Бұлардың көп клеткалы мицелийлері бар. Конидий арқылы көбейеді жынысты жолмен көбейгенде аскоспоралар түзеді. Бұл кластың 20 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың көпшілігі мәдени өсімдіктерді және түрлі тағамдарды бүлдіреді. Кейбір аскомицеттер техникалық мақсатта қолданылады.
Аскомицеттерге аспергиллус, пенициллум, склеротиния т. б. жатады.
Аспергиллус (қара зең). Жануар және өсімдік тектес тағамдарды бүлдіреді. Аспергиллустың кейбір түрлері лимон қышқылы, ферменттерді алуда, спирт өндіруде солод ретінде қолданылады. Солод деп өндірілген дәндерді айтады. Әсіресе ол сыра кайнатуда жиі қолданылады.
Аспергиллус (қара зең). Жануар және өсімдік тектес тағамдарды бүлдіреді. Аспергиллустың кейбір түрлері лимон қышқылы, ферменттерді алуда, спирт өндіруде солод ретінде қолданылады. Солод деп өндірілген дәндерді айтады. Әсіресе ол сыра кайнатуда жиі қолданылады.
Пенициллум (к ө к-ж а с ы л з е ң). Конидииспоралары қолдың саусағындай тарамдалып келген. Ол көптеген тағамдық заттарды бүлдіреді. Үйлердің ылғал тартқан қабырғаларынан да бұларды көп кездестіруге болады.
Пенициллумнің кейбір түрлері пенициллин деп аталатын антибиотикті алу үшін қолданылады. Басқа бір түрі сүттен ірімшіктің (сыр) рокфор деп аталатын түрін даярлағанда пайдаланылады.
Склеротиния — ақ түсті шіріктің жеміс және көкөністерде кездесуі осы склеротинияға байланысты. Мұның мицелийі зақымдаған затына еніп, онда ақ түсті мақта тәрізденген шоғыр дене түзеді.
Базидиомицеттер
Өте үлкен класс. Базидиомицеттердің көп клеткалы мицелийлері бар. Олар базидиоспоралар арқылы жынысты жолмен, конидийлер арқылы жыныссыз жолмен көбейеді. Оған 20 мыңнан астам саңырауқұлақтардың түрлері біріктіріледі. Оларға қалпақты саңырауқүлақтар, үй саңырауқұлағы, трутовиктер, кара күйе және тат саңырауқұлақтары жатады.Қалпақты саңырауқұлақтардың қалпағының астыңғы жағында ұсақ, жұқа қатпарлары немесе түтікшелері бар. Осы қатпарлардың бетінде немесе түтікшелердің ішінде базидийлер орналасады. Қалпақты сақырауқұлақтардың ішінде улы түрлері де бар (мухамор, сұр поганка т. б.). Қалпақты саңырауқұлақтардың мицелийі топырақта дамиды да өсімдіктердің тамыр системасына еніп кетеді.