1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
1
|
Үй тапсырмасы
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
2
|
Лабораториялық жұмыс, практикалық семинар сабақтары
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
*
|
3
|
Дәрістегі тесттік сұрақ.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
Бақылау жұмысы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
Тест тапсырмасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
Жазбаша сұрау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
Аралық бақылау
|
|
|
|
|
|
|
*
|
|
|
|
|
|
|
|
*
|
8
|
Мәнжазба, эссе
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9
|
Презентация
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10
|
Курстық жұмыс (болған жағдайда)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
11
|
Тапсырманың басқа түрлері (болған жағдайда)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ
№
|
Автор, оқулықтар мен оқу құралы
|
Шыққан жері мен жылы
|
Әдебиеттер саны
|
|
Бромлей Ю.В. Этнография
|
Алматы, 1981.
|
10
|
|
Шәлекенов У.Х. Әлем халықтарының этнографиясы.
|
Алматы, 1994.
|
10
|
|
Артықбаев Ж.О. Этнология.
|
Алматы, 2006.
|
30
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Австралия и Океания.
|
М., 1981.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Америка.
|
М., 1980.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Зарубежная Азия. Восточная и Центральная Азия.
|
М., 1982.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Зарубежная Азия. Юго-Западная Азия.
|
М., 1982.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Зарубежная Европа. Западная Европа.
|
М., 1979.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Зарубежная Европа. Северная Европа.
|
М., 1981.
|
10
|
|
Страны и народы. В 20-ти томах. Зарубежная Европа. Южная Европа.
|
М., 1983.
|
10
|
ДӘРІС КЕШЕНІ (ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ, ИЛЛЮСТРАТИВТІ ЖӘНЕ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ, ӘДЕБИЕТЕТР ТІЗІМІ)
«ЭТНОЛОГИЯ» ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ
1-ші тақырып: ЭТНОЛОГИЯ ПӘНІ, МІНДЕТТЕРІ, ДЕРЕК КӨЗДЕРІ, ТЕОРИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ЖІКТЕУЛЕР
Этнология пәні мен міндеттері. Этнология тарихи ғылымдардың бірі. Этнология және оның қоғамдық ғылымдар жүйесіндегі орны. Этнологияның түсініктеме аппараты. Этнологияның зерттеу объектілері - өзінің өмірі мен қызметін экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да салаларда жүзеге асыратын этностар мен этникалық қауымдастықтар. Этностың белгілері – тіл, этникалық аумақ, тұрмысы мен мәдениетінің ерекшеліктері, шығу тегі, этникалық өзін-өзі тануы. Түрлі этностардың мәдениеті мен тұрмысындағы ерекшеліктері мен өзара ұқсастықтарын зерттеу, олардың қоғамдық және отбасылық тұрмысындағы, материалдық және рухани мәдениетіндегі жалпы заңдылықтарды анықтау.
Этностардың теориясы мен тұжырымдамасы: примордиалистік (Гердер, Риттер), биоәлеуметтік (Л.Н.Гумилев және т.б.), әлеуметтік-тарихи (Ю.В.Бромлей және т.б.), синергетикалық, ақпараттық (Н.Н.Чебоксаров және т.б.), жүйелік-статистикалық (Э.А.Орлов және т.б.), инструменталдық (Б.Глезер, Р.Джексон және т.б.), конструктивтік (Б.Андерсон, Р.Бурдье және т.б.). Этникалық зерттейтін түрлі әдістер.
Этнологияның қызметі: теориялық-танымдық, практикалық-қолданбалы, мәдени-танымдық, әлеуметтік, болжамдық.
