Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет17/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Америка континентіндегі алғашқы қоныстанушылардың пайда болу уақытын анықтаңыз.

  2. Америка континентіндегі түрлі экологиялық ортаға адамдардың үйренісуі қалай қалыптасты?

  3. Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың жергілікті халықтарының орналасу схемасын жасаңыз.



Солтүстік Америка халықтары
Аймақтың елдері: АҚШ пен Канада, сонымен қатар Атлант мұхитында орналасқан Бермуд, Сен-Пьер және Микелон аралдары.
Көне мәдениеті. Могольон (б.з.д III ғ.-XIVғ.), хохокам (I-XIV ғғ.) және анасази (III-XV ғғ.) жер шаруашылығы мәдениеттері. Анасази мәдениеті тарихындағы екі кезең: «дамыған пуэбло» (VII-X ғғ.) «ұлы пуэбло» (X-XII ғғ.). Отарланған кезеңге дейінгі аймақтағы үндіс халқының этникалық тарихындағы көптеген шешілмеген мәселелер.
Жергілікті этностардың өмір сүруінің дәстүрлі жүйесі. Солтүстік Америка аймағында жеті шаруашылық-мәдени типтері қызмет етті: теңіз балықшылары және арктика жағалауындағы жабайы құстарды аулаушылар; Солтүстік Канаданың тайга аңшылары мен балықшылары; отырықшы балықшылар, теңіз аңшылары, моллюскаларды, жабайы өсімдіктерді, солтүстік-батыс жағалаудағы жемістерді жинаушылар, Флориданың оңтүстігіндегі тайпалар Калифорнияның және Ұлы көлдер ауданының дәнді-дақыл жинаушылары, аңшылары және балықшылары; батыстағы орманның жабайы құстарын аулаушылар және жер игерушілер; оңтүстік-батыстың жасанды суландыруды пайдаланатын жер игерушілер; даланың жылқы өсірушілері мен аңшылары.
Солтүстік Американың арктикалық облысы (эскимостар мен алеуттер). Эскимостардың мамандандырылған ХКТ: балық шаруашылығы және теңіз аңдарына және бұғыларға аңшылық жасау, сонымен қатар басқа да құрлық аңдарының терілерін өндіру. Орналасуы, баспаналары, қоректенуі. Үлкен отбасылық қауым. Діни сенімдері.
Солтүстік Американың солтүстік-батыс (тынық мұхиттық) жағалауы (тленкиттер, хайда, квакиютли, нутка, сэлиш). Аңшылық, балықшылық және терімшілік. Еңбек құралдары. Қол өнеркәсібі. Дәстүрлі қоғамдық, отбасылық және әлеуметтік қарым-қатынастар.
Калифорния (хока, ленуттер, алгонкиндер, шошондар, атапаскалар, лутуами және юки). Шаруашылықта мамандандырылған терімшіліктің басым келуі. Өсімдіктерді қайта өңдеудің технологиялық үрдістері. Қақпан, садақ және жебелерді қолданумен аңшылық жасау. Тұрғын үйлері. Қоғамдық үйлер. Киім ерекшеліктері. Қатынас құралдары. Тайпалық ұйымдар.
Шығыстағы орман облыстары (делаварлар, могикандар, ирокиздер, мускоктар, спу). Шаруашылықта кесу-отау жер шаруашылығының, терімшіліктің, аңшылықпен балық аулаудың үйлесім табуы. Үлкен үйлер. Шағын өлшемдегі шаршылық немесе тік төртбұрышты пішіндегі қаңқа түріндегі құрылыстар. Киім, бас киім, аяқ киім. Тоқымашылық және қыш-құмыра бұйымдары. Анасы жағынан саналатын туысқандық топтар қауымдастығы (овачерлер). Діни сенімдері. Мифтер, аңыздар, ертегілер.
Далалық облыстар (дакота, ассинобойн, айоба, омаха, алгонкиндер). Бизондарды аулау. Терімшіліктің қосымша рөлі. Жылқы өсірушілік. Елді мекендердің патриокалды түрлері. Мүліктік жіктеу. Әскери тайпалық ұйымдар. Еуропалық отарлаушылардың жылжуы, бағынбаған тайпаларды қолдану.
АҚШ-тың Оңтүстік-батысы және Мексиканың Солтүстігі (пима, папаго, навахи, хопи). Суландыру жер шаруалышығы, терімшілік және аңшылық. Еңбек құралдары. Кешенді архитектуралық құрылыстар (пуэбло). Тоқымашылық. Қоғамдық және тайпалық қарым-қатынастар. Діни сенімдері. Мейрамдары және ойын-сауықтары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет