18 Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, терендете үйрету, бекіту (пысықтау) және жетілдіру
Қозғалыс әрекетіне үйрету, оқытып үйрету жүйесінде адам денесінің бір бөліктеріндегі қозғалысты басқару сипатын өзгертеді. Нәтижесінде қозғалыс әрекетін меңгеру деңгейі артады. орындау үшін шектеулі мүмкіндікті меңгеріп (қозғалыс біліктілігін), шексіз келешектік жетілдіру мүмкіндігіне ие болады (қозғала білудің жоғарғы тәртібі). Қозғалыс әрекетін меңгерудің үш деңгейге бөлінуі шартты болып табылып, тұрақты бөліну шекарасы болмайды, бірақ білім беру міндетін анықтау үшін аса пайдалы.
Қозғалыс әрекетін меңгеру жүйесі алдын ала алған білім мен бұрын жинақтаған тәжірибеге сүйенетін қозғала білуді қалыптастырудан басталады. Қозғала білу бүл үйретілетін қозғалыс әрекеті кіретін оқушының әрбір қимылға ықыласпен назар салу жағдайында қозғалыс әрекетін орындау қабілеті (қозғалыс міндетін шешу).
19 Дене сапаларын тәрбиелеудегі негізгі заңдылықтар
Дене сапалары дегеніміз адамның қозғалыс мүмкіндігін анықтайтын ағзаның қызмет ету жүйесі болып саналады. Дене сапаларын негізгі бес салаларға айырмалаймыз: күш, шапшаңдық, төзімділік, иілгіштік, әбжілдік.
20 Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жасқа байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-әрекетке дайындық шарттарының заңдылықтары арқылы айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі жас – бала дүниеге келгеннен мектеп партасына отырғанға дейінгі, яғни адамның жеке тұлға болып қалыптасуының және жас бала ағзасы дамуының ең маңызды кезеңі. Бұл кезеңде балалардың ағзасы тез өсіп, дамиды, дегенмен оның сыртқы ортаның қолайсыз ауа-райына, (климатына) төзімділігі әлі төмен болғандықтан тез ауырып қалады. Сондықтан, жоспардың бірінші күн тәртібіне денсаулыққа қамқорлық қойылады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде қозғалысқа деген қажеттілік ерекше зор. Жақсы жоспарланып ұйымдастырылған қозғалыс режімі (күн тәртібі) баланың сезіну аясы мен көңіл-күйіне, жалпы барлық өмір сүру қызметіне оңды әсерін тигізеді. Біртіндеп негізгі өмірге қажетті қозғалыстар қалыптасады, өзара байланыс және қарым-қатынас ауқымы кеңейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |