9.Жеке тұлғаны бағытты калыптастырудың факторлары мен шарттары.
Балаларды қолданбалы сипаттағы әр түрлі жаттығуларға үйретуде маңызды рөл атқарады. Балалармен әр түрлі ойын түрлерін ұйымдастыру - қимыл-қозғалыс түрлерін дамытады. Жоғарыда аталғандардың барлығы балалардың дене шынықтырууы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады.
Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету.
Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын «күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық» дамыту.
10. Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері
Сабақты құру үлгісінің жалпы ерекшеліктері және әр түрлілігі.Дене жаттығулары сабағы дене тәрбиесі жүйесінің бөлігі болып саналады, яғни оларда іс жүзінде құралдары мен әдістері пайдаланьшады, сонымен бірге соңғы нәтижеде оның міндеттерінің негізін құрайтын дене тәрбиесінің принциптері жүзеге асады. Дене жаттығуларымен шұғылдану барынша әр түрлі - серуендеу, таңертеңгілік дене шынықтыру, спорттық сайыстар, суға шомылу, туристік жорықтар, дене тәрбиесі сабақтары және т.б. Дегенмен, олардың барлығында кейбір сәйкес жалпы заңдылықтары бар. Бұл заңдылықтарды білу әрбір жекелеген жағдайда жете түсініп, барынша тиімділікпен дене жаттығуларының шұғылданушылардың ағзасына әсер етуін іске асыруға жағдай жасайды.
11. Дене жаттығулары дене шынықтырудың ең негізгі ерекше құралы.
Дене жаттығулары дене тәрбиесінің құралы ретінде шұғылданушылардың белсенді қозғалыс әрекетін қамтамасыз етеді. Дене жаттығуларының сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызметтер жиынтығынан көрінеді: жетілдіруге талаптану, оған жетуге деген әрекеттің мақсаты мен құралдары туралы мағлұматы, берілген жаттығуды орындауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы және т.б.
Дене жаттығуларын дұрыс орындауға қоршаған орта жағдайының әсері және оған бағдар алу, қозғалу мағлұматының, ойлау жұмыс қабілетінің, толқу сезімінің және т.б. болуы әсер етеді. Дене жаттығулары адамның психикалық қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік жасап, оның ойлау (зерде, сана) қызметін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |