Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру графигі


Этногенезі мен этникалық тарихы



бет30/51
Дата31.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#46559
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
УМКД ЭТНОЛОГИЯ каз

Этногенезі мен этникалық тарихы. Археологиялық, антропологиялық, этнологиялық және фольклордың, лингвистиканың және жазба дереккөздер мәліметтері. Палеолит, мезолит, неолит дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдар. Андронов мәдениеті тайпалары. Ерте темір дәуіріндегі тайпалық одақтар. Сақтар мен сарматтар. Қазақстан аумағындағы көне мемлекеттер: ғұндар, үйсіндер және қаңлылар.
Қазақстан орта ғасырда: түріктер, түргештер, қарлұқтар, оғыздар, қимақтар, қараханидтер, наймандар, қарақытайлар және қыпшақтар. Жалпы түркі, кейіннен қыпшақ тілінің және аралас еуропеоидты-монғолоидты антропологиялық тип тілдерінің бекітілуі. Монғол шапқыншылығынан кейінгі, Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолстан және Әбілхаир хандығы дәуірлеріндегі қазақ халқының қалыптасуының негізгі этаптары мен этникалық компоненттері.
Қазақ хандығының құрылуы (XV ғ.) және қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Қазақ жүздері мен ру-тайпалық топтарының шығу тегі, құрамы туралы ғылыми айтыс-тартыстар. Ұлы, Орта және Кіші жүздердің аумақтары және тайпалық құрамы. Ру таңбалары мен ұрандары. Қазақ халқының этникалық құрамы, орналасу географиясы және саны.
Шаруашылық-мәдени түрлері: қола дәуіріндегі отарлық мал шаруашылығы және егін шаруашылығы. Арид аймағындағы көшпенді мал шаруашылығының пайда болуы (б.з.д. II-I мыңжылдықтар). Ерте көшпенділер дәуіріндегі классикалық номадизмнің қалыптасуы. Қазақстан аумағында қалыптасқан егін шаруашылығының негізгі жүйесі.
XVIII-XX ғғ. басындағы дәстүрлі қазақ шаруашылығының құрылымы.
Көшпенді шаруашылық. Көшпенді шаруашылықтың типологиясы: көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы. Көшпенді шаруашылықтың ұйымдастырылуы. Көшудің негізгі түрлері: меридионалды, радиалды, вертикалды, ендікті. Отарлық мал шаруашылығының техникалары мен әдістері. Мал шаруашылығының отырықшылық түрі. Малдарды мал қорада ұстау және жартылай жайылымда ұстап бағу түрлері. Малдарға арналған шаруашылық құрылыстарының түрлері. Үй жануарларының негізгі түрлері және оларды көбейту. Ресей патшалық саясатының қазақтардың мал шаруашылығы жағдайына әсері. Халық ветеринариясы. Мал шаруашылығына байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар.
Егін шаруашылығы. Әр түрлі шаруашылықтағы егіншіліктің меншікті салмағы. Егін шаруашылығының сипаты. Богарлы және суландырылатын егін шаруашылығы. Жерді пайдаланудың түрлері мен синтездері. Егін шаруашылығындағы еңбекті ұйымдастыру. Жер игеру құралдары. Суландыру әдістері: суландыру құрылғыларын орнату және эксплуатациялау. Егінді жинау, ору, бидайды сақтау әдіс-тәсілдері. Бақша өсіру шаруашылығы. Жер игеру жұмыстарының халық күнтізбесі. Егін шаруашылығына байланысты ырымдар, рәсімдер мен мейрамдар.
Аңшылық. Аңшылықтың түрлері мен әдіс-тәсілдері: аң аулағыш құстармен, қабаған иттермен (тазы), қапқандармен, тұзақтармен. Кәсіпқойлық және әуесқойлық аңшылық. Аңшылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен ырымдар. Балық аулаушылық және артта қалған кәсіптер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет