27 Дене сапалары туралы түсінік: олардың негізгі түрлері мен адамның дене дамуындағы мәні мен рөлі. Адамның қозғалыс әрекетінде сапалық қасиеттері – күш-қуат, жылдамдық,ептілік, төзімділік,икемділік маңызды орын алады.Дененің сапалық қасиеттері біріккен, байланысттырылып, ұйымдастырылған жаттығулар арқылы іске асады.
Күш – қуат – ол адамның бұлшық еттері немесе бұлшық ет топтарын ширақтыру арқылы қозғалыс әрекеті барысында қалыптастырылады. Күш –қуат бір түрлі қимылдарда немесе күш жұмсалғанда пайда болады.Күштің пайда болуына себепші көмек тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру,апару не тартылу, белгілі ауыр заттарды көтеру, апару не лақтыру, бір орынан ұзындыққа секіру және т.б жатады. Дененің сапалық қасиеті – күш-қуатты дамытуға әр түрлі салмақтағы заттарды көтеру, қарсыласының шабулына қарсы шыға білу жаттығулары , дененің өз салмағы жеңетін жаттығулары созылмалы заттар,резеңке экспандерлер, күрес элементі бар жаттығулары, допты лақтыру және итеру жаттығулары қолданылады.
28 Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұны, олардың міндеттері мен мазмұнына қарай топтастырылуы. Материалдық байланысқа әр түрлі сабақ өткізілетін ғимараттар, арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғылар, қаржыландыру, адамдардың дене шынықтыру даярлығын жетілдіру деңгейі (олардың спорттағы жетістіктерін қоса) жатады; рухани байлыққа — әлеуметтік-саяси, арнайы ғылыми және іс тәжірибе жетістіктері жатады.
Бұл бағалы дүниелердің құрылуы және үздіксіз дамуы қоғамның экономикалық және саяси жағдайына тәуелді. Барлық материалдық және рухани құндылыктар тек дене мәдениеті ауқымында қоғамның қызметінің нәтижесі жайлы пікір айтуға жәрдемдесетін тек мәдениет дәстүрлерін ғана құрамайды, сонымен бірге олардың пайдаланылуына жағдай жасайды, атап айтқанда, одан әрі толықтырады. Құндылық қорына ғылым мен іс-тәжірибенің нәтижесінде жасалған дүниенің барлығы кіре бермейді, тек шын мәнінде денені шынықтыруды жетілдіруге қызмет ететіндері ғана енеді. Материалдық және рухани байлық (құндылық) адамдардың өндірістік, қоғамдық, ғылыми және педагогикалық қызметіндегі өз ортасында жүзеге асады.