АФРИКА ХАЛЫҚТАРЫ Жалпы мәліметтер Африканың тарихи-географиялық салалары: Солтүстік Африка – Магриб пен Мысыр елдері; Солтүстік-Шығыс Африка – Эфиопия мен Сомали; Батыс Тропикалық Африка – Батыс Судан мен Гвинея жағалауы елдері; Орталық Тропикалық Африка – Конго бассейні және көрші облыстар; Шығыс Тропикалық Африка - Көл аралығы мен Примор облыстары; Оңтүстік Африка мен Мадагаскар. Еуропа елдерінің Африка елдерін отарлауы. Ұлт-азаттық қозғалыс және тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы.
Антропологиялық құрамы. Үш үлкен нәсілдің болуы – еуропеоидтық, негроидтық және монғолоидтық, сонымен қатар олардың арасындағы аралас нәсіл типтері. Еуропеоидтық нәсілдің жерортатеңіздік топтары халықтары (Сахараны қоса Солтүстік Африканың арабтары мен берберлері). Сомали түбегі мен Эфиопияның ауыспалы эфиопалық нәсілінің халықтары. Сахарадан оңтүстікке қарай Суданда, Нілдің жоғарғы жағында, Конго бассейнінде, Шығыс Тропикалық және Оңтүстік Африкада тұратын негроидты нәсілдің көптеген халықтары. Экваторлы Африканың пигмеялары мен Оңтүстік Африканың бушмендері мен готтентоттары сияқты негрилль мен бушмен нәсіл типтерінің халықтары. Соңғыларында монғолоидтық нәсілге ұқсас антропологиялық белгілердің болуы.
Тілдік семьялар мен топтар. Континентте туысқан немесе туысқан емес түрлі тілдердің болуы. Семит-хамит, нигеро-кордофан, нило-сахар, койсан, австронезия және үндіеуропалық тілдік семьялар. Бүкіл Солтүстік және Солтүстік Шығыс Африканы, жартылай Шығыс және Батыс Тропикалық Африканы семит-хамит семьясының тілінде сөйлейтін халықтар мекендейді (семит-хамит, бербер, кушит және чад топтары). Нигеро-кордофан тілдік семьясының Батыс Африка халықтарымен байланысы: нило-сахар – нилоттармен және Орталық Африканың басқа да халықтарымен; койсан – континенттің оңтүстігіндегі бушмендармен. Соңғы макросемья тілдерінің едәуір көп бөлігінің толықтай немесе жартылық толық жойылып кетуі. Мадагаскар аралының жергілікті халқының тілдік қатыстылығы. Солтүстік Африкада француз, итальян және испан тілдерінің таралуы. Оңтүстік Африкадағы англо-африкан мен бурлардың тілдері.
Халықтың конфессионалды құрамы. Дәстүрлі діндері мен сенімдері. Исламның жақтастары, суннит бағытын ұстанушылар. Христиан-африкан шіркеулері мен секталары.
Этникалық тарихы. Африка континенті адамзаттың бесігі іспеттес, ежелгі адамдардың қалдықтары. Олдавай ерте палеолит мәдениеті. Жоғарғы палеолиттегі қазіргі заманғы африкандық адамның қалыптасуы. Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Африка мен Судандағы неолит ескерткіштері. Ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы алғашқы тұрмыстық өркениеттер. Ежелгі Мысыр өркениеті. Карфаген, Нумидия, Мавритания және басқа да анти дәуіріндегі Африка мемлекеттері. Көне дәуірдегі тайпалар мен халықтардың қоныс аударуы. VII-VIII ғғ. Солтүстік Африканы арабтардың жаулап алуы. XI ғ. көшпенді араб тайпаларының Алдыңғы Азия аймақтарына қоныс аударуы. Жергілікті бербер халықтарының арабтануы.
Оңтүстік Сахарада, Ақ және Көгілдір Ніл мен Эфиопия жағалауларындағы ежелгі дәуірден бері тұратын африкандық тайпалардың этникалық тарихы. Банту тілді және басқа да жергілікті тайпалар. Шамамен 1000 жыл бұрынғы Африка халқының топтарының қалыптасуы. Кейінгі орта ғасыр мен жаңа дәуірдегі мемлекеттердің құрылуы (Гана, Мали, Хауса, Ифе, Эйо, Йоруба, Ашанти, Дагомея, Гонго Ангола және т.б.). Африка өркениеттері мен мемлекеттерінің куйреуі. Еуропа отарлаушыларына қарсы ұлт-азаттық күрестің нәтижесінде халықтарда ұлттардың қалыптасу үрдістері.
Әлеуметтік-экономикалық құрылымы. Түрлі қоғамдық-экономикалық құрылыстардың, таптық құрылымның спецификалық формаларының, саяси құрылымдардың өмір сүру және өзара бір-біріне әсері. Отбасылық-қауымдық, ру-тайпалық, әскери-деспоттық, касталық және басқа да сипаттағы әлеуметтік ұйымдардың дәстүрлі формалары.