Этнологиялық дерек көздер және зерттеу әдістері. Этнологиядағы негізгі және маңызды дереккөз – бұл далалық жұмыстар барысында жиналатын және далалық күнделіктерге жазылатын материалдар, олар сызбалармен, суреттермен, кинокөріністерімен, фонографиялық және таспалық жазбалармен толықтырылады. Мәдениеттің заттай материалдарын жинақтау – тұрмыс заттары, түрлі көшірмелер, киімдер, аспаптар және т.с.с. классикалық жазбалы нарративті дереккөздер. Зерттеу жұмыстарының жалпы ғылыми әдістері – тарихи, құрылымды-қызметтік, жүйелі және т.с.с. Зерттеу жұмыстарының классикалық және арнайы әдістері – ғылыми талдау үшін әр түрлі материалдарды жинау, далалық зерттеулер, жазбаша және ауызша дереккөздерді, мұрағат материалдарын және салыстырмалы ттілтануды мәліметтерін зерттеу. Статистикалық, этносоциологиялық және басқа да дереккөздерді қолдану арқылы зерттеу жұмыстарының қазіргі заманғы әдістері. Этнологияның басқа да ғылымдармен байланысы: археологиямен, ежелгі дүние тарихымен, антропологиямен, географиямен, өнертанумен, лингвистикамен, фольклористикамен, социологиямен, мәдениеттанумен, саясаттанумен.
Этнологиялық ғылымдардың мәселелері. Жекелеген елдердің және бүкіл әлем халықтарының этникалық құрамын зерттеу. Халықтардың этногенезі және этникалық тарихы. Қауымдық-туыстық құрылысты, яғни, таптық қоғамды зерттеу. Тарихи қалыптасқан ұлттық мәдениеттердің құнды мұраларын зерттеу. Қазіргі заманғы этникалық үрдістерді зерттеу және т.с.с.
Этнологиядағы бағыттар мен мектептер. Классикалық эволюционизм (А.Бастиан, И.Бахофен, Эд.Тейлор, Л.Г.Морган, Дж.Леббок және т.б.). Диффузионизм және оның бағыттары: Ф.Ратцелдің антропогеографиялық мектебі, Ф.Гребнердің мәдени орта мектебі, Л.Фребеннустың мәдени морфология мектебі, Э.Норденшельдтің мәдени-тарихи мектебі. Функционализм (Р.Турнвальд, Б.Малиновский) және құрылымдық функционализм (А.Р.Радклифф-Браун). Тарихи этнологияның американдық мектебі немесе психологиялық антропология (Ф.Безе, К.Унселер, А.Л.Кребер және т.б.). Француз социологиялық мектебі (Э.Дюркгейм, В.Мюльман). Этнопсихологиялық мектеп (З.Фрейд, Р.Бенедикт, М.Мид). Мәдени релятивизм немесе құндылықтар теориясы (М.Херсковиц және т.б.). Структурализм (Э.Эванс Причард, К.Леви-Стросс және т.б.). Неоэволюционизм (Дж.Стюарт, Дж.Мердок, Лесли Уайт және т.б.). Ресейдегі этнологиялық ғылымның дамуы (К.Д.Кавелин, М.М.Ковалевский, Д.Н.Анучин, Н.Н.Харузин, Л.Я.Штернберг). Этнологиялық кеңес мектебі (В.В.Радлов, В.Г.Богораз, С.И.Толстов, Ю.В.Бремлей және т.б.). Қазақстандағы этнологиялық ғылымның қалыптасуы және дамуы (Ш.Ш.Уәлиханов, С.Бабаджанов, А.Диваев, Б.А.Куфтин, Ә.Х.Марғұлан, Н.В.Захарова, Э.А.Масанов, Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов және т.б.). Этнология және қазіргі заман.
Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:
Этнологияның жеке ғылым болып бөлінуінің алғы шарттары қандай?
Этнология пәнінің, объектілерінің мәні неде?
Этнология мектептері мен негізгі теориялық бағыттарының схемасын құрыңыз.
Этнологиядағы негізгі терминдерге глоссарий құрыңыз.
№3-4 дәрістер
Этнологиядағы негізгі жіктеулер
Географиялық жіктеу. Негізгі ландшафтық немесе климаттық облыстар бойынша адамдар көп орналасқан үлкен аумақтар көлемінде этностардың орналасуы мен өмір сүруін зерттеу (Австралия мен Океания, Азия, Африка, Америка және Еуропа). Бұл жіктеудің ішінен тарихи-этнографиялық облыстарды және мәдениеті мен тұрмысы ортақ немесе ұқсас тарихи қалыптасқан негіздерді бөліп шығару. Мысалы, Австралия мен Океанияны шартты бөлімшелерге бөлу: Австралия мен Тасмания, Меланезия, Папуа-Жаңа Гвинея, Полинезия және Жаңа Зеландия, Микронезия және т.б.
Антропологиялық жіктеу. Нәсіл құрудың факторлары: табиғи, тарихи, оқшауланған және керісінше, олардың араласу нәтижесіндегі. Адам нәсілінің төрт негізгі тобы: еуропеоидтық, негроидтық, монғолоидтық, австролиодтық, олардың генетикалық байланыстары. Олардың сыртқы және айырмашылық түрлері. Морфологиялық және физиологиялық белгілерімен аралас немесе ауыспалы нәсілдердің шамамен 30 түрі бар. Мысалы, үлкен монғолоидтық нәсіл солтүстік азиаттық, қиыр шығыстық, оңтүстік азиаттық, арктикалық, американоидтық болып бөлінеді, ал еуропеоидтық атлант-балтиялық, орта еуропалық, балқан-кавказдық, үнді жерорта теңіздік және басқа да нәсілшелерге бөлінеді. Екі немесе үш үлкен нәсіл белгілерінің қосарлануы.
Тілдік немесе лингвистикалық жіктеу. Туыстығы мен шығу тегі бойынша тілдерін генеалогиялық жүйелеу. Тілдік семьялардың қалыптасу үрдістері. Тілдік семья – тілдік тарам – тілдердің шағын топтары – жеке тіл. Негізгі тілдік семьялар: үндіеуропалық, семит-хамиттік, орал, алтай, австронезиялық, австроазиаттық, қытай-тибет, тай, дравидтік, кавказдық, нигер-кордофан, нило-сахар, койсан, эскимос-алует және т.б.
Шаруашылық-мәдени жіктеу. Бірінші шаруашылық-мәдени түрі: аңшылық, балық аулаушылық және терімшілік. Кезбе аңшылар мен терімшілердің артта қалған түрі. Теңіз және мұхит жағалауындағы балықшылар мен терімшілер. Солтүстік Америка мен Солтүстік Еуразияның солтүстік ормандарының аңшылары. Мұхиттардың, теңіздердің және өзендердің солтүстік жағалауындағы отырықшы балықшылар. Мұзды мұхит жағалауындағы теңіз аңдарын аулайтын аңшылар.
Екінші шаруашылық-мәдени түрі – кетпенді егін шаруашылығы және мал шаруашылығы. Тропиктік, субтропиктік, биік таулық және ыстық белдіктердегі қолмен жер игерушілер. Даланың және құрғақ таулы жерлердің, сонымен қатар Көне және Жаңа Әлемнің қоңыржай белдігінің ормандарындағы кетпенді жер игерушілер. Мал шаруашылығының егін шаруашылығынан жекеленуі және Еуропаның жартылай шөл далаларынында, Африканың шөл аудандарында, Көне Әлемнің тундраларында бақташылық тайпалардың пайда болуы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы. Бұғы өсірушілік.
Үшінші шаруашылық-мәдени түрі – Афро-Еуразиялық континентіндегі жер жыртатын егіншілер және олардың жергілікті нұсқалары: а) Жерорта теңізінің құрғақ жерлерінде, Алдыңғы және Орталық Азияда, Солтүстік Қытай мен Кореяда; ә) Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азияның ылғалды тропиктік және субтропиктік жерлерінде; б) Еуропаның қоңыржай белдігінде, Оңтүстік Сібірде, Қиыр Шығыста және Солтүстік Американың орманды жерлерінде.
Халықтарды жіктеудің басқа әдістері. Бұлардың көмекші және өте шектеулі мәні бар. Олар діні немесе конфессионалды қатыстылығы бойынша, халықтардың тарихи дамуының деңгейі бойынша, этникалық қауымдастық түрлері бойынша, саны бойынша және т.б. жіктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |