32 Мектеп жасындағы дене шынықтыруды жоспарлау мен бақылау. Оқыту жүйесінің өзі психология мен физиологияның белгілі заңдарымен жүреді. Біздің еліміздегі дене тәрбиесі жүйесінің методологиялық оқытып үйрету негіздеріне ілімдік таным жатады. Барлық танымдық жүйенің негізі іс-тәжірибе (практика) болып табылады. Танымның бастапқы сатысы бәрінен бұрын сезім мүшелерінің қызметімен байланысты. Әлемдегі қазіргі заманғы мәліметтердегі адамның үйлесімді болмысты сезіммен көрсетуінде тек қана сыртқы сезім мүшелері ғана емес, сонымен бірге сезім мүшелері аппаратынан келетін буын-бұлшық ет сезіну және түйсінуі де қатысады.
И.М.Сеченовтың еңбегінде бұлшық ет қозғалысы сезінуі заттардың арасындағы кеңістіктік қатынастарды қабылдауда және оны қысқа уақыт аралығында бағалай білуде үлкен рөл ойнайды. Сеченовтың ілімі бойынша бұлшық ет сезінуі "өлшегіш немесе кеңістік пен уақытты бөлшектік талдау жасағыш" болып табылады.
33 Мектеп жасындағы балалар дене шынықтыруының әлеуметтік-педагогикалық маңызы,бағыты мен міндеттері. Іс-тәжірибелік жұмыста кез келетін педагогикалық жағдайлар қайта-қайта өзгеріске үшырап жататындығы белгілі. Осындай кездерде болашақ маманнан қойылып отырған мәселені шешу жолында қалыптасқан шешімдерді дәл білуді қажет етіп қана қоймай, жаңа әдістерді тұрақты іздестіруді талап етеді. Одан бөтен де педагогикалық міндеттерді шешуде мұғалімнің тапқан жаңа әдістері өзге мұғалімдердің де игілігіне айналуы, ол үшін алынған нәтижелер талдаудан өткізіліп, есепке алынуы қажет. Осы талаптар мына жағдайларда ғана жүзеге асуы мүмкін:
- егер мұғалім дене тәрбиесінің педагогикалық ізденістерінің зерттеулерді жүргізу алдында болатын дайындық жұмыс жүйелерімен таныс болған жағдайларда;
- сұрыптау, өңдеу, талдау және педагогикалық зерттеу жүргізу жүйесімен қаруланған болса ғана зерттеу жұмыстары іске аспақ.
Зерттеу жұмыстарының дайындығы педагогикалық іс-тәжірибе және әдебиетке сүйене отырып талдау негізінде тақырыпты тандап алудан, болжам жасаудан, ізденістер жоспарын жасаудан, зерттелетін нәрсені іріктеуден, ізденіс әдісін таңцаудан, қажетті материалдық жағдайларды және нәтижені есепке алатын құжаттарды жасай білетіндігінен құралады. Зерттеуді жүргізу алға қойылған міндеттерді шешетін әдіс есебінде таңдап алынған әдістерді тиімді түрде қолданудан тұрады.