Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар



бет18/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Аймақтың жергілікті халықтарын зерттеген ғалымдарды атаңыз.

  2. Солтүстік Америкада неше шаруашылық-мәдени типтері бар?

  3. Аймақ халықтарының дәстүрлі мәдениетінің мәні неде?



Мезоамерика (Орталық Америка) халықтары
Аймақтың территориясы мен елдері. Орталық Америка: Белиз, Гватемала, Гондурас, Коста-Рика, Мексика, Никарагуа, Панама, Сальвадор. Вест-Индия: Антигуа, Антиль аралдары, Багам аралдары, Барбадос, Виргин аралдары, Гаити, Гваделупа, Гренада, Доминика, Куба, Мартиника. Монтеррат, Кайман аралдары, Пуэрто-Рико, Сент-Винсент және Гренадина, Сент-Люсия. Теркс және Кайкос аралдары, Тринидад және Тобаго.
Ежелгі өркениеттің мәдениеті. Б.з.д. I мыңжылдықтың соңы мен б.з. I мыңжылдықта Мексика аумағындағы ольмектер, теотихуакандар және сапотектар өркениеттерінің гүлденуі. Теотихуакан мегаполисі Күннің, Айдың биік пирамидаларымен, қабырғаларында жазулары бар шіркеулерімен, басқарушылар мен атақты адамдардың сарайларымен, төселген көшелерімен, саз балшықтан жасалған үйлері бар кварталдарымен айрықшаланады. Мексиканың оңтүстігінде, Оахаки алқабындағы сапотектардың тамаша құрылыстары.
Төлтек мәдениеті. I-IX ғғ. үлкен қалалар мен мен алып пирамидалардың құрылысы. Жазудың, дамыған математика мен нақты күнтізбенің болуы. Керемет барельефтармен, фоескалармен безендірілген Толландағы пирамидалар мен сарайлар. Төлтек мәдениетінің майя мен ацтектердің өнеріне ықпалы.
Майя мәдениеті. II-IX ғғ. қазіргі заманғы Оңтүстік Мексика мен Гватемаланың аумағында майя мәдениетінің гүлденуі. Мыңдаған халықтары бар қалалардың пайда болуы. Майяның қала-мемлекеттері, олардың ішіндегі ең ірісінің халқы 120 мың адамға жетті. Майяпан, Чичен-ица және т.б. шаруашылығы егіншілікке негізделді. Басқарушыларға, әскерлер мен абыздарға арналған қалалар. Өте биік баспалдақты пирамидалар түріндегі, жоғарғы абыздардың порттері ілінген хромды құрылыстар. Мүсіншіліктің жоғарғы деңгейі. Ғимараттың қабырғаларын безендірген оның тамаша бейнелері, сонымен қатар портреттік мүсіндер. Күйдірілген сары саздан жасалған бейнелер. Әшекейленген және фигуралы керамикалық бұйымдар. Майя күнтізбесі және оның математикалық есебі. Майяның иероглифтік жазуы, оның бейнесі майя аумағындағы барлық ескерткіштерде кездеседі. Майя хаттарын жай жазуға айналдыруы. Қолөнердің дамуы, алтын өңдеу және тастардан ойып жасау. Сауда.
Ацтек мәдениеті. Орталық Мексика – Колумбияға дейінгі Американың ұлы өркениеттерінің бірі – ацтек мәдениетінің бесігі, ол неғұрлым үнді халқының шоғырланған зонасы. Юто-ацтек тілдік семьясына қатыстылығы (нахуталь, каро-уичоль, кахито-тараумара, пима-тепехуана). Кейіннен мықты мемлекет құрған ацтектердің солтүстік-батыстан Мехикоға XIII ғ. басып кіруі. Ұлы Теночтитлан астанасының негізі. Оның негізі туралы аңыз. Ацтектердің шаруашылығының негізі – суландырылған алқаптарда маис өндіру, басқа да өсімдіктерді өсіру. Аңшылық пен балық аулаушылықтың болуы. Тас өңдеу. Зергерлік өнер. Тоқымашылық. Тұрғын үйлері. Киімдері мен әшекей бұйымдары. Тамағы мен үй аспаптары. Сауда. Қоғамдық және әлеуметтік қарым-қатынастар. 260 күнді күнтізбеден тұратын ацтектердің діни кітабы. Кітаптың жолдарында көрсетілген белгілі бір күндерде сәттілік пен табысты болжау үшін қолданылған. Діни соғыс. Тұтқындарды ұстау және құрбандық әкелу. Үлкен отбасылық топ. Дін және рәсімдер. Өлгеннен кейінгі өмірге сену.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет