Шығыс Африка жеке тарихи-мәдени аймақ болып бөлінуінің қандай белгілері бар?
Отырықшы және көшпенді халықтардың аймақтың қатал табиғи-климаттық жағдайларына үйренісуі қалай болады?
Қазіргі заманғы тарих ғылымының негізгі теориялық зерттеулеріне сүйене отырып, сұраққа жауап беріңіз: номадизмді құрайтын қандай африкандық формалар бар?
Оңтүстік Африка халықтары Аймақ елдері: Ботсвана, Лесото, Намибия, Свазиленд, Оңтүстік Африка Республикасы.
Тілдік және антропологиялық жіктелуі. Банту (конго, ганфа, зулус, коса, свази, тсвана, теонга және т.б.) және койсан (дамара) халықтары арасындағы бенуэ-конго тілдік топтарының басымдылығы. 1990 ж. дамар тілінің Намибияның ұлттық тілі деп жариялануы және оны кхое-кхое деп атын өзгертуі. Негроидтық, койсан, еуропалық нәсілдер және халықтың аралас топтары. Жергілікті пигмеялардың антропологиялық түрлерінің, щығу тектерінің мәселелері.
Шаруашылығы. Екі негізгі шаруашылық-мәдени түрінің болуы: 1) топырақты кетпенді өңдеу арқылы егіншіліктің кесу-отау тропикалық жүйесі; 2) көшпенді және отарлық-жайылымдық мал шаруашылығы. Негізгі егін шаруашылық дақылдары: сорго, бұршақ тұқымдас, сезам, маниок пен ямо жемістері, просо, арпа, жүгері, күріш, сонымен қатар май пальмасы. Еуропалықтар әкелген плантациялық дақылдар: мақта, кофе, шәй, табак, сезаль және т.б. Жер суландырудың жақсы ұйымдастырылған қоғамдық жүйесінің болуы және жартас жерлердегі террасалық жер шаруашылығын қолдану. Дәнді дақылдарды кезектестіріп отыру техникасы, тыңайтқыштар енгізу және басқа да әдістерді пайдалану.
Күні кешеге дейін саваннада және Замбези өзенінен оңтүстікке қарай шөлейтті жерлерде номад түріндегі мал шаруашылығның таралуы, ал қазіргі кезде отарлық-жайылым түрі. Жергілікті малдардың түрлері. Мал шаруашылығының мәселелері: малдардың жаппай қырылуы, еуропа отарлаушыларының өздерінің малдарына ыңғайлы жайылымдарды тартып алуы, бантуларды ыңғайсыз жерлерге қууы.
Бушмендер мен пигмеялардың негізгі кәсіптері (аңшылық пен терімшілік).
Бантулардың металлургиялық өндірістері мен ұсталық қолөнерінің ерекшеліктері. Халық қолөнерінің басқа да түрлері: тоқымашылық, саздан ыдыс жасау және т.с.с. Үй ыдыстары мен ағаш өнімдерін дайындау өнері.
Материалдық мәдениеті. Тұрғын үй кешені ретінде «крааля» баспана түрлерінің таралуы. Оның ортасына малдарды қамайды, ал жан-жағында тұратын күркелері, ошақтың орындары, шеттеріне тікенді ағаштардан шарбақ жасайды. Баспананың екі түрі: 1) орталық облыстардағы тік төртбұрышты, ортасында екі жақты шатыры бар күркелер; 2) шығыс облыстардағы конус түріндегі шатыры бар дөңгелек күркелер. Бушмендер мен пигмеялардың үйлерінің болмауы. Ер адамдардың қоғамдық жиналыстар үшін тұрғызылатын арнайы үйлері. Тропикалық облыс халықтарының дәстүрлі киімдері (жамбас байламдары, алжапқыштар, матадан, теріден тігілген етектері). Қалалар мен қала жанында тұратындар арасында еуропалық киімдердің таралуы. Дәстүрлі ыдыстары.
Әлеуметтік ұйымдар мен отбасылық қарым-қатынастар. Жер иелігі бар ауыл қауымы – негізгі әлеуметтік бірлік. Әлеуметтік және мүліктік жікке бөлінушілік. Патриархалды қарым-қатынастардың белсенді таралу үрдісі. Әлеуметтік-саяси біріктіру факторы болып табылатын тайпалық ұйымдардың, генеалогиялық байланыстар қағидаларының сақталуы. Готтентоттардың көсемдері мен ақсақалдар кеңесінің әлеуметтік статустары. Халықтардың дәстүрлі өмір формасына тауарлы-ақша қатынастарының, кен өндіру өнеркәсібі дамуының және урбанизациялық үрдістердің ықпалы.
Үлкен патриархалды отбасылардың шағын жеке (моногамды) отбасылармен ауысуы. Аймақ халықтарының көпшілігінде туыстықты әкесі жағынан санаудың сақталуы. Ал тропикалық облыстарда патрилокалды некенің сақталып, анасы жағынан саналуы.
Дәстүрлі діни көзқарастары. Ата-бабаларының аруақтарына сенудің басымдылығы. Ру мен тайпаның тірі көсемдері өмірдің барлық жағдайларында немесе қатерлі кезеңдерде ата-баба аруақтарымен сөйлесетін келістіруші іспетті. Бантулардың аспан құдайы жайлы үшке бөлінетін ұғымдары: 1) әлем мен адамды жаратушы; 2) жаңбыр мен найзағай жіберетін «атмосфералық» құдай; 3) аспанның құбылуы. Бушмендердің мифологиясы мен кәсіптеріне байланысты ырымдары. Пигмеялардың діни-магиялық және тотемистік сенімдері. Еуропа елшілері арқылы христианствоны қабылдаулары.