Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет9/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Аймақтың қай мемлекеті антропогенез зонасына енеді?

  2. Аймақ халықтарының жетекші шаруашылық-мәдени типі.

  3. Үндіқытай халықтарының ауызша халық шығармашылығының ерекшелігі неде?

  4. Аймақ халықтарының тілдік жіктеу таблицасын құрыңыз.



Шығыс Азия халықтары
Шығыс Азия елдері: Қытай, Жапония, КХДР, Оңтүстік Корея, Монғолия.
Этногенезі және этникалық тарихы: Б.з.д. V мыңжылдықтың аяғы мен IV мыңжылдықтың басындағы бірнеше мәдениеттердің қалыптасу орталығы. Б.з.д. III мыңжылдықтағы Солтүстік Қытайдағы «цинляньган» және «яншао» мәдениеттері. Осы мыңжылдықтардағы Хуанхэ өзенінің төменгі саласындағы бассейні бойында қытай тайпаларының орналасуы. Жапониядағы «дземон» неолитика мәдениеті. Ежелгі қытайлардың этникалық қоғамдарының бірігуі. Б.з.д. XII ғ Шан (Инь) және Чжоу мемлекеттері. Шан дәуірінде, кейіннен көршілес Корея мен Жапонияда иероглиф жазуының пайда болуы. Б.з.д. соңғы ғасырлардағы қытайлардың оңтүстікке, Янцзы өзеніне қарай кеңінен жылжуы. Монғолия даласындағы алтай тілді көшпелілер – сюннулардың этникалық қоғамы. Монғол тілдес сянбилар. Біздің заманымыздың алғашқы мыңжылдығындағы қазіргі заманғы Корея аумағына кәрістердің ата-бабаларының қоныстануы. Корея мен Жапонияның ежелгі мемлекеттері. Біздің заманымыздың III-IV ғғ «шығыс азиаттық халықтарының» дәуірі. Қытайдағы «наньмань» және «лао» этникалық топтары. VII-XII ғғ Шығыс Азияның негізгі халықтарының қалыптасуы. Антропологиялық құрамы. Этнолингвистикалық жіктеу. Қазіргі заманғы этникалық үрдістер.
Шаруашылық-мәдени типтері. ҚХР мон-кхмер халықтарының аңшылары, балықшылары және терімшілері (кава, бэнлун, булан). ҚХР тунгусоманжур халықтарындағы тайга аңшыларының шаруашылық-мәдени типі. Қоңыржай белдеудің терімшілері мен балықшылары (айнылар, жапондықтар, хэчжэ). Кетпенді жер шаруашылығы (тайвань гаошань, хайнань ли, мяо және яо). Жер жырту шаруашылығы (қытайлар, кәрістер, манжүрлер). Биік таулардағы жер жырту шаруашылығы (тибеттер, ну, дулун, ицзу). Монғол, түрік және кейде тунгус-мәнжүрлердің мал шаруашылығы. Үлкен Хиньган ауданындағы бұғы аулау шаруашылығы.
Материалдық мәдениеті. Аймақ халықтарының елді мекендеріндегі ортақтықтар мен ерекшеліктер. Көше жоспарындағы елді мекендер. Су көздері маңына орналасқан елді мекендер. Жинақталған елді мекендер. Хуторлы елді мекендер. Қала типіндегі құрылыстар. Қытай, Корея және Жапонияның барлық зоналарындағы қаңқалы-бағаналы құрылыс үйлері. Қытайдың ағаш үйлері (фанза). Тауларда, тасты немесе құмды жазықтарда ағаш үйлердің болуы. Тұрғын үйдің ішкі жинақылығы мен интерьері. Көшпелі-малшылардың көшпелі үйлері. Аймақ халықтарының дәстүрлі ер және әйел адам киімдері. Қытай, кәріс, жапондардың өсімдік және балық тағамдарының басымдылығы. Монғолия мен Тибет көшпенділерінің тамақтары. Көне дәстүрлі көлік құралдары.
Қоғамдық тұрмысы мен отбасылық ұйымдары. Патриархалды-туысқандық ескіліктің орын алуы. Қытай және кәріс отбасылық топтарында туысқандар арасында үйленуге тыйым салуы (экзогамность). Полигамды некенің қалдықтары. Күні кешеге дейін Тибетте феодалды қоғамдық қарым-қатынастардың және теократиялық басқару формасы қалдықтарының сақталуы. Монғолиядағы көшпенді қауымдар бойынша малшылардың қоғамдық ұйымдары.
Рухани мәдениеті. Аймақ халықтарының халықтың және кәсіби көркем шығармашылығының өзіндік ерекшеліктері. Қытай театрының, балеті мен циркінің өзіндік тұрмысы. Жапониядағы но, кабуки театрларының және гейш би көріністерінің бар болуы. Қытай музыкасы мен музыкалық аспаптарының спецификасы. Тибет фольклорының туындылары. Кейінірек монғол және буряттармен біріккен Гэсер туралы эпопея. Космогоникалық мифтер. Монғол және түрік халықтарының батырлық эпостары. Жазу дәстүрі (ежелгі қытай иероглификасы, жапон иероглифтері, катакан мен хираганның буындық таңбалары, түрік руникалық хаттары және ұйғыр әліпбиі).
Діни сенімдері. Қытай мен Кореяда буддизм мен конфуцизмнің кеңінен таралуы. Даосизм. Тибет пен Монғолиядағы ламаизм. Жапониядағы буддизм және тұрмыстық синтоизм. Қытай дұнғандарының (хуэй) арасындағы ислам. Ежелгі халық сенімдері – шаманизм және т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет