Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі



бет23/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Рухани мәдениеті. Халық көркем шығармашылығы және фольклор. Халық музыкалық және би шығармашылығы. Музыкалық аспаптары. Пляскалары мен билері.
Діндері мен сенімдерінің ерекшеліктері. Православтық христиан діні, католицизм және униатство. Көне рәсімділік және сектантсво. Христиан дініне дейінгі архаикалық ырымдар элементтері.


Қиыншылық туғызатын сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Ежелгі орыс халқының негізгі компоненттерін атаңыз.

  2. Шығыс славяндарының шаруашылық-мәдени түрінен бөлінетін өлшемдер қандай?

  3. Шығыс славяндарының субэтникалық топтарына сипаттама беріңіз.

  4. Шығыс славяндарының халық шығармашылығының негізгі компоненттерін көрсетіп кесте құрыңыз.



Шығыс Еуропаның славяндық емес халықтары
Волга-Камья халықтары: Орта Поволжье мен Орал өңіріндегі түркі тілдес халықтар: казан татарлары, чуваштар, башқұрттар; Поволжьенің фин тілдес халықтары: мордва, удмурттер (бұрынғы – вотяктар), мариялықтар (бұрынғы – черемистер). Лингвистикалық қатынаста – алғашқы үш этнос алтай тілді семьясының түркі тобына жатады; соңғы үшеуі – орал тілді семьясының фин тілдес тобына жатады. Халықтың антропологиялық тобы: аймақтың түркі тілдес халықтарындағы еурепоидтық-монғолоидтық ерекшеліктер және фин тілдес еуропеоидты халықтар.
Этногенезі мен этникалық тарихы. Фин тілдес тау тайпалары. II мыңжылдықта фин тілдес тайпалардың Прикамья ауданынан Балтық теңізінің батысы мен Коль түбегіне қарай таралуы. Б.з. I мыңжылдығында қазіргі заманғы фин тілді халықтар – поволжье және балтық финдерінің қалыптаса бастауы.
Б.з. I мыңжылдығында Волганың сол жағалауындағы тайпалар негізінде удмурт халқының қалыптасуы. Волга өзені аралығындағы мария тайпасының қалыптасуы. Б.з. I мыңжылдықтың бірінші жартысындағы ветлугтардың оңтүстік пен шығысқа жылжуы. Мариялықтардың үш тобы – Волганың оң жағалауында тұратын гондар; Волганың сол жағалауында орналасқан луговойлар; XVII-XVIII ғғ. башкирия мен Орал өңіріне қоныс аударған шығыстықтар. Жаңа дәуірдің басындағы Ока, Мокши, Цны, Сур өзендері жанындағы мордва тайпаларының этногенезі. Мордвалардың мокшу және эрзя болып бөлінуі. Ресей құрамына енгеннен кейінгі мордвалардың Волга өңіріне таман жылжуы.
Поволжьедегі түркі тілдес халықтардың этногенезіндегі мәселелер. Б.з. I мыңжылдығынан бастап түркі тайпаларының Орта Поволжьеге енуі. VII-VIII ғғ. аймаққа булгарлардың жылжуы. Х ғ. Волжск-Булгария мемлекетінің құрылуы, оның чуваштар, казан татарлары мен башқұрттардың қалыптасуындағы рөлі. Аталған халықтардың этногенезіндегі басқа да ортағасырлық түркі халықтардың (суварлар, ноғайлар, қыпшақтар және т.б.) қатысуы. Монғол-татар шапқыншылығы кезеңі. Алтын Орда және Қазақ хандығы. Ресей феодалды мемлекеті шегінде аталған этностар мен халықтардың топтасуы.
Чуваштардың екі топқа бөлінуі – вирьялдар (жоғарғы) және анатрилер (төменгі). «Татар» этнонимінің шығу тегі. Қазан революциясынан кейінгі ұлттық автономия.
Шаруашылығы. Егін және мал шаруашылығының жетекші мәні. XIX ғ. егін шаруашылығындағы үш танапты жүйенің басымдылығы. Егістік және басқа да ауыл шаруашылығы еңбек құралдары. Башқұрт малшылары – көшпенділер және жартылай көшпенділер. Аңшылықтың, балық аулаудың және ормандағы ара шаруашылығының көмекшілік мәні. Қолөнер және жалданып жұмыс істеу кәсіптері. Кеңес дәуіріндегі Поволжье мен Орал өңірі халықтарының шаруашылық өміріндегі өзгерістер.
Материалдық мәдениеті. Туысқан отбасылардың бірге тұру әдеттері. Ағаштардың ұялы және көше тәріздес орналасуы. Көптеген этностарда екі бөлікті немесе үш бөлікті ағаштан кесіліп жасалатын үйлердің басымдылығы, ал башқұрттарда өрілген қыртысты және тас үйлердің, сонымен қатар монғол, түрік киіз үйлердің кездесуі. Удмурт, мариялық, мордва және чуваштар үйлерінің ішкі жоспары мен жинақылығының ұқсастығы. Татар мен башқұрттардың үйлеріндегі ұқсастықтар. Киімнің, бас киімнің және әйелдер әшекейлерінің дәстүрлі кешендері. Тамағы мен аспаптары.
Қоғамдық және отбасылық тұрмыстары. Қоғамдық тұрмыста көршілес қауымдастықтың үстемдігі. Шаруа отбасыларының құрамына енген өмірдің барлық жағының үстінен әлеуметтік бақылау. Башқұрт халқының құрамындағы ру-тайпалық ерекшеліктер.
Шаруа отбасылары түрлері: үлкен бөлінбейтін отбасы және шағын отбасы. Отбасы құрамы, балалар және ішкі отбасылық қарым-қатынастар. Татарлар мен башқұрттардағы қалың мал мен жасау берудің болуы. Кеңес дәуіріндегі отбасылық-некелік қарым-қатынастардағы өзгерістер.
Рухани мәдениеті. Фольклордың, халық әндері мен билерінің, қолданбалы өнердің, әсіресе, кесте, ағаштан ою өнері, тоқымашылықтың байлығы. Жергілікті тілдердегі жазудың дамуы.
Христианство (православия) мен исламның басымдылығы. Аймақтағы мұсылмандықтың ежелгі дәстүрлері. Көне рәсімдер, сенімдері мен түсініктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет