Ауылдық жерлердегі айналмалы, қатар-қатар, көшелік түрдегі жоспармен салынған үйлер. Географиялық аймақтарына байланысты салынған шаруашылық үйлер түрі. Негізгі құрылыс материалдары. Киімдердің, бас киімдердің, аяқ киімдердің және әшекей-бұйымдарының дәстүрлі кешені. Тамақтану жүйесі. Қолданбалы-сәндік өнер және халықтардың кәсіптері.